Бір соттың шешімін екінші соттың бұзуы заңның солқылдақтығынан емес пе?

Бір соттың шешімін екінші соттың бұзуы заңның солқылдақтығынан емес пе?

 

Халықаралық жиындардың бірінде АҚШ сауда палатасының Қазақстандағы өкілдігінің президенті Кеннет Мак «сот жүйесінің тазалығы мемлекеттің демократиялылығын анықтайтын ядро болып табылады. Ал сот жүйесі дұрыс жұмыс істемесе, онда мемлекеттің барлық жүйесі дертке шалдығады» деген пікір айтқан еді. Шетелдік өкілдің біздің соттардың қаншалықты біліктілігін біліп айтқанын немесе білмей айтқанын қайдам, бір анығы – елімізде күнделікті сот процесі кезінде бір соттың шығарған шешімін екінші соттың жоққа шығаруы немесе бұзуы жиі кездесіп жатады. «Ет сасыса – тұз себеміз, тұз сасыса не себеміз?» демекші, істің ақ-қарасын тек сот қана шеше алады» деп үлкен үміт күтіп барғанда, сот шешімінің қайта-қайта бұзылып жатуы көңілге кірбің түсірері сөзсіз. Осы орайда «Сот шешімінің бұзылуы соттардың біліксіздігінен бе, әлде заңның солқылдақтығынан ба?» деген сауалды мамандар назарына ұсынған едік...

akmaral-sagymkyzy-ia

Ақмарал САҒЫМҚЫЗЫ, заң ғылымының кандидаты:

Жоқ
– Бір соттың шешімін келесі сот инстанцияларында бұзу, өзгерту кездесіп жататыны рас. Бүгінгі күні азаматтардың даулары бойынша істер бірінші саты бойынша аудандық сотта қаралса, одан кейін облыстық (қалалық) соттың апелляциялық сатысында қаралып, шағымданушы қанағаттанбайтын болса, кассациялық инстанцияда, одан кейін қадағалау тәртібімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында қаралады. Қолданыстағы заңнамада белгіленген бұл тәртіптің мақсаты – іс бойынша заңды, негізді шешім шығаруды қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібімен істерді қарау барысында іс бойынша қабылданған шешімдерге өзгертулер енгізілуі немесе жаңа шешім қабылдануы мүмкін.

Мұндай жағдай әртүрлі себептерге байланысты кездеседі. Мәселен, кейбір жағдайда бұл шешім шығарған соттың дәлелдемелерге дұрыс баға бере алмауына байланысты болса, кейде алғашқы істі қарау барысында дәлелдемелердің жеткілікті түрде жиналмауына байланысты болуы мүмкін. Осы орайда айта кететін жағдай – азаматтық процесте дәлелдемелерді жинау және сотқа ұсыну тараптарға жүктеледі. Судьялардың тәжірибесінің аздығы, заңды дұрыс түсінбей, дұрыс қолданбауының аяғы сот қателігіне әкеліп соғады.

Заңды солқылдақ деп айта алмаймын. Бірақ қолданыстағы заң нормаларының кейбіреулері жеткілікті түрде белгілі бір қарым-қатынастарды реттемейді. Бұл – заңнама кемшілігі. Сондықтан бұл да сот шешімін шығару кезінде қателік жіберудің себебі болуы мүмкін. Алайда білікті сот заңның бұрмалануына жол бермейді. Сондықтан көп жағдайда сот шешімдерінің қайта-қайта бұзылуы соттың біліксіздігіне байланысты туындайды.

Судьялардың шығаратын шешімі, олардың жұмысы бақылаусыз емес. Жыл сайын судьялардың жұмысына баға беріліп, жіберген қателіктеріне назар аударылып отырады. Егер судья үнемі қате шешім шығарып, оның шығарған шешімдері бұзылып, өзгертіліп жатса, мұндай судьяға қатысты тәртіптік шаралар қолданылады. Бұл – өте дұрыс нәрсе, себебі сот әділдігін жүзеге асыратын судьяның кәсіби біліктілігін әрқашан дамытуына септігін тигізеді.

karibai-tasshabaev-jok

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, адвокат:

Иә
– Дәл қазіргі таңдағы біздің сот жүйеміздің өзі осындай болып отыр. Яғни сатылы түрде бірінші соттың қараған ісін екінші соттың да қарауына ұсынуға болады. Бұл жерде соттарда тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, заң дұрыс болуы керек. Заң дұрыс болса, соттардың бұрмалауына көнбес еді. Заңымыздың солқылдақтығы соттардың осындай іс-әрекеттерге баруына жағдай жасап отыр. Заңның солқылдақтығын пайдаланып, соттар да қолдарында тұрған істі қалай болса солай түрлендіруге жол беруде. Бізде, негізінен, көпсатылы сот деген түсінік қалыптасқан. Сатылы түрде істің бір соттың қолынан екінші соттың қолына өтіп жатуы қалыпты жағдай саналады. Жүйенің өзі осылай құрылған. Мұны өзгерту үшін заңды түбірімен қайта қарау керек.

Дәл қазіргі таңда заңның солқылдақтығы соттардың өзін шатастыруда.

Мәселен, бір сот бір баптың бірінші тармағымен үкім шығарса, келесі сот дәл сол баптың екінші тармағымен үкім шығаруы ықтимал. Ол тармақтар бір-біріне ұқсас болуы да әбден мүмкін. Алайда айналып келгенде, бірінші соттың шешімі бұзылған болып шығады. Ал тараптардың бір жағы сот шешіміне наразылық білдіріп жатады. Осындай заңдардың қолданыста бар екенін жасырмауымыз керек.

Аудандық соттың шешімі облыстық соттың апелляциялық қарауына ұсынылады да, одан әрі Жоғарғы соттың кассациялық сатысында қаралады. Нәтижесінде, солқылдақ заң біресе олай, біресе былай тартылып, соттардың өзін қайта-қайта шешімін өзгертуіне алып келеді. Сотта қаралған бір іс адамның тағдырын шешеді. Сондықтан заңдарымыз әділ шешім шығаруға ыңғайлы, әділ заң болуы тиіс. Заң өз күшінде жұмыс істейтін болса, соттардың илеуіне көнбес еді. Сондықтан бір соттың шешімін екінші соттың бұзып жатуы толық жетілмеген заңның әсерінен деп ойлаймын.
Жалпы, біздің заңдарымыздың ішінде мұндай шикі заңдар жетерлік. Сондықтан заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Сот және құқық жүйесіне түбегейлі реформа, тұтас тұжырымдама керек. Сонда ғана солқылдақ заң мен әділетсіз соттан арылатын күн туады.

Бейтарап пікір
Әуезнұр ҚАЖЕНОВ,
Павлодар облыстық сотының төрағасы:
– Заңдарымызға құқықтық реформа жасау қажеттігі – көптен бері көтеріліп жүрген мәселе. Қоғамның дамуына сәйкес заң да бір орында тұрып қалмай, дамып отыруы тиіс. Рас, заңдарымыздың ішінде шикі дүниелер баршылық. Алдағы уақытта осы заңдарға реформа жасалса, көп нәрсенің басы ашылып, әділ шешім шығаруға мүмкіндік жасалар еді. Сондай-ақ бір соттың шешімін екінші соттың өзгертуі бірінші соттың біліксіздігінен деген – қате пікір.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста