Бүгінгі қазақ әдебиеті қоғам дамуынан қалыс қалған жоқ па?

Көркем шығармамен көкжиегін кеңітіп, мағыналы мазмұнмен ой қиялын байытатын қазақ бүгінгі таңда әдеби әлемнің өліара шақты өткеріп жатқанына қапалы. Тіпті ұлт мәдениетін өзінің идеология қаруына айналдырған кеңестік кезеңнің өзінде халық нағыз әдебиеттен, шынайы, көркем, жанашыр шығармалардан қол үзбеген болатын. Керісінше, әдебиет қоғамның ілгерілеп, азаматтардың білім, білігінің артуына, рухани кемел тұлға болып қалыптасуына қызмет етті. Бүгінгі қазақ әдебиеті осы бағыт-бағдары мен ұлт алдындағы игілікті ісінен ажырап қана қалған жоқ, өзінің өміршеңдік принципінен де алыстап бара жатқандай. Ендеше, қазақ әдебиетін мұндай халге түсірген қандай күш? Рухани кеңістіктегі бұл саланы қоғам дамуынан қалыс қалып барады дей аламыз ба?


Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы:
иә
– Иә, әдебиет қоғам дамуынан қалыс қалды. Және бұл бүгін ғана туындаған мәселе емес. Бұдан бұрын да Дулат Исабектің осы сұрақ­қа былай жауап бергені есім­де: «Біз, жазушылар, қоғамның өзгерістерін бойымызға сіңіріп, қорыта алып жүрген жоқпыз. Ол – шығармашылық адамы үшін табиғи нәрсе. Оған уақыт керек», – деген. Сол сияқты Тәуелсіздіктің 20 жылы ішіндегі қоғамның саяси, әлеу­меттік, мәдени кезеңін бір қалып­қа салып қарауға болмайды. Осы 20 жылда бүкіл сала әртүрлі сатыға бөлініп кетті. Сая­си, әлеу­меттік, қоғамдық ше­шім­дер осы 20 жылдың ішінде бір­неше мәрте өзгерді.  
Соған байланысты біздің  дүниетаным­дық көзқарастарымыздың өзі де бірнеше мәрте өзгерді. Өз көзқарастарымызды өзіміз өзгертіп, өзіміз игере алмай жүрміз. Міне, осының бәріне жазушылар ілесе алмай келеді. Бүгінгі әдебиеттің орнына публицистика, журналистика түсіп кетті. Олар енді ұшқыр жанрлар болғандықтан, болып жатқан жаңалықтың бәрін бірден іліп әкетіп, жариялап жатады. Журналис­тиканың өзіне қарасаңыз, бұл көзқарас­тардың әртүрлі болып өзгеріп жатқанын көресіз. Мысалы, бір жылдары газет-журналдарда «Мерседес» мінген мәң­гүрттер» деген тақырыппен материал­дар шыққан болатын. Және «Мер­­­седес» мінген адам, шынымен де, мәңгүрт сияқты қабылданатын. Ал енді осыған бүгінгі күннің көзқа­ра­сымен қарасақ, ол енді тіпті күлкілі кө­ріне­ді. Бүгін ол әлеуметтік бір игілік ретінде ғана қабылданады. Міне, журналистиканың өзінде көзқарастар осылай  өзгере береді. Ал енді әдебиет деген бір күннің, бір айдың туын­дысы емес. Сондықтан жазу­шы­ларымыз жазып жатқан шығармаларын уақытына қарай тоқтатып қойып, қайта қарап, әлектеніп жатқан болуы мүмкін деп ойлаймын. Осы тұрғыдан оларды ақтауға  болады. Бірақ, шын мәнінде, әдебиет қалып қойды. Дегенмен заман­ның тамырын дөп  басып жүрген жекелеген жазушылар да бар. Мысалы, Төлен Әбдіков, Тынымбай Нұрмұхаметовті, жас­тардан Асқар Алтай, Таласбек Әсемқұлов, Нұрғали Ораздарды айтып жүрміз  қазір. Олардың жекелеген туындыларында бүгін­гі  қоғам бейнесі бар. Жалпы деңгей­мен айтқанда, әдебиет қоғамдық ойға ілесе алмай қалды. Ал енді әлемдік әдебиетпен салыстырып қараса­ңыз да, біздің әдебиет артта қалды.  Оларда қоғамға  сай жаңа шығармалар көптеп жарыққа шығып жатады және олар ескеріліп, марапатталып, сыйлықтар алып  жатады. Оның қасында біздің әдебиет әрекетсіз отырған сияқты көрінеді.


Нұрдәулет Ақыш, жазушы:
жоқ
– Әдебиетті «қоғамнан тыс­қары қалды» деп бірден шорт ке­сіп айту қиын. Әдебиет емес, әде­биет­ші­ле­ріміздің үлкен резонанс туғызатын қоғамдағы жағ­дай­лар­дан тыс қа­лып қалатын кездері болатыны рас. Бірақ бұл қоғам тыныс-тіршілігін жазатын әдебиет жоқ деген сөз емес. Қазір көп­шілікке әдебиеттегі жа­ңа кейіп­керлер мен жаңа бей­не­лер­мен, жаңа көзқарастармен та­нысудың өзі мұң болып қалуының негізгі себебі – әдебиеттің та­ра­луы­ның тоқтап қал­ғаны. Бұған қарап, «қо­ғам қажетсініп отыр­ған әдебиет жа­зылмай жатыр» деп кесіп айтуға бол­майды. Деген­мен, жалпы, өмірге келіп жатқан бүгінгі әдебиеттің та­қы­рып­тары қоғамнан алшақтап кеткені рас.   
Әдебиет күйзеліс үстінде. Бұрын біз әдебиетте тосқауыл көп дейтінбіз, бірақ кейінгі жылдары әдебиетте «сен мынаны айтпа, мынаны жазба» деген тосқауылдар бар деп айта алмаймын. Жазамын деген адамға жазуға мүмкіндік бар. Тек еркін көсіліп жаз­ғысы келетіндер биліктің есі­гіне көп жалтақтай ма деп ойлай­мын. Біздің жазушылар бүгінгі қоғамда өршіп тұрған діни мәселелер, жұмысшылардың еңбек даулары сияқты тақы­рып­тардан осы себепті де қалыс қалып жатыр дер едім. Кеңес кезіндегі әде­биет коммунистік партия­ны насихаттауға бағыт­тал­­ған болатын және жазу­шылар сол үшін тиын ала­тын. Сол себепті де сол кезде жазу­шы­лардың өмірі басқа маман­дық иелеріне қарағанда дұрыстау болды. Әдебиеттің халықтан алшақ кетуіне жазушылар кінәлі емес. Оған тарату жұ­мыс­тарының жоқтығы себепкер. Сондық­тан қазір бізге бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігін нақты көрсететін әдебиеттегі әңгіме жанры қажет. Ол газет арқылы болсын, интернет арқылы болса да,  басқа құралдар арқылы болса да тез тарайды. Рас, қазір жүздеген беттерден тұратын романдар жазып, ол романдарды халыққа тарату қиын болып қалды.  Кітапты оқитын нағыз қазақ ауылда. Бірақ ауылға жазыл­ған дүние жетпейді. Қазір әкімқараларды мақтайтын кітаптарды жергілікті атқарушы органдар мұғалімдерге, дәрігерлерге, мем­лекеттік қызметтегілерге күштеп таратады. Ондай сын көтермейтін кітаптар сондықтан да көбірек таралады. Ал енді қоғамның шындығын жазған, ақиқатқа ұмтылған әдебиеттерді жазған жазушылар ол кітаптарын сөмкемен өзі арқалап таратып жүр. Оның аяғы қанша жерге  жетеді дейсіз? Дәл бүгінгі уақыттың өзі әдебиет пен оқырманды жақындатуға қызмет жасайын деп тұрған жоқ. Оларды бір-біріне жақындатудың жалғыз құралы бүгін  интернет пе деп ойлаймын. Бірақ біз­дің ақын-жазушылардың көбі сол ин­тер­нетпен достаса алмай жүр. Мен өзім жа­ңа шығарманы интернеттен іздеп жүріп оқитын адамдардың бірімін. Сондықтан да кітап оқығым келсе, интернеттен шы­ғар­маларды іздеп отырамын. Бірақ орыс тіліндегі жаңа әдебиеттерді интернеттен бірден тауып аламын да, қазақ тіліндегі ең­бектерді таба алмаймын. Осындай се­беп­терді негізге алып, біздегі интернеттегі әдебиеттің мүмкіндігін арттыру керек.

Түйін
Бұдан бірнеше жыл бұрын жазушы Құдайберген Бердіоңғаровтың көшеден өткен-кеткенге кітабын тегін таратып жүргенін көріп, әрі-сәрі күй кешкенім бар еді.  Жазушының бұл әрекеті  жылдар бойы көз майын тауысып, көңіліндегіні ақтарғаны «үй архивінде тозғанша, көпке жетсін» деген мақсатты сезіндірген. Мәселе оның қай деңгейдегі жазушылығында да, кітабын қай жерде, қалай таратуында да емес, мәселе – оның шығармашылыққа деген махаббатында. Әдебиет әлемі қоғамның тамыршысы болуымен өтімді. Десек те, жазушы кітапқа деген махаббатымен ұлық. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста