Кеңес Одағының Батыры атағының белгіленгеніне 83 жыл толды

Кеңес Одағының Батыры атағының белгіленгеніне 83 жыл толды

Бұдан дәл 83 жыл бұрын, 1934 жылы 16 сәуір күні КСРО Орталық атқару комитетінің қаулысымен «Кеңес Одағының Батыры» атағы белгіленді. Қаулыда: «Мемлекет алдында жеке немесе ұжым болып, ерлік жасауға байланысты сіңірген еңбек үшін ең жоғары ерекшелік белгісі - Кеңес Одағының Батыры атағы белгіленсін» - деп жазылған.

Кеңес Одағы келмеске кетті. Бірақ осы атаққа ие болған батырлардың ерліктері тарих бетінде сайрап жатыр. Енді сол тарих қойнауына тағы бір рет көз жүгіртіп көрелік. Бастапқы кезде бұл атақ бойынша ешқандай ерекшелік белгісі қарастырылмаған. Тек КСРО Орталық атқару комитетінің мақтау қағазы ғана болған.

Кеңес Одағының Батыры атағының алғашқы иегерлері полярлық ұшқыштар: Анатолий Ляпидевский (№1 «Алтын жұлдыз» медалі), Сигизмунд Леваневский, Василий Молоков, Николай Каманин, Маврикий Слепнев, Мизаил Водопьянов және Иван Доронин (1934 жылы) болды. Олар бұл ең жоғары атаққа Мурманскіден Владивосток қаласына барар жолда апатқа ұшыраған «Челюскин» кемесінің экипажы мен басқа да адамдарын (барлығы 104 адам) құтқарғандары үшін алған еді. Сонымен қатар оларға Ленин ордені қоса табыс етілді. Бұл марапаттау рәсімі 1936 жылы 29 маусымда Орталық атқару комитетінің қаулысымен бекітілді. Жаңа редакция бойынша Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандарға Ленин ордені табыс етілетін болды.

Ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылдың 1 тамызындағы қаулысы бойынша Кеңес Одағының Батырлары үшін тағы бір ерекшелік белгісі - «Кеңес Одағының батыры» медалі енгізілді. 1939 жылдың 16 қазанында шыққан Қаулымен медальдің сыртқы пішіні бекітіліп, ол «Алтыз Жұлдыз» атауын алды. Алғашқы ережеден айырмашылығы, енді «Алтын Жұлдызды» бір емес, бірнеше рет алуға болатын болды. Жаңа ереже бойынша екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанғандарға екінші «Алтыз Жұлдыз» медалі беріліп, туған жерінде қола мүсін орнатылды. Ал бұл атаққа үшінші рет ие болғандарға үшінші «Алтыз Жұлдыз» медалі беріліп, Мәскеудегі Одақ Сарайының алдына қола мүсіні орнатылатын болды. Сонымен, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандар Ленин орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры атағы, әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеп берілді. Бұл, жалпы марапатталған адамдардың 91,2 %-н құрайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11 657 адам осы бір ең жоғары атаққа ие болды (олардың ішінде 3051 адамға өлгеннен соң берілді). Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандардың 90-ы әйел азаматтар (олардың 49-на бұл атақ өлгеннен соң берілген).

Жалпы, Кеңес Одағы ыдырағанға дейін, теріс қылықтары үшін осы атақтан айрылған 72 адамды және Батыр атағын беру туралы 13 Қаулының негізсіз деп табылғандығын есептемегенде, 12 776 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Олардың ішінде бұл атаққа 154 адам екі мәрте (9 адам өлгеннен кейін), 3 адам үш мәрте, 2 адам төрт мәрте ие болған. Кеңес Одағы Батырларының ішінде 95 әйел бар. 44 адам шет мемлекеттердің азаматтары. Қазақстандықтар арасынан алғашқы болып Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар С.В. Гуденко пен С.Е. Чуйков. Олар бұл атаққа 1938 жылы Хасан көлінде Жапониямен болған соғыста көрсеткен ерліктері үшін алған. Ал В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, және М.С. Зубарев бұл атаққа 1939 - 40 жылдары қыста Кеңес-Фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін ие болды. Барлығы 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста талай боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болды. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға жөнелтілді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда әскер қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн. 200 мыңнан астам адам шақырылған. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі - бір орденмен, төртеуі - екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық ордендер және медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық (кейбір деректер бойынша 520) Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97 (кейбір деректер бойынша 98) қазақ.

Батыр атағын алған қазақтардың ішінде - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да бар. Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болған. Қорыта келе айтарымыз, соғыс кезінде Қазақстан халқының 24% мобилизацияланған. Әскерге шақырылған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан болды. Неге дейсіз ғой? Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, ауыл-аймақтың тұрғындары түгелге жуық соғысқа аттанған. Ал ауылдық жерлерде ол кезде негізінен қазақтар тұрғаны белгілі. Ал енді, Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтардың санына келер болсақ, күні бүгінге дейін дәл мәлімет жоқ. Соңғы жылдардағы мәліметтерге сүйенсек, соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 мыңға жетіп отыр, олардың 400 мыңға жуығы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқандардың саны. Ұшқыш Пономарев Михаил Сергеевич (1951), Карацупа Никита Феодорович (1965), ұшқыш ғарышкерлер Пацаев Виктор Иванович (1971), Шаталов Владимир Александрович (екі рет алған), сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров (1988). Ауған соғысында көзсіз ерліктерімен көзге түскен ұшқыш Николай Майданов та (шын есімі Қайырболат Майданов) 1988 жылы осы атаққа ие болды. 1990 жылы көрнекті қолбасшымыз Бауыржан Момышұлына қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры құрметті атағы берілді. Әділдік 45 жыл өткен соң орнады. Бауыржан Момышұлы 1941 жылы соғыста аға лейтенант шенінде батальон басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан бес рет алып шыққан. Соғысты Литва жерінде дивизия командирі болып, полковник шенінде аяқтады. Бұларға қоса Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер Бақтыораз Бейсекбаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1996), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1998), ғарышкер-ұшқыш Т.Мұсабаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995) атақтары берілді. Екінші дүниежүзілік соғыста қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен 2004 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді. Өзбектер кезінде иеленіп кеткен генерал-майор Сабыр Рахимов пен бөлімше командирі Рәсүл Есетов Батыр қазақтардың санына қосылды. 1946 жылы бұл атақ соғыста зеңбірек батареясының командирі болған Құдайберген Сұрағановқа берілгені белгілі болды.

Сонымен соңғы деректерге сүйенер болсақ, Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтардың саны бүгінде 103-ке жетіп отыр.

Алаш айнасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста