Мал басының санын анықтауда Статистика агенттігінің келтірген мәліметтері шындыққа жанаса ма?

Мал басының санын анықтауда Статистика агенттігінің келтірген мәліметтері шындыққа жанаса ма?

Естеріңізде болса, өткен аптада Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында депутаттар Статистика агенттігінің мәліметтеріне күмән көп екенін айтып, агенттіктің төрағасына ресми мәліметтердің шынайы өмірмен сәйкесуі қажеттігін ескерткен болатын. Соның ішінде халық қалаулылары мал статистикасының шындыққа жанаспайтынын жасырмады. Дерекке сенсек, жеке қоралардағы саны көбейген де, ірі және ұсақ мал шаруашылығындағы мал басы кеміген. Алайда Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов өзінің ұсынып отырған мәліметтерін «дұрыс» деуден танбады. Кімге сенеміз? Оны жұрттың өз қалауына қалдырып, екі түрлі пікірді таразының қос табағына қоюды жөн көрдік.

alixan-smailov-1

Әлихан СМАЙЫЛОВ, Статистика агенттігінің төрағасы:

Иә
– Мал басы санын түгендеу үшін біз 2007 жылы ауылшаруашылық санағын өткізгенбіз. Сонда төрт түлік малдың, сонымен қатар үй шаруашылығы құстарының санын нақтылап шықтық. Мал басын есептеу малы бар шаруашылықтардың бәрінде болатын үй шаруашылығы кітапшасы арқылы жүреді. Мал басының нақты санын шығару мен шынайы ақпаратқа қол жеткізу үшін қолданыстағы заңға арнайы нормативтер де енгіздік. Заңға сәйкес алынған мәліметтердің шынайылығына, сапасына жергілікті жердің әкімі жауапты болады. Егер де сол әкімге қарайтын ауылдағы, аудандағы, облыстағы мал санына байланысты деректер шындыққа жанаспаса, өтірік болса, мал санын ойдан көбейтіп, қосып жіберсе, заң бойынша ол әкімді әкімшілік жауапкершілікке тартуға дейін барамыз.

Жергілікті әкімдерден біз мал басының санын анықтау үшін үй шаруашылығы кітапшасы негізінде жылына екі рет статистикалық мәлімет алып отырамыз. Қаңтар және шілде айларының 1-інде сол мәліметтерді саралап, тексеріс жүргіземіз. Осындай әдіспен бір жылда еліміздегі ауылдардың он пайызын тексеріп үлгереміз. Өйткені бір жылдың ішінде тұтастай бүкіл ауылды тексеріп шығу мүмкін емес. Келесі жылы тағы он пайызын тексереміз дегендей. Бұған 7-10 жылда келетін санақты қосыңыз. Бұл аз десеңіз, әр жыл сайын ірілі-ұсақты шаруашылықтар бізге статистикалық нысандарын тапсырып отырады.

Санақтың бұл жүйесін әрі қарай тағы да дамыта түссек демекпіз. Жүйенің электронды түрін енгізу ойымызда бар. Бүгінгі таңда интеграцияланған статистикалық жүйені құрастырып жатырмыз. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үстіндеміз. Соның шеңберінде саll-орталық ұйымдастырсақ дейміз. Ол Астанада орналаспақ. Сол саll-орталықтан біздің статистиктер телефон арқылы сараптамалық зерттеу жүргізеді. Яғни ірі және ұсақ шаруашылықтарға хабарласып, мал саны, еккен егіндерінің түсімі жайында мәліметтер жинайды. Сол мәліметтерді өңдеп, талдап, деректер базасына енгіземіз. Мұндай әдіс халықаралық тәжірибеде бар. Бұл да бізге мал басының саны бойынша нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді, қосымша ақпарат көзі болады. Ал негізгі ақпараттың қайнар көзі жоғарыда айтқан үй шаруашылығы кітапшасы болмақ. Осылардан соң біздің статистикалық мәліметтер шындыққа жанасады деп сенімді түрде айта аламын. Ал статистика жүйесін әлі де дамыта түспекпіз.

ualihan-kaisarov-1

Уәлихан Қайсар, саясаткер:

Жоқ
– Статистика агенттігінің «елімізде мал басының саны артты» деген мәліметіне сенбеймін. Осыдан бір апта бұрын ғана Астанадан ет таба алмай қалдық қой. Базарларда сатылатын ет күрт азайып кетті. Кейбір жерлерде ет болмай қалды десек те болады. Бұл – бір. Екіншіден, соңғы алты айдың ішінде еттің бағасы кемінде 30 пайызға қымбаттады. Мысалы, былтыр сиыр етінің бағасы 450 теңге болатын. Ал қазір 830-850 теңгеге жетті. Жылқы еті 1100-1200 теңгеге көтерілді. Ал осыдан бір жыл бұрын жылқының етін 800 теңгеге сатып алуға болатын еді. Қазір ет алатын болсаң, салмағы ауыр тартсын деп еттің арасына сүйек тығып жіберетін болыпты. Еттің бағасы көтерілді дегеніміз – ауылда малдың саны азайып кетті деген сөз.

Егер малдың саны көбейген болса, нарықта ұсыныс көбейіп, еттің бағасы төмен түсер еді. Статистика агенттігі қандай мәлімет көрсетсе де, нарық әділ бағасын береді, турасын көрсетеді. Нарық алданбайды. Еттің бағасы 50 пайызға қымбаттаса, мал басының саны 50 пайызға азайып кетті дей бер. Сондықтан да статистикалық мәліметке қарар болсаң, нарық тұрғысынан қарап ал. Сосын барып статистикаға сенер-сенбесіңді бағамдап аласың.

Бізге Статистика агенттігінің мәлімет жинау әдістемесінің тетігі белгілі. Олар мал санын анықтауды жергілікті әкімдерге тапсырады. Яғни статистиктер «ауылыңда қанша қора, оның ішінде қанша мал бар» деп әкімдерден сұрайды. Қай әкім ауылындағы малдың аз болғанын қалайды? Аз болса да, аз деп айтпайды. Еңбегінің жемісін көрсету үшін, беделі төмендемеу үшін ауыл әкімдері ойдан құрастырып, жалған ақпарат береді. Ол мәлімет ауданға жетеді. Аудан әкіміне ауылдан жеткен малдың саны аз болып көрінеді. Сөйтіп, ол да қосады. Ол облыс әкімінің алдына барады. Ол да өзге облыстардан асқысы келеді. Сөйтіп, облыс әкімі де мал басын арттырып қояды. Ақыры Статистика агенттігіне жетеді. Жиналған мал санына қанағатсыздық танытып, «Президенттің алдында ұят болады» деп, ол да біраз қосып қояды. Егер де Статистика агенттігінің өкілі әр үйдің қорасына өзі бас сұғып, сондағы малдарды өзі есептесе, онда олардың мәліметтеріне сенуге болар ма еді? Олар өйтпейді ғой. Қазір ешкімнің жұмыс істегісі келмейді. Барлығы — бір-біріне тапсырма беріп қалғандар.

Түйін
Қалай болғанда да, Статистика агенттігінің мал санына байланысты берген мәліметтерінің дұрыстығына күмән көп. Негізгі мәселе Статистика агенттігі өкілдерінің тәуелсіздігіне тіреліп тұрған сыңайлы. Егер де Статистика агенттігі жергілікті жердегі әкімдерге барынша тәуелсіз болса, агенттіктің статистикасына күмән де сейілер ме еді? Статистика агенттігінің төрағасы бұл проблеманы жоққа шығармады. Алайда мұнымен күресу үшін «бар күш-жігерімізді саламыз» деп уәде етті. Мүмкін, сонда жағдай оңалар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста