«Ерлермен бірдей ауыр жұмыс істейтін әйелдердің жалақысына үстеме коэффициент белгілеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Қазір қоғамымызда «мынау – тек қана әйел адамның жұмысы» немесе «мынау – ер адамға ғана жарасатын тірлік» деген қызметке байланысты арнайы бөлініс жоқ. Етектілеріміз нәзіктігіне қарамай, ер адаммен қатар жүріп, қара жұмыстарды да атқарып жүр. Алайда бәрібір табиғат заңдылығын ескеріп, мереке қарсаңында «ерлермен бірдей ауыр жұмыс істеп жүрген әйелдердің жалақысына үстеме коэффицент белгілеу керек пе» деген сауалды қоғамның талқысына салып көрген едік. Тақырыпты даттаушылар да, жақтаушылар да табылды...


Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА, Алматы қалалық ІІД кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция полковнигі, ІІМ еңбегі сіңген қызметкер, Алматы қалалық әкімдігі жанындағы гендерлік саясат комиссиясының мүшесі:
иә
– Бүгінде қо­ғамымызда ер-азамат­тар­мен қатар жү­ріп, жұмыстың ауырлығына, қиын­дығына қара­мастан қызмет етіп жүр­ген анала­ры­мыз жетерлік. Әйел таби­ғаты­нан Алланың нәзік жаратқан пендесі. Бірақ қазір заман сұранысына сай әйелдеріміз де ерлермен қатар жұмыс істеп жүрсе де үйге келген соң да балаларын тәрбие­леп, ерінің жағдайын жасауы тиіс. Яғни әйелдеріміз сыртта қызметті де істеп үлгеріп, үйде отба­сы­ның да жағдайын жасауға машықтанып барады. Сондықтан мен ауыр жұмыс істеп жүр­ген әйелдерге ғана деп бөле-жар­мас­тан, жаппай барлық салада жұмыс істеп жүр­­ген әйелдердің жалақысына үстеме коэф­фицент белгіленуі керек дер едім. Әйел үйде балаларының тамағын пісіріп, кір-қоңын жуып, отбасының беріктігін сақ­тап, балаларына жақсы тәрбие беру ар­қылы қоғамымызға пайдасын тигізіп отыр. 
Отбасы мен қызметті қатар алып жүру арқылы мемлекетке пайдасын көрсетуде. Сондықтан әйелдеріміздің бұл еңбегі еске­русіз қалмауы тиіс. Сондай-ақ әйел өмірге бала әкелетін – ана. Соған қарамастан, ер-азаматтармен бірге ауыр жұмыстарды атқарып жүрген әйелдердің жалақысына қалайша үстеме коэффициент қоспауға болады?! Мемлекетіміз де әйелдерге, ана­ларға мұндай қамқорлық көрсетсе, мұны болашағымызға жасалған қамқорлық деп түсінуге болады. Өйткені әйел адам бәрібір тапқан еңбекақысын балаларына жұм­сай­ды.
Рас, бұрында да әйелдеріміз ерлермен қатар трактор айдап, жер жыртып, ауыр жұмыстар атқарды. Олармен салыс­тыр­ғанда бүгінгі күні еңбек күшінің барлығы техникамен атқарылады, сондықтан әйел­дердің жалақысына үстеме коэф­фициент қосып, артықшылықтар берудің қажеті жоқ дейтіндер де табылады. Бірақ біз бәрібір әйелдерді табиғаттың өзі нәзік қылып жара­тып, ер адамға әйелге қара­ғанда күш жа­ғынан да артықшылықтар бергенін әрқашан есте ұстауымыз керек. Және ер адам мен әйел адам қатар жұмыс істегенде осыны ескеріп, әйелдердің жалақысына үсте­ме ақы белгілеуді де естен шығар­мауымыз қажет.


Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саяси ғылымдар докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, мен бұл пікірмен келісе алмай­мын. Ерлермен бірдей ауыр жұмыс істейтін әйелдердің жалақысына үстеме коэф­фи­цент қосудан гөрі әйелдерге арнап қандай да бір жеңілдіктер қарастырған дұрыс секіл­ді. Бірдей жасалған еңбекке екі түрлі жалақы төлеу дұрыс емес. Бірақ әйел адам­дардың ерлермен салыстырғанда нәзік жанды екенін ескере отырып, қызмет бары­сында жеңілдіктер қарастыру әділ шешім болар еді. Шыны керек, бүгінгі күні заман сұранысына қарай ауыр жұмыстардың көбісі заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Бұрынғыдай әйелдеріміз кетпен ұстап, жер жыртып жүрген жоқ. Бірақ кей­бір өндірістік салалардың әйелдердің ден­саулығына зиянын тигізетінін ескере оты­рып, осыған байланысты жеңілдіктер қа­рас­тырсақ дұрыс болар еді. 
Мәселен, ер-азаматтармен бірдей ауыр қара жұмыстарды атқаратын әйел­дер ерлерге қарағанда азырақ уақыт істесін. Сонда олардың денсаулығына келе­тін зиян да азаяр еді. Әйел адам бос уақытын отбасына арнауға күш салар еді. Бірдей атқарылған еңбекке екі түрлі жалақы төлеуден гөрі мұндай жеңіл­дік­тердің пайдасы зор. Сондай-ақ тоқсан сайын сыйақы тағайындап, еңбек дема­лы­сы кезінде сауықтыру орындарына дем­алыс­қа жіберіп отырса, әйелдердің денсау­лы­ғына келген зиянның орнын толтыруға септігі тиер еді. Ал жаппай ауыр жұмыс істей­тін әйелдердің бәріне бірдей ер адамға қарағанда, жоғары жалақы тағайын­дау мүмкін емес нәрсе.
Айта кетер жайт, соңғы кездері әйел адамдардың зейнеткерлікке шығу жасын ер адамдармен бірдей етіп ұзарту жөнінде ұсыныстар айтылуда. Бұл мүлдем дұрыс емес. Қызмет атқарып, баланы да босанып, үй шаруасымен де айналысатын әйелдер үшін ерлермен бірдей зейнетке шығу өте ауыр. Біз әйелдердің жалақысына үстеме коэффициент қосып бермесек те, ер-азаматтардан ертерек зейнетке шығуын қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде жиі-жиі көтеріліп келе жатқан осы бір ұсыныс еліміздегі әйелдерге үлкен уайым болып отыр. Өмір бойына бала тәрбиесімен айналысып, өмірге сәби әкеліп, қызмет істеп, ерінің жағдайын жасап, үй шаруа­сымен айналысып, қарбаласып жүретін әйелдеріміз сонда қай уақытта көрген бейнетінің зейнетін көруі тиіс?! Тіпті талай аналарымыз зейнетақы жасына жетпей, зейнетақысын да алмастан өмірден өтуі мүмкін. Сондықтан ауыр жұмыстарда істеге­ні үшін әйелдердің жалақысына үстеме коэффициент белгілеуден бұрын түрлі жеңілдіктер қарастырып, зейнет жасы­на ертерек шығуын қамтамасыз етуіміз керек.

Бейтарап пікір
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, саясаткер, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Біз әйелдердің ауыр жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салуымыз керек. Тіпті мұны заңмен бекітіп қоюымыз қажет. Кейбір мамандық түрлерін арнайы бекітіп, ол салада әйелдердің еңбек етпеуін қадағалауымыз керек. Химиялық, металлургиялық салаларда әйел­дер­дің еңбек етпеуін біз барлық кәсіпорындардан талап етуіміз қажет. Әйтпесе бүгінде талай әйел­де­ріміз ауыр, қара жұмыстарды істеп, денсаулық­та­рынан айырылып жатыр. Бұл дұрыс емес. Әйел адам ең алдымен – ана. Ананың денсаулығына нұқсан келіп, өмірге бала әкелу бақытынан айырылатындай сала­лар­да олардың қызмет атқаруы біздің болашағымызға, демографиямызға зиян. Біз осыны түсінуіміз керек. Мұның бәрі заңда көрсетілуі қажет. Егер ол заң бұзы­ла­тын болса, ер адамдарға арналған ауыр жұ­мыс­тарда әйел адамдар да қызметке алынатын болса, онда ең болмағанда оларға ерлерден екі есе аз уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жерде ең бастысы аналарымыздың денсаулығы сөз болып отыр. Ал денсаулықты ешқандай жалақының үстеме коэф­фи­циен­тіне сатып ала алмайсың. Сондықтан жалақысына үс­те­ме коэффициент қосудан бұрын әйелдерге ауыр жұмыс істетпеуді ойлауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста