Діннің саяси құрал екенін шын мойындап, дін істеріне мемлекеттің тікелей араласатын уақыты жетті ме?

Елімізде түрлі діни бірлестіктер қызмет етіп жатыр. Олардың қызметіне осы кезге дейін мемлекеттік реттеу болған емес. Мұны еліміздің әлемдік қауымдастықтағы батыс пен шығысқа ортақ конфессияаралық, халық­аралық келісімдер орталығы ретіндегі рөлімен де түсіндіруге болар. Алайда кейбір өзге дін құрылымдары басшыларының сол діннің негізгі орталықтары тарапынан тағайындалып, бұған қоса, олар атқаратын қызметтің мемлекеттік мүддеден бөлектеу көрініп жататыны жасырын емес. Мемлекеттік әкімшілік аумаққа бөлінбесе де, одан жоғары тұрса да, дін – идеологиялық қару. Сондықтан елдегі көптүрлі діни ахуалды мемлекеттік мүдде тұрғысынан реттеуге болмас па? Діни жарасымы нығая түскен еліміздің осыны қолға алатын кезі келген жоқ па?

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
Иә

– Жуырда Алматыдағы бір мешіттің қасынан өтіп бара жатып, ондағы айтылып жатқан уағызды құлағым шалды. Мешіттің имамы мемлекеттік саясатты келген жама­ғат­тың құлағына сіңіріп отыр. Міне, осыдан-ақ мем­лекеттің діни істерге әлдеқашан ара­ласқанын байқауға болады. Мені қуантатын бір жағдай бар. Біздің ұлт­шыл азаматтар ақылдары жеткен болуы керек, дінді саяси құрал ретінде пайдаланбай отыр. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Әрине, мен сіз­дің қойған сұрағыңыздың астарын түсініп отырмын.
Сіз неге Қазақстандағы кейбір діни орта­лық­тардың, ғибадат орында­ры­ның басшы­ларын басқа елдер сайлайды, неге оны өзіміз сайламаймыз деп айтқыңыз келіп отыр. Оның себебі мынау, Кеңес үкі­меті тарқағаннан кейін басқа діндер бір-бі­рінен бөлінген жоқ. Кеңес заманы кезінде Ба­­­бахан­ов деген мұсылмандар­дың басшы­сы бар-тұғын. Бәріміз соған бағынатынбыз. Ке­­йін, ұмытпасам 1991-1992 жылдары Қа­­зақстанның мүфтияты жеке бөлініп шықты. Бұл бірден-бір дұрыс шешім еді. Менің ойымша, Алаштың алға қойған мәселелерінің біреуі – мүфтияттың жеке бөлініп шығуы еді. Алаштың алға қойған мақсаттарының ішінде орындалғаны жалғыз осы сияқты маған. Әрине, оның жақсы жағы да, кемшін тұстары да бар. Кемшін тұсы дейтініміз, біздің Бұқара сияқты базасы мықты ірі-ірі жоғары діни оқу орын­дарымыз жабылды. Ал жақсы жағы – жеке мемлекет болғаннан кейін мүф­тияттың да жеке болғаны дұрыс. Ал енді Қазақстандағы правос­лав шіркеу­леріне келер болсақ, олар Ре­сейдегі діни басшының айтқанымен жү­реді, былайша айтқанда, соның мең­зеуімен іс-әрекет жасайды. Тек орыс шіркеулері ғана емес, басқа да діни бірлестіктер осындай. Оны қойып, біз­дегі қазақтар да Ресейдегі қазақ­­тар­дың айтқанын орындайды, соның бір бөлшегі, филиалы іспетті. Әрине, дін ұлттық мәселеден бөлек. Бір­ақ ұлттық мүд­деге келгенде мемлекет бар­лық нәр­сені талап етуі керек.

Ғарифолла Есім, Сенат депутаты:
Жоқ

– Қазақстан – зайырлы мемлекет. Зайырлы елде адам құқықтары бәрінен де жоғары тұрады. Ата Заңы­мызда әр адамға дінді, тілді өзінше таңдауы­на еркіндік берілген. Қазақ­станның заңының мықты болатын
себебі – осында. Біздің заңымызда мем­лекет діни істерге араласпайды деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сая­сат пен діннің арасында ешқандай үстемдік те, бағынушылық та жоқ. Дінге мемлекет бір-ақ жолмен араласа алады. Ол заң арқылы ғана. Заңның орындалуын қадағалау мемлекеттік ұйымдардың, органдардың міндеті болып табылады.  Менің ойымша, біздегі ұйымдар бұл міндетін дұрыс атқарып отыр. 
 Себебі қазір тек қазақ халқы ғана емес, әлем елдері Қазақстанда дінаралық тату­лық, достық орнағанын біледі. Нағыз бей­бітсүйгіш, берекесі жарасқан елде ғана бар­лық діндердің, барлық ұлттардың өкіл­дері тату-тәтті өмір сүре алады. Өздеріңіз көр­ші елдерде қандай жағдайдың болып жат­қанын көріп отырсыздар. Мемлекеттің дінге араласқанынан жақсы нәтиже шық­пай­тынын көзіміз көріп отыр. Әрине, мен мем­лекет пен дін бір-бірінен ажырап, ал­шақ­тап кетсін деп отырғаным жоқ. Олай бо­луы да мүмкін емес. Діннің де, мемле­кет­тік саясаттың да мақсаты бір – ол халыққа қыз­мет ету. Бірін-бірін толықтырып отыру. Қа­жет кезде біріне-бірі көмек көр­сету. Қыс­қа­ша айтқанда, біз мемлекеттік саясаттың дінге араласпағанының жемісін көріп отыр­мыз. Дініміз таза, халқымыз аман, жеріміз күн­нен-күнге құлпырып келе­ді. Жалпы, кез кел­ген халық үшін басты жеңіс, ол – татулық, бей­біт өмір сүру. Бейбіт өмір сүрген халық қана, ынтымағы жарас­қан ел ғана бір нәти­же­ге қол жеткізеді. Біз сондай жетістіктерге бү­гін қол жеткізіп отыр­мыз. Өткен жылдары Қа­зақстанда дәс­түрлі діндер съезі өтті. Жуыр­да ғана бәрі­міз ЕҚЫҰ-ның Астанада­ғы саммитіне куә болдық. Бірер жылдан ке­йін тарихтың алғашқы беттеріне алтын әріп­пен жазы­латын Астана Декларациясы қа­былданды. Мұның барлығы – діни және ұлт­аралық татулықтың нәтижесі. Мен қай­талап айтқым келеді, мемлекеттің дінге ара­ласуы­ның қажеті жоқ. Дін – қоғамдық құбы­лыс және сол күйінде қала беруі тиіс. Әр­ине, мемлекеттік саясат пен қоғам ар­қылы дін реттеледі. Бірақ дін мемлекеттік құбы­лыс болмағандықтан, әрбір адамның қандай дінді таңдаймын десе де өз еркі. Дін – әрбір адамның сезіміне қатысты мә­се­ле. Дінге араласу адамның жеке мүддесі мен еркіндігіне араласу болып табылады. Ал біздің мемлекет адамдардың жеке ісіне ара­ласпайды.

Бейтарап пікір
Оңғар қажы ӨМІРБЕК,
ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы:
– Кеңес үкіметі кезінде дін біраз тоқпақталды. Ондай тоқпақ қазір жоқ. Дегенмен мемлекет пен дінді бөлек деп қарайтындар бізде бар. Бұл, менің ойымша, дұрыс емес. Адамның жаны мен тәнін бір-бірінен бөліп тастауға болмайды ғой. Сол сияқты мемлекеттік саясат пен дінді ажыратып қарауға болмайды. Екеуі де халықтың мүддесі үшін қызмет етеді. Бірақ оның орындалуы екі түрлі болып келеді. Біз өзімізге қажетті жауаптың барлығын қасиетті Құраннан таба аламыз. Халқымыз енді ғана дінге бет бұрып келе жатқанда мемлекетті діннен бөліп тастағанымыз дұрыс болмайды. Дін де адамдарды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, қоғамға қызмет етуге тәрбиелейді. Мәселен, Діни басқарма өзіне жүктелген міндеттерді орындайды. Мемлекет оны бақылайды. Екеуі біртұтас ағза сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста