Біз Абайға тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қарай алып жүрміз бе?

Біз Абайға тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қарай алып жүрміз бе?

«Аспандағы ай мен жұлдызды зерттегеннен гөрі, қасыңда жүрген жанды танып білу қиын» депті ғұлама Ұлықбек. Сол айтқандай, Гете, Байрон, болмаса Пушкин, Толстой деп тамсанатын қазақ өз Абайын өзіне лайық деңгейде тани алды ма? Туылғанына 170 жылдай толса да, біз ұлтымыздың маңдайына біткен бірегей дана, хакім, ойшыл Абайдың болмысын қаншалықты зерттеп, әлі қаншасын зерттей алмай отырмыз? Тіпті әрі-беріден алғанда, Тәуелсіздік алғалы 20 жылдан асып кетсе де, біз Абайға жаңаша көзқарас тұрғысынан қарай алмай отырған секілдіміз. Осыны сараптап көрсек.


Болат ӘБДІЛМАНОВ, актер:
иә
– Абайды біз осы күнге дейін қалай танып келдік, бүгін қалай танып жүрміз де­генге біржақты жауап беру қиындау. Алай­да мен «Абайды тану кешегі көзқараста қалып қойды» дегенмен келісе алмаймын. Себебі, бір байқағаным, бүгінде жастар арасында Абайды оқуға, Абайды тануға деген ерекше құлшыныс байқалады. Оған жастардың қал­та телефондары мен интернетте жүрген Абайдың қарасөздері, өлеңдерінен тұратын түрлі қосымшаларды дәлел етіп келтіруге болады. Яғни ол да осы бір хакім, дана, ғұ­­ла­маны оқып, сол арқылы өзін тануға деген құлшынысты аңғартатындай. Ең ал­ғаш Абайдың қарасөздерін дискіге жазу барысында өзім де үлес қосқан бола­тынмын. Сол дискідегі үнімді әлі күнге дейін ел-жұрттың, әсіресе жастардың, сон­­дай-ақ әншілердің де тыңдап жүргенін жиі кездестіріп қаламын. Қазір техника жаңарып, технология дамыған кезде Абай, тіпті Айфонға да «көшіп алды».
Ал енді Абайды түсіну дегенге келсек, тарихи кезеңдерге сай белгілі бір тұлғаны қабылдау, әрине, өзгереді. Бұрын біз, ра­сында, Абай хакімге кеңестік көзқараспен қараған да шығармыз, яғни, әкесі Құнан­бай ескішіл, феодал болғандықтан, Абай оған үнемі қарсы шығып отырған, тіпті өз қоғамымен қайшылас болды деген сияқты. Мүмкін, кезінде Абайды кеңестік цензурадан аман алып қалу үшін сол тұс­тағы біздің қаламгер, ғалымдарымыз солай етуге мәжбүр болған шығар. Әйт­песе қазақшыл, ұлтшыл Абайды кеңес­шіл­дер халыққа қауіпті тұлға деп «отқа жағып, зынданға салып» тастар ма еді?.. Жалпы, Абайдың ғажаптығы сонда, әр жаста оқысаң, әрқалай қабылдайсың, жасың ұлғайып, ақылың толысқан сайын тере­ңірек түсіне түсетін секілдісің, жас күнде­гіден қарағанда. Өзімнің кезінде Абайды сомдаған, Абай боп сөйлеген кездеріме қазіргі көзбен қайта қарасам, «әттеген-ай» дейтін тұстарым табылып қалады. Сол сияқты Абайды кешегі тануымызға да біз бүгінгі Тәуелсіздік заман тұрғысынан қара­сақ, сондай тұстар көптеп табылатын сияқ­ты. Біз солай қарай бастадық та. Әйтпесе жоғарыда аталған ақынның қара­сөзін соңғы технологияға көшіріп наси­хат­тау секілді әрекеттер болмас еді. «Зама­нына қарай заңы» дегендей, нені болсын әр заманның сұранысына сай бейімдеген дұрыс. Айталық, бұрын бір тұлғаны таныту үшін ол жайлы том-том кітап, құлаш-құ­лаш мақала жазу керек болса, қазір, шыны керек, жастар ұзақ дүниелерді қабылдай қоймайды, сондықтан оларға өз қабыл­дау­ларына лайық формада насихаттау ке­рек, ал қызығушылық оянса, сосын өзі терең ізденеді. Мен осы тұрғыда бір мысал айтсам, әлгінде айтқандай Абайдың қара­сөзін өз телефонына жүктеп алып тыңдап жүрген Жігіттер тобының әншісі Бағланнан әдейі бір күні «сен неге Абайдың кітап­та­рын оқымайсың, неге телефоннан тың­дай­сың?» деп сұрадым. Сөйтіп ем ол: «аға, шынымды айтсам, мен кітаптан оқыдым, бірақ түсіне алмадым, ал актердің үнімен тыңдағанда қарасөздің әр сөзі, әр дыбысы жанданып, жетеңе жетіп, тура жүрекке әсер етті. Мен ғана емес, жастардың бәрі­не осы форма жақын әрі әсері де мол» деді. Бұл менің өзімді алға тартып, мақ­танғым келгеннен емес, жалпы бүгінгі буын­ның қабылдау тәсілінің өзгергендігін білдіреді. Жалпы, кеудесінде қазақ деген жүрегі соғып тұрған қазақтың қай кезде де Абайды керексіз қылып шығармайтыны ақиқат. Мүмкін, кітаптан оқымайтын шы­ғар келер ұрпақ, бірақ ол қазақ оны оқы­май қойды деген сөзі емес, себебі оқымаса да, аудиоқұралдар арқылы тыңдайды, кинотуындылар арқылы көреді, интернет арқылы оқиды, қызыққан жаңа тәсілмен зерттейді деп сенемін өз басым. Сондықтан біз Абайды Тәуелсіз көзқарас тұрғысынан зерттей алмай, тани алмай отырмыз деп байбалам салудың қажеті жоқ.


Айгүл ІСМАҚОВА, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Біз Абайдай адамзаттық деңгейге ХХ ғасырдың басында-ақ шығып кеткен тұл­ғаға әлі күнге кеңестік шектеулі көзқарас тұрғысынан қарап, «етек басты» жасап келеміз. Неге? Енді қараңыз, Достоевский, Толстой, Пушкин секілді тұлғаларын орыс­тар бүге-шігесіне дейін зерттеп, тіпті олардың атындағы оқулар жыл сайын ұлттық мереке деңгейінде өтеді. Ал біз «Абай керемет, Абай тұлға» деп тіліміз сайрағаны болмаса, шын мәнінде, бүгінде осы ғұлама, хакім тұлғасын, тіпті бір өңірдің ақыны, Семейдің ғана перзенті деңгейіне дейін түсіріп тастаған жайымыз бар.  Сен­бесеңіз, мынаған қараңыз, біз Абай­дың жылына бір рет келетін туған күнінің өзін Алматы мен Астана секілді Алаштың негізгі қалаларының зәулім сарайларында емес, жай ғана Абай ескерткішінің түбінде бес-алты ақынға өлең оқытып қойып, жетім қыздың тойындай бір нәрсе өткізе­міз.
Қазір Абай әдебиетте жүрген бес-алты ақын-жазушы мен өзін «абайтанушы» атан­дырып алған адамдарға ғана қажет секілді. Ал, шын мәнінде, ол қазақтың Бас ақыны ғана емес, ғаламдық деңгейде ой толғайтын хакім, ғұлама ғой?!. Бірақ соны Ұлттық деңгейде тани алмай, қазақты сүюде басты бағыт ете алмай, Тәуелсіз елдің идеологы ете алмай отырғанды­ғымыз сол, кешегі ықпалдан, яғни, кеңес­тік көзқарастан арыла алмай жүргендігі­міздің айғағы. Әлі күнге «Абай – ағартушы, Абай – коммунист» дейтін де ғалымдары­мыз бары өтірік емес. Сұмдық емес пе? Ал ағартушы деген кім, ол жай ғана қараңғы қоғамда өмір сүрсе де білім алған сауатты адам деген сөз. Ал Абайды олай тану, қор­лау емес пе? Сондай-ақ орыстілді оқы­ғандарымыздың қазақша сөйлеу туралы сөз қозғала қалса, тілге тиек ете қоятын бір уәжі бар, яғни, «Абайдың өзі таза білім мен ғылымды меңгеру үшін орыс тілін мең­геру керектігін айтқан» дейді. Солайша Абай орыс тілін қолдаған, орысшыл, батыс­шыл болып шыға келеді. Ал қазақ­тың ұлы тұлғасын өз контексінен жұлып алып, осылайша, өз халқына қарсы қоюға оларға кім рұқсат берді? Ал шындықты нағыз абайтанушы ғалым Қайым Мұха­мед­ханов кезінде, «иә, Абайдың тұлға болып қалыптасуына орыс демократтары­ның ықпалы болды, бірақ бұл Абайды Абай қылған солар деген сөз емес қой, Абай ол бұрыннан Абай ғой, ол әл Фара­би, Ахмет Ясауилерді оқып, даналықты әуелі Шығыстан алған, күллі Шығыс кітап­ханасын меңгерген, телегей білім иесі ғой?..» деп таразылап берген. Міне, нағыз Абайды зерттеудің дұрыс бағыты. Ендеше бүгін біз Тәуелсіздік заманында неге осы Қайым салған жолмен жүрмейміз? Мәсе­ле бірақ Абайды әлі сол «кеңестік шекпен­нен» шығармауға тырысып жүрген тотали­тарлық кезеңде білім алған ағаларымыз ғой, шыны керек. «Ағартушы» деп төмен­детіп жіберген және содан биікке шы­ға­руға мүмкіндік бермей жүрген солар. Ал, шын мәнінде, Тәуелсіз көзқараспен зерт­теу дегеніміз – Абайды өз ұлтынан бөлмей, шығыстық тамырынан үзбей әрі әлемдік тілдерге аудару. Осы ретте мен Ғалымжан Мұқановтың Абайды французшаға аудар­ғанын ғана ерекше мақтанышпен алға тарта аламын. Сорбонн университетінің ға­лым­дары сол аударманы өте биік дең­гейде бағалады. Ал Абайдың әлі күнге сауатты ағылшынша аудармасы жоқ. Жал­ғыз бұл емес, біз хакім Абайды ескіше көз­қарастан құтқару үшін жан-жақты жұмыс­тар жүргізіп, ғылыми тұрғыдан жаңаша тә­сілдермен зерттеуге тиіспіз.
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Ащы да болса, ақиқат дұрыс, ендеше біз бүгінде әлі Абайды әдебиеттерде әлі сол «ағартушы», «орысшыл» және «қазаққа үнемі ұрысып, жерге тығып отыратын» немесе «Құнанбаймен қайшыласып» өткен тұлға етіп көрсетіп отырғаны өтірік емес. Ал сонда Абайдың Байтұрсынов айтқан «Қазақтың Бас ақыны» деңгейі қайда? Болмаса Шығыс шайырларының шырынын сорып, балын ішкен Абайды танып-білуімізге не кедергі? «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген ғаламдық ауқымда ой толғайтын Абайды қайтсек, сол деңгейде өз қазағына ұқтырар екенбіз?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста