Көлік салығы көтерілген жағдайда ардагерлер мен мүгедектердің жеңілдіктерін алып тастау керек пе?

Көлік салығы көтерілген жағдайда ардагерлер мен мүгедектердің жеңілдіктерін алып тастау керек пе?

Елімізде жаңа жылдан бастап қозғалтқыш көлемі 3 мыңнан бас­тап 4 мың текше сантиметрді құрайтын көліктердің салығы бір­ден төрт жарым есеге қымбаттамақшы. Бәрінен бұрын, бұл жолы жайлы да сәнді көлік иелерін заңнан жалтар­май­тын­дай етіп бұғаулауға басымдық беріліпті. Кейбір де­ректерге сенсек, біздегі қозғалтқыш көлемі үлкен кө­ліктердің қожайыны көбіне салық төлемейтін көрінеді. Өйткені заңда көрсетілген нормаға сай, олар темір тұлпарын салықтан босатылатын әлеуметтік топқа жататын туыстарының атына жаздыртып келген. Сондықтан Парламент талқысына ұсы­нылған жаңа заң жобасында осы жеңілдікті алып тастау қарастырылған екен. Мұндай жағ­дайда қымбат көлік иелері салықтан еш жалтара алмасы анық. Алайда салық бо­йын­ша жеңілдікке ие әлеуметтік топ бұл жа­ңа­шыл­дықты қалай қабылдар екен? Жал­пы, «көлік салығы көтерілген жағ­дайда ардагерлер мен мүге­дек­тердің жеңілдіктерін алып тастау ке­рек» деген ұсыныс негізді ме?..


Мұхтар ТІНІКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Бізде қымбат көліктер көбіне ардагер немесе мүгедек адамдардың атына жазылатындығы құпия емес. Мақ­сат – салық төлемеу. Жалпы, Қа­зақстанда қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрді құрайтын, одан да асып түсетін көлік саны – 50 356. Мұн­­дай көліктерге жыл сайынғы са­лы­натын салық мөлшері – 165 мың теңге. Егер осы екі цифрді бір-біріне көбейтсек, онда бюджеттің табысты бөлігі 8 млрд 310 млн теңге болуы ке­рек. Бірақ еліміздегі жыл бойын­да­ғы көлік салығы ешқашан мұндай кө­лем­ді құраған емес. Осыдан-ақ қым­бат кө­ліктер бойынша салықтан жал­тару­шы­лық барын нақты аң­ға­руға болады.
Бізде Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл ардагері, мүгедек жандар, Кеңес Одағының батыры, Ауған соғысы ардагері, Социалистік Еңбек Ері, көпбалалы аналар және тағы осы сынды әлеуметтік топ көлік салығынан босатылады. Алайда бізде бұл жеңілдікті әлеуметтік осал топтар емес, бай адамдар ұтымды пайдаланып отыр, яғни салықтан босатылатын туысы атына өз автокөлігін тіркету арқылы. Сондықтан осы негізде заңға өзгеріс енгізу қажет. «Қоз­ғалт­қыш көлемі 4 литрге дейінгі көлікке қатысты аты аталған әлеуметтік топқа бұрын­ғы салық бойынша жеңілдігі сақта­лады, ал моторы 4 мың шаршы сантиметрді құрайтын әрі одан асатын көліктер бойын­ша бұл жеңілдіктер алынып тасталады» десек дұрыс болады.
Егер салық жеңілдігін ұтымды тұтын­ғысы келсе, мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер қозғалтқышы 4 мың текше сантиметрден төмен, маркасы да, жай­лылығы да жақсы көліктерді пайдалана берсін.
Қалай дегенмен де заң нормасындағы сөз етіп отырған ұсынысты қолдан­ғаныммен, салықтың бірнеше есеге қым­бат­тауына өз басым түбегейлі қарсымын. Бұл ретте, дамыған елдердегідей салықтың жанар-жағармай құнына енуін қол­даймын. Мұндай жағдайда әркім көлікті пай­далану деңгейіне қарай төлем жасай­ды, яғни көп жүйткісең, көбірек төлейсің дегендей. Бұл – логикалық, сол секілді теориялық тұрғы­да да ақылға қонымды ұсыныс.


Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Қазіргі Парламент талқысына ұсы­­ныл­­ған заң жобасында «қозғалт­қыш кө­ле­мі 4 мың текше сантиметрді құ­райтын кө­ліктерге қатысты ар­да­гер­лер мен мү­­ге­­­дектердің жеңілдіктерін алып тастау ке­­рек» де­ген норма бар. Әри­не, бұл мәселеге те­реңнен үңілу қа­жет. Мен байлар осы нор­ма­ны пай­да­лансын демеймін, бі­рақ олар­дың қи­тұрқы амалы үшін неге бұл әлеу­мет­тік топ бар жеңілдігінен айырылуы тиіс? Неге әлеуетті топты салықты тө­леу­ге мәж­бүрлеу үшін әлеуметтік осал топ­ты құр­бан етуіміз керек? Мұның бас­қа бір жолы болуы тиіс қой... Шы­ны керек, заң жүзінде ар­дагер­лерге, мү­­гедек жандарға түрлі же­ңіл­діктер көр­­се­тіліп жатқанымен, ол ай­мақ­тық, тіпті қа­ла­лық деңгейде де сақтала бермейді. 
Әкімшілікте заңға пысқырып қара­майтын пысықайлар көп. Мысалы, Ақтөбе қаласы әкімдігі әлеуметтік осал топқа арналған коммуналдық төлем бойынша жеңілдікті алып тастаған. Сонда біздің заңымыз еліміздің әр аймағында әртүрлі пайдаланылады ма? Сол секілді қалалық жолаушылар көлігі де бар жеңілдікті мойындай бермейді. Төрінен көрі жақын қарт адамдар мұндай бассыздыққа төтеп бере алмайды, сөйтіп, заң жүзінде бар жеңілдігін тиімді тұтынбайды. Осы жағы­нан алғанда, мұндай норманы қабылдау «жығылғанға жұдырық» болып тиері сөзсіз.
Ардагер адамдар бізде көп емес, күн санап қатары сиремесе, көбейіп жатқан жоқ. Оларға көбіне қымбат көлік сыйға тартылады. Салық еселеп қымбаттаса, ол кісілер оны төлей алмайды, сөйтіп, өмі­рінің соңындағы қызығының бірі – қымбат көлік міну құқығын шектейміз. Осымыз дұрыс па? Негізінен, арда азамат­тарымызды ардақтап, мерейін асқақтата алсақ, бұл ұлтымыз үшін де, адамдығымыз үшін де оң баға болар еді. Ал қолында бар жеңілдігінен айырып, ақсақалдарымызды қан қақсатсақ, бұдан ұят нәрсе жоқ шығар. Біз үлкенді сыйлап, кішіні кішіпейілділікке тәрбиелей білген халықпыз. Осындай ұлттық менталитет елімізде қабылданған кез келген заңнан көрініс тауып отыруы керек. Сонда біз нағыз ұлттық мемлекет боламыз.
                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Мәди ТӘКИЕВ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры:
– Ұлы Отан соғысы ардегерлері мен Ауған соғысы ардагерлеріне қатысты бұрынғы жеңілдік сол күйінде қалдырылады. Бұл арада «люкс» класқа қатысты ғана сөз қозғалып отыр. Бір зейнетақыға өмір сүретін адамның атында Bentley и Maybach сынды өте қымбат көліктің тіркелуі, шынымен де, күмәнді емес пе? Мысалы, Алматы қаласы бойынша 188 Hummer көлігінің иелері жеңілдікке ие. 83 дана Bentley Ұлы Отан соғысы ардагерлері атына тіркелген. Сол секілді Rolls-Royce-тың 16 данасы мүгедек жандардың атында екен. Бұл таза салықтан жалтарушылық емей немене?
Жалпы, елімізде қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрді құрайтын көліктердің 23,5 пайызы жеңілдікті пайдаланады. Біз тек осы цифрді қысқартқымыз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста