Cтуденттер сессиясына қоғамдық ұйымдарды бақылаушы ету арқылы ЖОО-лардағы жемқорлықты жоя аламыз ба?

Cтуденттер сессиясына қоғамдық ұйымдарды бақылаушы ету арқылы ЖОО-лардағы жемқорлықты жоя аламыз ба?

Сессия деген сөз студент болып, аудитория көрген әркімге де таныс. «Не ексең, соны орасың» дегеннің нақты көрінісін студенттер осы сессияда көреді. Семестр бойына жүгіріп оқыған студент сессияда суда жүзген балықтай еркін жүрсе, екінші бірі тіпті айлап төбе де көрсетпей, сынақ аудиториясында ғана көрінеді. Міне, осындай жағдайлар көптеген ЖОО-ларда түсінбестік туғызып, жемқорлықты өршітіп жатқан фактілер аз емес. Бұдан да басқа сессия кезіндегі келеңсіздіктер жетерлік, соларды жою үшін, ауыздықтау үшін бәлкім, қандай да бір қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру қажет шығар? Біз осы мәселені талқыға салып көрсек.

Алмасбек НҰҒЫМАНОВ, Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімінің кеңесшісі:
Иә

– Қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеп жат­қан азаматтардың балалары не ба­уыр­лары сол ЖОО-да білім алып жатыр. Сон­дықтан олардың өздері де осы білім жү­йесінде қандай бағыттар жүріп жат­қанын көру үшін, бақылау үшін, онда ке­леңсіздіктерді болдырмауға қандай да бір көмек беру үшін меніңше, сессия ке­зінде қоғамдық ұйымдарды қатыстыр­ған өте тиімді нәтиже берер еді. Бақылау бол­ғанда да қадағалау емес, жалпы ЖОО-ның ішкі процестерінен мағлұмат алу мақсатында, себебі бізде қадаға­лай­тын орган ол – министрлік.
Ал қазіргі біздің білім беру жүйесінің өзінің лайықты міндеттері мен тапсыр­ма­лары, өзіндік шарттары мен заңды­лық­тары бар. Енді осы тұста қоғамдық ұйым­дарды бақылаушы ретінде студент­тер сессиясына қатыстыру үшін онда оны алдымен белгілі бір заң аясында бекіту керек шығар. 
Мысалы, қоғамдық бақылаушы емти­хан не сынақ болып жатқан кезде сол ау­ди­­торияда отырар болса ұстазға да, сту­дентке де жақсы. Біз ұстаздың да құқын қор­­ғауы­мыз керек. Өйткені заман ағымына бай­ланысты бүгінде қоғамда түрлі өз­герістер болып жатыр, тіпті ұстаздың өзіне келіп «бұйрық» беріп кететін жағдайлар қазір жиі кездеседі. «Ана студент бәлен­шенің баласы, сессиядан сүрініп кетпесін, абай­лаңдар» дегендей сарында. Осыны ба­қылау керек. Сонымен қатар, ұстаздың өз тарапынан да заң бұзушылықтар болмай қалып жатқан жоқ. Міне, осындай жағ­дайларға шектеу қойып, жемқорлықты, сыбайластықты жою үшін алдымен қоғам­дық көзқарас қалыптастыру керек. Ал оған барар жол осындай бақылаушылық іс-әрекеттер.
ЖОО-лардағы жемқорлық жас­та­рымыздың лайықты білім алуына шектеу қойып жатыр. Көп студенттер бүгінде жасыратыны жоқ, білім емес тек диплом алсам болды деген мақсатта өсіп келе жатыр. Алайда ол сол тұста өз келешегіне өзі балта шауып жатқанын түсіне бермейді. Себебі құр дипломды маман еш жерге де керек емес. Мейлі, мемлекеттік қызмет болмай-ақ қойсын, қоғамдық ұйымның өзінде жұмыс істеу үшін де білім қажет. Сол себепті білім сапасын көтеруге тек жоғары оқу орындары ғана емес, сондай-ақ осындай қоғамдық ұйымдар да қы­зы­ғу­шылық танытса, ол жақсы жетістік болары сөзсіз.

Әсет ТҰРДЫҒҰЛОВ, Қазақстан Жастар одағының төрағасы:
Жоқ

– Меніңше, біз қандай да бір қо­ғам­дық ұйымдарды жоғары оқу орындарына бақы­лаушы етуден бұрын, бұл мәселенің ба­йы­бына барып алайық. Себебі бүгінде түр­лі мақсаттағы ұйымдар, бірлестіктер бар, оларға студенттер секілді ақыл-ой иесі, жастар күші аса қажет. Мәселен, ді­ни ұйым, діни секта делік, оларға ауди­то­рия қажет пе, қажет. Сол сияқты түрлі сая­си ұйымдар, оларға да жастар – да­йын қол­шоқпар. Сол сияқты ниеті бөтен, жа­­сы­рын идеологиялық жұмыстар жүргі­зе­тін ұйымдар үшін ЖОО-на бақылау­шылық жасау деген, әлгіндей қазынаға қол жет­кізу­дің ең тиімді жолы, қақпасы болмай ма? Көрдіңіз бе, біз осы жағын ойлап, жеті рет өлшеп, бір рет кеспесек, ертең «қо­­лымызды мезгілінен кеш сер­меп» қа­луы­мыз әбден мүмкін. Сон­дық­тан да қан­дай да бір ұйымды жоғары оқу орын­дары базасына кіргізуден өте сақ болуымыз шарт. Бұл бір дейік.
Екіншіден, бізде осы секілді сессия кезіндегі тәртіпті бақылауға қатысты бү­гіннің өзінде алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Білуімше, оны Қазақстан студенттер альянсы өткізген болуы керек, «Таза сес­сия» деп аталатын акция қаншалықты өз нә­тижесін берді, ол жағын да айта ал­май­мын. Айтарлықтай бола қоймады-ау!
Ал одан да бізге ЖОО-лардағы жем­қор­лықты ауыздықтау үшін сол оқу орындарының жанынан арнайы ұйым құрып, объективті, адал, тура деген ұстаздар, ата-аналар, тіпті белсенді деген студенттерді соған қатыстыру арқылы, сессия кезінде тәртіпті бақылауға алған тиімді секілді. Оны ректор тікелей өз қадағалауына алса, сол дұрыс болатын сияқты. Себебі мұның мынадай да жағы бар, мысалы, Алматыда қоғамдық ұйым құрып, оны айталық, сонау Өскемендегі оқу орнына бақылауша етіп жіберу керек. Біріншіден, ол жақтан өкілдер келу керек, екіншіден, оған көптеген ресми хаттар жіберу керек, сосын жіберген адамдарға кететін материалдық шығын жағы тағы бар, әңгімесі көп дүние боп кетеді. Соған сай нәтиже берсе жақсы ғой? Ол – бір, екіншіден, сессияның тез өтуіне кедергі жасайтын да сияқты. Тосқауыл болып дегендей. Бізде онсызда қағазбастылық, тез шешілетін нәрсені құжатқа қаратып қою деген оқиғалар жетерлік. Сондықтан әр оқу орнының бақылаушысы өзінде бол­са, бірақ тағы осындай жемқорлыққа жол бер­меу үшін оның құрамын әр кезде өзгертіп, кімдердің бақылаушы болатыны жасырын болса, мүмкін, бір нәтиже беруі.
Бірақ, меніңше, мұның бәрінен де бұрын бізге санамен жұмыс істеу керек. Мектептен, тіпті балабақшадан бастап ақшаның бәрін шеше қоймайтынын, керісінше, біліммен жақсы нәтиже, жақсы жетістік, тіпті жақсы қызметке қол жеткізуге болатынын үндейтін тәрбие берілгені анағұрлым тиімді болар еді.

Бейтарап пікір
Рахман АЛШАНОВ,
ЖОО-лар қауымдастығының президенті:
– Мұндай іс-шаралардың жемқорлықты жою-жоймауы екіталай. Дегенмен, енді сәл де болса, соны шешу жол­дарының бірі деп есептеймін. Алайда қазір кредиттік технология бойынша, ЖОО-лардың барлығында емтихан, сынақ атаулы тестке көшкен, студент компьютер ар­қылы тапсырады. Егер қандай да бір оқу орны, шын мәнінде, жаңа жүйеге көшкен болса, онда жемқорлық жайлы сөз де болмауға тиіс. Өзіңіз ойлаңыз, компьютерге кім не бере алады? Егер ол оқу орны кредиттік технологияға әлі көшпеген, аты бар да, заты жоқ болған болса, онда жем­қорлықтың болуы мүмкін онда. Мұның тағы бір жағы бар, мүмкін студент үйінен «сессияны жабуға керек болып жатыр» деп алдап ақша алып, өз қажетіне жаратуы да мүмкін ғой. Ата-анасы сеніп, баласының сұрағанын береді, сондықтан ата-ана да өз баласының дұрыс білім алуына, дұрыс жүріп-тұруына бақылау жасап, соған қызығушылық танытуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста