Бүгін – Рейхстагқа Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні

19 қазан – Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен көзге түскен, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында туған. 1942 жылы 18 жасында Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынады. Ал 1944 жылы Тамбов жалпыкомандалық жаяу әскер училищесін үздік тәмамдап, кіші лейтенант шенінде майдан шебіне қосылады.

 

Майданда Рақымжан Қошқарбаев ерен ерлігімен талай рет көзге түсті. Ол басқарған взвод Одер өзенінен Рейхстагқа дейін 200 немістің көзін жойып, 184-ін қолға түсірді. Қан майданда жаудың 14 зеңбірегін, 27 үлкен калибрлі пулеметін, көптеген мылтық, оқ-дәрілерді тәркілеген. Осы ерліктері үшін Рақымжан Қошқарбаевтың взводына «Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені табыс етіледі.

 

Соғыстың соңына қарай лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 150-ші атқыштар дивизиясы 647-ші атқыштар полкі барлау взводының командирі болды. Осы тұста жанкешті қазақ батырының есімі майдан шебінде аңызға айналды.

 

Қазіргі уақытта Ресей СІМ-нің ресми парақшасында Рейхстагтың қасбетіндегі алғашқы Қызыл жалауды 1945 жылғы 30 сәуірде 150-ші атқыштар дивизиясы 674-ші атқыштар полкінің жауынгерлері лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов орнатқаны туралы жазба бар.

 

Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-67 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор болды. Ал 1967 жылы «Алматы» қонақ үйінің алғашқы директоры болып, бұл қызметті 1988 жылы қайтыс болғанға дейін атқарды. Бүгінде қонақ үйдің кіреберісінде Халық қаһарманына арналған ескерткіш тақта бар. Бір қызығы, кезінде бұл ғимараттың орнында Әскери Әулие-Алексей соборы болған.

 

Сонымен қатар, биыл көктемде Ресейде қазақ батыры жайлы деректі фильмнің тұсаукесері өткенін біреу білсе, біреу білмейді. Айта кетсек, 2022 жылғы 30 сәуірде Мәскеудегі Поклонная тауындағы Жеңіс музейінің кинозалында «Ұлы Отан соғысының Батырлары: Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туынды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

 

Фильм рейхстаг шабуылына қатысушы қазақстандық лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов туралы. Шығармашылық туынды олардың 1945 жылғы 30 сәуір күні жау жаудырған оқтың астында фашистік бекініске кіріп, қабырғаға Жеңіс туын орнатқаны туралы баяндайды.

 

Сондай-ақ фильмнің тұсаукесері өткен Жеңіс мұражайындағы «Халық ерлігі» экспозициясында Рейхстагты алу сахнасында Қошқарбаев пен Булатовтың мүсіндері пайда болды.

 

«Ұлы Отан соғысының батырлары...» фильмінің жабық көрсетіліміне КСРО халық әртісі Василий Лановой, Ресей халық әртісі Александр Михайлов, қазақ батырының ұрпақтары – қызы Әлия Қошқарбаева және немересі Дәурен қатысты.

 

Гүлнар Исакова, «Мәскеу ұлттар үйінің» мәдени-ағарту қызметінің маманы:

 

– Кинодағы соғыс тақырыбы – бейбітшілікте өткен бақытты балалық шағымыз үшін даңқты ата-бабаларымызға деген құрмет. Бұл фильмде біздің отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев, фашистік ордаға жасалған соңғы шабуыл және осы қорқынышты соғыстың Жеңіс нүктесі туралы баяндалады. Әрине, бүгінде деректі фильм түсіруге мүмкіндік әлдеқайда көп. Мұрағаттық құжаттар, кинохроникалар қолжетімді. Бірақ, туынды авторлары кейіпкерді бірінші кезекте, үлгілі өмір сүрген, адамдарды, өз қаласын, өз жұмысын жақсы көрген, дос бола білген адам ретінде көрсеткені дұрыс деп ойлаймын. Және ол өмірге деген сүйіспеншілігімен көптеген адамдарды тәрбиелеп, өзі жайлы өте жақсы естелік қалдырған адам. Ол естелік бүгінге дейін көздің қарашығындай сақталып келеді. Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы көшеде тұрып жатқаным қандай сәттілік. Осы көшенің бойындағы мектепте батыр қызымыздың портреті мен есімі жазылған мемориалды тақта, музей бар. Қуаныштысы, балалар оның жауынгерлік жолын, ерен еңбегін біледі, құрметтейді. Жастарымызды осы үлгіде тәрбиелеуіміз керек, бізді де солай тәрбиеледі. Және осындай фильмді балаларға көрсетіп, оны үлкендермен бірге талқылау қажет. Балалар өздерін жеңіске жеткен даңқты батырлардың ұрпағы екенін біліп жүруі тиіс.

 

Иван Тихомиров, Қазақстан митрополий округі істерін басқару референті:

 

– Құдайдың қалауымен тұсаукесерге қатысудың сәті туды. Көргенімнен ең жылы және оптимистік әсер алдым. Ұлы Жеңіске жету жолында өз өмірін қатерге тігіп, бұйрық болмаса да, ізгі ниеттерімен қолдан қызыл ту жасап, оны рейхстаг ғимаратына тіккен батырлар туралы туынды. Бұл екі жас жігіттің пайдақорлық ниетпен емес, өз Отаны мен өз халқына деген шынайы терең сүйіспеншілік сезімдерінен туған ерліктері ерекше әсерлі. Қазір ресми нұсқаға қайшы келетін, бірақ бюрократиялық тосқауылдардан өтіп, ақиқат екені расталған осындай оқиғалар туралы айту өте маңызды. Тарих әрқашан өз батырларын есінде сақтайды, қашан да әлемге шындықтың бетін ашатын адамдар болады.

 

Евгений Попов, «АРТОС» кинокомпаниясының бас директоры, «Ликвидация», «Исаев», «Жизнь и судьба» көп сериалы фильмдерінің продюсері:

 

– Менің серігім Константин Харалампидистің бұл талантты туындысы – Жеңіс туын ұстаушылар, Ұлы Отан соғысының жанкешті және қарапайым батырлары туралы. Бұл фильмді біздің Отанымыздың әрбір азаматы көруі тиіс. Өз кәсібімен Отанға аянбай қызмет еткені үшін режиссерге рақмет.

 

 

Айдар Өрісбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста