Көлік басқаруға құқық беретін сенімхат жүйесінен бас тарту керек пе?

Көлік басқаруға құқық беретін сенімхат жүйесінен бас тарту керек пе?

Көрші Ресей көлік басқаруға құқық беретін сенімхатты қолданыстан алып тастау­ды ұйғарып отыр. Көлікке сенімхат беруді алып тастау төңірегіндегі мәселелер біздің елде де аз көтеріліп жатқан жоқ. Өткен жылы ғана IV шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Ержан Рахметов: «Автомобильді басқару құқығын беретін нотариалдық расталған сенімхатты алып тастау қажет», – деп ҚР Премьер-­ми­нистрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдаған болатын. Алайда кейбір мамандар бұл пікірмен келіспейді. Сонымен, «Көлік басқаруға құқық беретін сенімхат жүйесінен бас тарту қажет пе?» Бұл ретте мамандар пікірі екіге айырылды.


Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
Иә

– Әлбетте, бас тарту керек. Көлік басқаруға бе­рі­­летін сенімхаттың бізге түкке де керегі жоқ. Ол – ар­­тық қағаз. Жүргізушілер сол бір жапырақ қағаз үшін қан­шама әуре-сарсаңға салынады. Оны нота­риусқа алып барып рәсімдейсің, Жол полициясына апарып тір­кейсің. Қаншама қаржы босқа кетеді. Уақытыңды алады. Мәселен, көлік саны бізден көп Түркия, Бе­ло­­руссия, Польша, тіпті көрші Ресейдің өзі көлік бас­қаруға берілетін сенімхаттан бас тартып отыр. Оның үс­тіне, қағаз жинау көбейген сайын жем­­қорлықтың етек алатыны белгілі. Сондықтан қа­ра­пайым халық­ты әуре-сарсаңға салып, сенімхатты но­тариалдық рас­тап, оны Жол полициясына тіркеп, шығынға ба­тыр­ғанша, одан құтылудың амалын қа­рас­­тырға­нымыз жөн. Мысалы, шетелде көліктің тех­никалық құ­жаты мен жүргізуші куәлігің болса болды, саған еш­кім тимейді. Сенімхат сұрап, басыңды қа­тыр­май­ды. Өйткені оларда әрбір көліктің нөмірі компьютер­де тұрады. Сол арқылы кез келген уақытта көліктің кім­ге тиесілі екендігін анықтайды.
Бұл жерде, ең бірінші, жүргізушінің кө­лік­ті жүргізудегі іс-тәжірибесі мықты бо­лып, жол ережесін сақтауы қажет. Бүкіл мә­селе – осында.
Біреулер сенімхатты жойсақ, көлік ұр­лау­шылар көбейіп кетеді деп қауіптеніп жатады. Мынадай ақпараттық техно­ло­гия­ның дамыған заманында ұрланған көлікті анықтау аса қиын емес. Тек көлік иесі кө­лі­гінің жоғалғандығы жайлы ақпаратты Жол полициясына дер кезінде жеткізсе бол­ғаны. Мысалы, қазіргі жастар жүргізуші куә­лігін сатып алып, әкесінің көлігіне сенім­хат жаздырып, ешқандай тәжірибесі жоқ, рульге отырады. Оның арты не болатыны бел­гілі. Оның үстіне, қазіргі көліктердің қоз­ғалтқышының қуаты, оның техно­ло­гия­лық күші көп жүргізушінің іс-тәжірибесіне сәйкес келмейді. Қанша көлік жүр­гіз­ге­ні­мен, жаңа техниканы игеру оңай емес. Мә­селен, мен 40 жыл рульде отырған адам­мын. Бірақ мен баламның көлігін еш­қашан жүргізбеймін. Өйткені оның көлігінің техникалық мүмкіндігі менікінен мүлдем басқа. Оның көлігінің қыр-сырын мен біл­мей­мін. Осы секілді әрбір көліктің өзінің бас­қару тәртібі, ережесі болады. Оны үй­ре­ну үшін біраз уақыт керек. Кейбір көлік­тер­де тежегішті қатты басу керек бол­са, енді бірінде жай басу керек, осы секілді өз­­гешеліктер бар. Сондықтан жүргізетін кө­­ліктің қыр-сырын терең меңгермей жа­тып, жылдамдықты арттыру өте қауіпті.
Мен тағы да қайталап айтамын, біз жа­һан­дану дәуірінде өмір сүріп отыр­ған­дық­тан, экономикасы қарқынды дамыған мем­­лекеттердің іс-тәжірибесін пай­да­ла­нуы­мыз керек. Онсыз болмайды. Енді да­мыған елдердің басым көбі көлік басқаруға берілетін сенімхаттан бас тартып отыр­ған­да, біздің әлі күнге дейін кеңестік ескі сүр­леу бойынша қағазбастылыққа салынып отыр­ғанымыз дұрыс емес.


Рамазан СӘРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
Жоқ

– Жоқ, мен бұған келіспеймін. Өйткені мен бұл са­лада біраз жыл қызмет еттім. Әділет министрлі­гінде сенімхат беру тәртібі бойынша, Парламентте де жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кей­бір заңнамалық актілерге өзгертулер мен то­лық­тырулар ен­гізген кезде де осы мәселеге байланысты біраз жұ­­мыстар атқардық. Көлік басқаруға бе­рі­летін се­нім­хат әлі күнге дейін өзінің мәнін жо­ғалт­қан жоқ. Шын мәнінде, бұл өзінің өмір­шең­дігін дә­­­­лел­­дей ал­ған қолданыстағы ең озық тәжірибе деп есептеймін.
Мәселен, бізде үлкен кісілердің атына жазылған кө­ліктер әлі күнге дейін бар. Тіпті Ұлы Отан соғысына қа­тысқан аталарымыздың, Батыр аналарымыздың аты­­на жазылған көліктер жетіп-артылады. Енді үл­кен кісілердің көлік жүргізуге мүмкіндігі жоқ. Бірақ ол кісілер сенімхат бермесе, олардың атына жа­зыл­ған көліктерді басқа біреулер қалай жүргізеді? Егер біз сенімхат жүйесінен бас тартсақ, онда екінің бірі кө­­лік жүргізіп, оның арты қайғылы жағдайларға душар етпей ме?
Жалпы, сенімхат деген көліктің кімнің меншігінде екендігін, егер жол қауіпсіздігі орын алса немесе басқа да келеңсіз жағ­дай­лар болғанда, оған кім жауап беруі тиіс екендігін анықтау үшін қажет. Сенімхат сол үшін беріледі. Сенімхат беретін кісі оны алушы адамға белгілі бір міндеттемелер жүк­тейді. Мәселен, жол ережесін бұзған жағдайда немесе көлік салығын төлеу кезінде сенімхатты алған адам шығынды өтеуге қатыса алады. Осының барлығы се­нім­хатта көрсетілген. Сондықтан ол тек көлік жүргізу үшін ғана емес, жалпы, көлік мә­селесінде туындайтын басқа да құқық­тық қатынастардың барлығын реттеп отыру үшін қажет. Көлік басқаруға берілетін сенім­хаттың балама түрін әлі ешкім ойлап тап­қан жоқ. Сол үшін одан бас тарту негізсіз деп есептеймін. Егер оны жойсақ, онда әр­кім тек өзінің ғана көлігін жүргізуі тиіс бо­лып қалады. Сондықтан оның мәні үлкен, оны қолданыстан алып тастауға бол­май­ды.
Әрі-беріден соң, ертеңгі күні біреудің ұр­ланған көлігін біреу мініп жүрсе, оның ішінде кімнің ақ, кімнің қара екендігін анық­тау да қиын болып қалады. Мұның бар­лығы айналып келгенде сотқа барып тіреледі. Сондай кезде қалай дәлелдейсің? Жалпы, сенімхат – көп нәрсені тәртіпте ұстап, реттеп тұрған құжат. Қазір мем­ле­кет­тік те, жеке нотариустер де өте көп. Со­лардың куәлан­дыруы бойынша сенімхат алып, көлікті үш жыл жүргізгеннен кейін оны са­тып, өзінің пайдасына жаратуға дейін рұқ­сат беретін сенімхаттар болады. Мен заң­гер ретінде әрі бұл мәселені жетік білетін азамат ретінде айтып отырмын, көлікті басқаруға берілетін сенімхатты алып тас­тау­ға болмайды. Олай етсек, мұ­ның арты үлкен тәртіпсіздіктерге душар етуі мүмкін.

Түйін
Жоғарыдағы қос кейіпкеріміздің де айтып отырған сөздерінің жаны бар. Сонымен, көлік басқаруға берілетін сенімхаттан бас тар­туымыз керек пе, әлде жоқ па? Енді бұл мәселе бізде бүгін-ертең шешіле қоймасы анық. Алайда қандай қорытындыға келсек те, «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, жан-жақты ойланып-тол­ғанып, сала мамандарының пікірін ескере отырып шешкеніміз дұ­рыс шығар. Бұл сауалға сіз не дейсіз, ойлы оқырман?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста