Конституциялық Кеңестің – конституционализмді нығайтудағы қызметі

Конституциялық Кеңестің – конституционализмді нығайтудағы қызметі

30-тамыз ҚР Конституциясы күні!

Конституционализмді нығайту жолында Конституциялық Кеңестің қызметі ерекше. Конституцияға сәйкес Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Прези­дентінің, Сенат төрағасының, Мәжіліс төрағасының, Парламент депу­таттары жалпы саны­ның кемін­де бестен бір бөлігінің, Премьер-министрдің өтініші бойын­ша:
– дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутат­тарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізу­дің дұрыстығы туралы мәселені шешеді;
– Парламент қабылдаған заңдар­дың Республика Конституциясына сәйкес­тігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
– Парламент және оның пала­талары қабылдаған қаулылар­дың Республика Консти­туциясына сәйкестігін қарайды.
Республиканың халықаралық шарт­тарын бекіткенге дейін олар­дың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
– Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
– Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді;
– Конституциялық Кеңес соттар­дың өтініштерін Конституцияның 78-бабын­да көзделген реттерде қарайды;
Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостан­дықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де норма­тивтік-құқықтық актілердің күші жойылады және қолдануға жатпайды.
1996 жылғы ақпаннан бастап 2017 жыл аралығында Консти­туция­лық Кеңеске 190-нан астам өтініш түскен. Мемлекет бас­шы­сынан – 21, Парламент пала­та­ларының төрағаларынан және олардың депутаттарынан – 77, Премьер-министрден – 27, сот­тардан 66 өтініш түскен. Осы өтініштерге байланысты Консти­туциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабыл­да­ды, олардың ішінде 6 – өзінің қау­лы­ларын қосымша түсіндіру тура­лы, Негізгі Заңға Консти­туциялық жаңалықтар енгізілуіне бай­ланысты (1998, 2007 және 2017 жылдар) Конституциялық Кеңес өзінің кейбір нормативтік актілерін қайта қарау туралы бірнеше шешім қабылдады.
Конституциялық Кеңеске келіп түскен өтініштердің көпшілігі Парла­мент қабылдаған және Прези­денттің қол қоюына ұсынылған заңдардың Конституцияға сәй­кестігін тексеру жайында бол­ды. Осыған байланысты 17 заң Конституциялық Кеңестің шеші­мімен Конституцияға сәйкес емес деп танылды. Бірқатар жоғары қоғамдық дүрбелең туғыз­ған заң­дар Конституцияға сәй­кес деп таныл­ды. Мысалы, Жер кодексіне, «Саяси партиялар туралы» заңдарға байланысты.
Конституциялық Кеңесте – Конс­ти­туциялық нормаларды түсін­діру бойынша 100-ден астам келіп түс­кен өтініш қаралып, осы мә­се­лелер бойынша 80-нен астам нор­ма­тивтік қаулы қабылданған.
Республика соттарының ұсы­ныс­тарын қарауда Консти­туция­лық Кеңестің құзыреті зор. Сот­тардан келіп түскен 66 ұсы­ныстың 28-і Конституциялық Кеңестің қоры­тынды шешімі арқылы өз шешімін тапқан екен. Жыл сайын Консти­туциялық Кеңес Қазақ­стан Респуб­ликасындағы консти­туциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Парламент Пала­таларының бірлес­кен отыры­сында, одан кейін Респуб­ликалық баспасөз беттерінде жария етеді. Конституциялық Кеңестің мұн­дай 20 жолдауы жария етілді, бүкіл Қазақстан халқы олармен танысып, еліміздегі негізгі Заңның қағидаларының жүзеге асырылу жағдайларынан хабардар болды.
ҚР Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заңның 19-бабы бірінші тармағының б) тармақшасына сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Конституциялық Кеңес еліміздегі кейбір күрделі мәселелер бойын­ша заңдылықтың жүзеге асы­рылуы туралы ақпараттар беріп тұрады. Мысалы: 2008 жыл – тіл туралы конституциялық ере­же­лерді іске асыру саласында Қазақ­стан Республикасындағы Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы маңыз­ды ақпарат жарияланды. Бұл ақпаратта Негіз­гі Заңның тіл туралы норма­ларының мағынасы және маз­мұнын түсіндіретін, оларды қол­данудың шарттары мен тәртібін белгілейтін шешімдер нақты­ланған. Конституциялық Кеңестің шешімі бойынша – мемлекеттік тілдің жоғары саяси-құқықтық мәртебесі, оның жария – құқық саласында қызмет етуінің айырық­шылығы не басымдылығы Конс­титуцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігімен реттеледі. Республика Президенті мен Парламент Палата­лары төра­ғаларының мемле­кеттік тілді мін­детті түрде еркін меңгеруі; Мем­лекеттік рәміздерде тек қана қазақ тілінің пайдаланылуы; Мемле­кеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларындағы атауларының, мемлекеттің егемендігін айқын­дайтын мемлекеттік белгілердің (шекара бағандарында, кеден атрибуттарында және т.б) қазақ тілінде жазылуы; мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық актілері мен өзге де ресми құжат­тарының мәтіндерін қағазда және өзге де тасымалдауыштар­ды ор­наластырғанда; мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғалары көпшілік алдында сөз сөйлегенде: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бланкілері мен басылымдарында, ұлттық валютада және өзге де мем­лекеттік бағалы қағаздарда; рес­пуб­лика азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарда, мемле­кет атынан берілетін өзге де құжат­тарда, сондай-ақ, мемлекеттік ұйым­дар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметімен байла­нысты өзге де салаларда қазақ тіліне басымдылық беріледі», – деп көрсетілген.
Жалпы, Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының құн­дылықтарын, Конститу­циона­лизмді жетілдіру саласында Конс­ти­туциялық Кеңестің атқарып отырған қызметі, жүзеге асырған істері айырықша. Мем­лекеттің ел игілігі үшін атқарып жатқан игі істерін Конституциялық Кеңес ұжымы жалғастыра береді деген сенімдеміз.

Арықбай АҒЫБАЕВ,
Заң ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста