Көлікке мас күйінде отырып кісі қаққанды қасақана қылмыс деп есептеу туралы ұсыныс негізді ме?

Осы аптада Парламент Мәжілісінің депутаттары Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясын қараған еді. Сол Заң жобасына көлікті мас күйінде жүргізгендерге қатысты жауапкершілікті күшейту мәселесі сөз болды. Ресми деректер бойынша бүгінде 4 мыңға жуық адам мас күйінде көлік жүргізу зардабынан көз жұмады екен. Осы себеп салдарынан 20 мыңға жуық азаматтар түрлі дене жарақаттарын алады-мыс. Депутаттар бұл проблеманы шешу үшін көлікке мас күйінде отырып кісі қаққандарды «қасақана қылмыс жасады» деп айыптау керектігін айтып қалды. Бұл пікір негізді ме? «Алаш айнасы» осы мәселені ой-көкпарға салып көрген еді.


ИӘ
Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Көлікке мас күйінде отырып кісі қаққан азаматтарды қасақана қылмысқа барды деп есептеу керек. Неге дейсіз бе? Мәселен, елімізде жылына жол апатынан 4 мыңға жуық адам қаза табады. Осы апаттардың басым көпшілігі мас күйінде көлік тізгінін ұстаудың кесірінен орын алып отыр. Бұл бір. Екіншіден, бүгінгі күні қолданыстағы заң 1996 жылы қабылданған еді. Ол кезде бұл Заң тек жол қауіпсіздігіне ғана қатысты мәселелерді қамтыған болатын. Біз заман талабына сай заңның мүмкіндігін кеңейтуіміз керек. Яғни, осы Заң арқылы тек мас күйінде көлік жүргізетіндердің ғана емес, жолға қатысты барлық мәселелерді, әрекеттері реттей аламыз. Үшіншіден, осыған дейін көлікті мас күйінде айдап бір жылда бір немесе екі рет ұсталса, 15 тәулікке қамауға алынатын. Енді ол қамау уақытын 30 тәулікке ұзартуды сұрадық. Мас болып көлік жүргізген азаматтар 10 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айрылушы еді. Енді ол уақыт 15 жылға дейін ұзарып отыр. Бұл мәселе сіздердің «Алаш айнасы» басылымында да көтерілген болатын
Әкімшілік айыппұлдың мөлшерін көбейтіп немесе жазаны қатаңдату арқылы жол қауіпсіздігі мәселесін түпкілікті шешеміз дей алмаймын.  Керісінше бұл қатаңдық МАИ қызметкерлерінің қызмет бабын асыра пайдалануына апаруы әбден мүмкін. Сондықтан, бізге қаталдық емес, сауаттылық қажет. Мәселен, бірқатар депутаттарымыз 3 рет мас күйінде көлік жүргізгендерді өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жөнінде мәселе қозғаған-ды. Менің ойымша, он бес жылдың өзі аз уақыт емес. Сол 15 жылдың ішінде қандай адам болмасын өз қатесін толық түсіне алады. Мұның бәрін неге айтып отырмын? Бұл заң жобасы тек қана бір мәселені ғана қамтып отырған жоқ. Заң қабылданса, оның жан-жақты пайдасын еліміз, халқымыз көретін болады.
Енді бастапқыда қойған сұрағыңызға оралайын. Қазіргі заң бойынша, мас күйде көлік апатын жасап, соның салдарынан адам өлсе немесе адам денсаулығына ауыр зардап келсе, оны «абайсызда жасалған қылмыс» деп қарастыратынбыз. Бұл қылмыс үшін жүргізуші ең жоғарғы жазаға кесілгеннің өзінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылатын. Ал, бірқатар шет мемлекеттерде бұл «қасақана қылмыс» болып есептеледі. Меніңше, мас күйінде көлік жүргізудің өзі қылмыс. Ол сол көліктегі азаматтардың амандығына кепілдік бере алмайды. Жаңа Заңның редакциясында біз мұны «қасақана жасалған қылмыс» қатарына қосып отырмыз. Өйткені, бүгінге дейін мас жүргізуші бір адамның өліміне себепкер болса, бар болғаны 5-10 жылға, екі адам өліміне себепкер болса, 10-12 жылға сотталып келді. Менің ойымша, бұл заңды қатайту керек. Екі адамның өліміне себепкер жүргізушіні 10-нан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырғаннан, тіпті өмір бойы түрмеде отырғызғаннан ұтылмаймыз. Бұл өз кезегінде өзгелерге де сабақ болады. Сондай-ақ, бұл мәселеде біржақты кетуге болмайды. Осыны ескеріп, ізгілендіру процесін де ұмыт қалдырған жоқпыз. Мысалы, кішігірім және орта дәрежелі қылмыстар бойынша жәбірленуші мен қылмыс жасаушы өзара келіссе, істі сотқа жеткізбей мәмілеге келуіне болады.


ЖОҚ
Ерасыл Әбілқасымов, қоғам қайраткері:
 – Меніңше, ішімдік ішкен жүргізушіні қасақана қылмысқа барып отыр деп біржақты шешім шығара салуға болмайды. Қандай қылмыс болмасын, арнайы тексеру, тергеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Мысалы, аздап ішімдік ішкен жүргізуші толыққанды есін біледі делік. Аяқ асты техникалық ақаулыққа байланысты апатқа ұшырайды. Қазір дөңгелектің жарылуы салдарынан да көліктер аударылып қалып жатпай ма? Мұздан көлік тайғанап, опат болуы да мүмкін. Демек, себебін білмей жатып, мына жүргізушінің қанынан ішімдік ішкені анықталды деп, ауыр қылмыскер етіп тастасақ, не болмақ? Тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденіп, ішімдікке сылқия тойып алғаны, апатқа тікелей себепкер сол ішімдік екені анықталса, қасақана қылмыс жасады деуге болады.
Бірақ, біздің жүргізушілердің дені ішіп көлікті басқарады дей алмайсыз ғой. Мыңнан бір адам ғана ондай ессіздікке баруы мүмкін. Мәселен, бір жүргізуші бір-екі стақан шарап ішіп, үш күннен кейін апатқа түсіп, адам өліміне себепкер болды деңіз. Сол үш күн бұрынғы ішімдік көрсеткіші шықты екен деп, «қасақана қылмыс жасадың» деп айыптауға бола ма? Бұл онсыз да пара дәмететін кейбір заң орындарының парақорлыққа белшеден батуына жол ашып бермей ме? МАИ қызметкерлері өз қалтасы үшін кез-келген апат болған жерге барып, жүргізушіні ішіп алғанын дәлелдеуге тырысатын тенденция қалыптасып кетпей ме?
Осы ішімдік ішіп көлік жүргізуге байланысты әр елдің заңы әртүрлі. Кейбір елдер 1-2 сыра ішкендерге көлік жүргізуге рұқсат етеді. Яғни, көптеген мемлекеттер адам ағзасындағы ішімдіктің көлеміне байланысты шешім шығарады. Ал, бізде керісінше... Қымыз ішсеңіз де жүргізуші куәлігінен айрыласыз. Көбіне парамен құтыласыз. Сондықтан да, апатқа ұшыраған азаматтың ішімдік ішкені дәлелденсе, оның ағзасындағы ішімдік көлемі қаншалықты, жоғарғы деңгейде ме, орташа ма, тым аз ба, осыны анықтап алған жөн секілді. Айыптаудың өзі сол анықтаудың негізінде жүзеге асуы керек.  Адамның ағзасы ешбір жағдаятты сезіне алмай жатса ғана кінәлі деп, айып тағуға негіз бар. Әйтпесе, қай қазақ қымыз ішпейді. Ашыған қымыз 5-6 градусты көрсетіп тұрады екен. Сонда қымыз ішкен азаматтың бәрін «ауыр қылмысқа барды» деп кінәлауға тиіспіз бе? Мейлі, адам қағып кетсін делік. Кез-келген сау адам (қанында ішімдік бола тұра) қасақана адамды қағуы, апатқа түсуі мүмкін емес. Мұндай жағдайлар көбіне абайсызда, күтпеген жағдайда болады. Енді оны 25 жылға дейін бас бостандығынан айырып тастағаннан не ұтатынымызды өзіңіз ойлай беріңіз. Медицина мамандары ішімдік ішкен адам ағзасы 2,5-3 күннен соң ғана қалыпты жағдайға түсетінін айтады. Сенбі тойға барған қазақ дүйсенбіде қайтпек керек? «Үш күн бұрын тойға барып едім» деп көліксіз жүргуге тиіс пе?

«Алаш айнасының» түйіні
Қазақта «апат айтып келмейді» деген сөз бар. Сол апатқа көбіне ішімдік себепкер болатыны да рас. Бірақ, барлық жауапкершілікті жүргізушілердің ғана мойнына салып қойғаннан не ұтамыз?. Бұл парақорлық пен жемқорлыққа жол ашып бермей ме? Қазір онсыз да жол ережелеріне қатысты Заңдарымыз қатаң. Сол қаталдықтан құтылатын жалғыз жол пара беру болып барады. Бұл өзгерістердің де соңы пара алу мен пара беруге барып тірелмесе болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста