Еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік енгізу халық үшін тиімді болады деп ойлайсыз ба?

Қазіргі таңда қазақстандық денсаулық сақтау саласының қос алпауыты, яғни мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекелестікпен жұмыс жасап жатқаны анық. Бірақ аз уақыттың ішінде олар серіктес атанып, біріге қызмет етер болса, халықтың денсаулығына қалай әсер етері белгісіз. Жаңа реформа десе елең ете қалатын қарапайым халықтың денсаулық сақтау саласындағы бұл жаңалықтан да күтері көп, тек күдері үзілмесе болғаны... Мемлекеттік медициналық мекемелерге қарағанда жекеменшіктің көмегіне жүгінетіндер көп. Жасыратын несі бар, жасалатын ем-домның сапасы да мемлекеттік емханаларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Бірақ баға жағынан тым қымбат. Алайда бұл саладағы қымбатшылықтың нендей себептен болатыны белгілі. Заманауи технология, білікті маман, жайлы ғимараттар. Медициналық мекеме ашқан кез келген кәсіпкер бұл жағдайдың барлығын өз ақшасына жасайды. Тіпті мемлекеттік емханалардың көпшілігі қазірдің өзінде жекеменшік клиникалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болып жүр. Сол үшін де болар, болашақта аталмыш серіктестік құрылмақ, дегенмен, «бұл халық үшін тиімді бола ма, жоқ па?» деген сұрақты мамандарға қойып көрдік.


Серікбол МУСИНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы:
иә
– Әрине, бұл – елімізде көрсетілетін медициналық кө­мектің халық үшін қол­жетім­ділігі мен сапасын арт­тыра түсу мақсатында қолға алы­нып отырған шара. Әлемдік және отандық тәжірибелерді тал­дау, оның ішінде Бірыңғай ұлт­тық денсаулық сақтау жүйе­­сі шең­беріндегі жұмыс тәжі­­рибесі жекеменшік ұйым­дар бас­шыларының менед­жмент дәрежесінің жоғарырақ еке­ніне көз жеткізіп отыр. Мем­­ле­­кеттік тапсырысты же­ке­мен­шік ұйымдарда орна­лас­тырған кезде олардың бюджеттік қа­ра­жатты ұтымды және орынды жұмсайтындары бай­қалады.
Бұл қадам медициналық ұйымдарды сенімді басқаруға, менеджмент дәрежесін арттыруға, бәсекелестік ортаны ары қарай қалыптастыруға жол ашады деп ойлаймын. Өзіңіз білесіз, соңғы кезде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі іске асырылып, оның нәти­жесінде жеке сектордың үлес салмағы 17 пайызға дейін ұлғайды. Ал мемлекеттік медициналық ұйымдар ұйымдастыру – құқықтық формаларын өзгертіп, эволю­циялық кезеңдерден өтуде. Яғни мем­лекеттік мекемелер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарға айналуда. Бұл өз кезегінде жауапкершіліктің, әділ­дік­тің, нақтылықтың қызметіне қарай баға­лаудың салтанат құруына жол ашты деп сенеміз. Кезінде бұл жүйе де сыналған болатын. Бірақ уақыт өте келе жүйенің тиімділігі байқалуда. Сол сияқты, жоғарыда айтыл­ғандай, мемлекеттік-жекеменшік серік­тестік тетіктерін енгізу де денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейге көтереді деп сенеміз. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбаев 2010 жылғы халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі мемлекет экономикасына жеке инвес­тицияларды тартуда үлкен әлеует екенін атап көрсетті. Жалпы, мем­лекеттік-жеке­меншік серік­тестік эконо­микалық өсімді ынталандыру және жеке­меншік сектордың экономикаға қатысуын кеңейту әдісі болып саналады. Біз мем­лекеттік-жекеменшік серіктестікті денсау­лық сақтау саласындағы инфра­құры­лымдық жоба­ларға инвес­тициялар тарту, шағын және орта бизнес үшін мүмкін­діктерді кеңейту, сондай-ақ халыққа көр­сеті­летін медициналық көмек­тің сапа­сын жақсар­тудың жолы ретінде қарас­тыруда­мыз. Денсаулық сақтау министрлігі көп­теген халықаралық тәжіри­белерді зерттеп көрді. Мемлекет тарапынан қолдау болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік серік­тестікке бизнес өкіл­дерінің қызы­ғушылық танытатынын бай­қадық. Айта­лық, Герма­нияда келісілген инвести­ция сомасы қамта­масыз етіліп, мемлекеттік тапсырыс бойын­ша міндет­темелер орын­далған жағдай­да, мем­лекеттік емдеу-про­фи­лактикалық меке­мелерді инвесторларға аз сомаға сату тәжірибесі кеңінен тараған. Соның нәтиже­сінде жекеменшік емдеу меке­мелерінің үлесі соңғы 10 жылдың ішін­де 4 пайыздан 22 пайызға дейін арт­қан. Швецияда жеке инвесторлармен арада мемлекеттік госпитальдарды бас­қару, жедел көмек көрсету, зертханалық және өзге де меди­циналық қызметтерді көрсету жөнінде келісімшарттар жасалады. МЖС тәжірибесі енгізілгелі бері рентгендік қызметтер құны – 50 пайыз, диагностика және емдеуді күту уақыты – 30 пайыз, же­дел жәрдем құны – 10 пайыз, зерт­ханалық қызметтер құны 30 пайыз төмендеген. Австралияда 50 госпиталь жекеше­лен­діріліп, жаңа ауру­ханалар­дың дизайны, құры­лысы және оларды бас­қаруға жеке оператор­ларды ірік­теу тәжірибесі қолда­ныла­ды. Келісім – 15 жыл бас­қару, белгіленген баға­лар бойын­ша барлық аза­мат­тарға қызмет көрсету және медициналық қызмет көр­сету сапасын бақылау сияқ­ты ерекше шарттарды қам­тиды. МЖС институтын ен­гізу нәтижесінде жаңа емдеу-диагностикалық мекемелердің құрылысына кететін шығын – 20 пайыз, қызмет көрсетілетін нау­қас­тар саны – 30 пайыз, емдеу­ді күту ұзақтығы 30 пайыз азайған.


Аманкелді ТЫНЫБЕКОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Денсаулық сақтау сала­сының мекемелері мемле­кеттікі болсын, жекеменшік иесінікі болсын олардың түпкі мақсаттары бір деп ойлай­мын. Ол – осы елде тұ­ра­тын халықтың денсау­лығын жақ­сарту. Бірақ бұл мекемелерге құйылатын қаржының жол­дары бөлек болуы керек екендігі бәрі­мізге белгілі. Сондықтан жеке­меншік медициналық мекемелер салып, сол арқы­лы бизнес жасап, халық­­тан ақша тапқысы келетіндер алдымен өздеріне сенуі керек. Яғни жекеменшік меди­­циналық мекемелерге мемлекеттің қаржысы жұм­салуы тиіс емес.
Егер де мемлекеттік-жекеменшік тұрғы­­­сынан әріптестік енгіземіз деп, мем­лекеттің қаржысын жекеменшік медици­налық мекемелерге бөлетін болсақ, онда алдымен мемлекеттік ұжымдардың деңгейі төмендегенімен қоймай, ол бәсе­келестіктің жойылуына алып келеді де, өз кезегінде жеке клиникалардың дамуы да тежеледі. Себебі олар өз клиникаларына инвестиция құюды азайтады. Мұндай жағдайға байланысты мысалдарды өнер­кәсіп салаларынан да, медицинадан да келтіруге болады. Мысалы, тоқырау жыл­дарында көптеген облыс орталық­тарын­дағы емханалар ондағы тіркелген адам­дармен бірге отбасылық-дәрігерлік ам­бу­латория ретінде жекеменшіктің қолына өтіп кетті. Сол меке­мелер «керемет деңгейге жетті, олардың материалдық-техникалық базалары мен халыққа қызмет көрсетуі жақсарды» деген­ді мен әлі күнге дейін естіген жоқпын. Тексерсе, мұндай жағдайлар қалған облыс­тарда да жет­кі­лікті. Сондықтан әріп­тестік қандай болуы керек дегенге келетін болсақ, менің ойым­ша, оны екі тұрғыдан қарау керек сияқты. Біріншіден, жеке­меншік меди­циналық мекемелер аяғына тұрып кет­кен­ше, оларға салынатын салық­тың мөлшерін белгілі бір мерзімге дейін азайту. Әрине, мұны үкімет шешуі керек. Екіншіден, жеке­меншік ­меди­ци­налық мекемелер өздерінің жыл бойына істеген жұмыстары туралы жергілікті денсаулық сақтау департа­мент­теріне есеп беріп тұруы қажет. Өкінішке қарай, бұл мәселе әлі күнге дейін өз шеші­мін таппаған сияқты. Жоғарыдағы айт­қандарды қоры­тын­ды­лайтын болсақ, менің өз басым, мем­лекеттік-жекемен­шіктік әріптестік деген атты жамылып, жер­гілікті денсаулық сақтау департа­мент­терінен мемлекеттік тапсырыс деген атпен науқастарды кво­тамен емдеп жатқан жекеменшік ден­саулық сақтау мекеме­леріне көрсетіліп жатқан көмекке қарсы­мын. Себебі мұның артында жем­қорлық­тың мәселесі тұр, демек, бұл әріп­тестік халық үшін қалай десек те тиімді бола алмайды.
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Азиз УШУРОВ, Алматы қаласындағы «Тау Сұңқар» клиникасының директоры:
– Еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік енгізу жалғыз халық үшін ғана емес, сол медициналық ұйымдардың өзі үшін де тиімсіз болады деп есептеймін. Себебі Үкімет бұл серіктестікті құрумен денсаулық сақтау саласының тізгінін толықтай жекеменшік медициналық ұйымдарға берейін деп отырған жоқ. Бұл – уақытша басқару үшін табысталып отырған реформа. Сонда мемлекеттік мекемелерде қолынан басқару келетін, қаржы көзін дұрыс пайдаланып, ұтымды жұмыс жасай алатын менеджменттің жоқ болғаны ма, түсініксіз. Бізге мұндай жүйенің не пайдасы, не керегі бар? Ал халық үшін тиімсіз деп есептейтін себебім, менің ойымша, бұл серіктестіктің түбі тегін медициналық қызмет көрсетуді түбірімен жояды. Қазір мемлекеттік емханаларда білікті маман жоқтың қасы, кезек атаулыда шек жоқ. Ал Үкімет бұл жүйе арқылы біздің мамандарды өзіне тартқысы келеді. Мемлекеттен төленетін 50-60 мың жалақыға біздің шетелде оқытқан мамандарымыз жұмыс істемейді. Жалпы алғанда, мемлекеттік медициналық ұйымдардың қызметкерлерін де шетелдерде оқытуға болады, оқытып жатыр да. Бірақ олар Үкіметтің қаржысына шекара асып оқып келіп, мемлекеттік мекемеде жұмыс істемейді. Себебі олардың оқып келген білімі мен тәжірибе, біліктілігі берілетін жалақысына сай келмейді. Тағы бір үлкен мәселе – бәсекелестік. Қазір жекеменшік клиникалардың арасында бәсекелестік болғандықтан ғана сапа бар. Егер ол да жойылса, отандық медицина толықтай құрдымға кетеді, кетпегенде несі қалады?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста