Балабақша ашу үшін берілетін лицензияны алып тастау дұрыс шешім бола ма?

Балабақша ашу үшін берілетін лицензияны алып тастау дұрыс шешім бола ма?

Биылдан бастап «Лицензиялау туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Енді жаңа құжат бойынша балабақшалардың лицензиясыз жұмыс істей беруіне болады. Ал осыған дейін арнайы рұқсат алған балабақшалардың барлығы лицензиясын мемлекетке кері қайтаруы тиіс. Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс шағын және орта бизнес саласындағы қағазбастылықты азайтып, жеке кәсіпкерлерге жеңілдік жасау мақсатында енгізілген. Әйтсе де жаңа өзгеріске үрке қарап, «қабылданған жаңа бастама лицензиясыз балабақшаларға деген күдікті күшейтіп жібермей ме» деушілер де баршылық. «Лицензиялау туралы» заңға енгізілген жаңа толықтыруларға орай мамандардың пікірін сұрастырып көрген едік.


Тимур НАЗХАНОВ, ҚР Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:
Иә
– Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Өйткені балабақшаларды лицен­зия­сыз-ақ бақылап отыруға, жауап­кер­ші­лігін күшейтуге болады. Рас, мен де ли­цен­зия­сыз балабақшаға ба­лам­ды ойланып барып берер едім. Өйткені лицензия берілетін кезде қойылатын негізгі та­лап­тар­дың ба­ла­­бақша ашу кезінде сақтал­ма­ға­нын біле отырып, ата-аналардың ба­ласын кез келгеннің қолына сеніп тап­сыруы екі­талай. Дегенмен ендігі жерде ба­ла­бақшаларға прокуратура, са­ни­тар­лық-эпидемиологиялық бақылау ор­ган­дары секілді қадағалаушы ме­ке­ме­лер тарапынан қадағалауды кү­шейткен жөн. Яғни жаңа өзгеріске сай балабақша ашатын жеке кәсіпкерлер қағаз­бас­ты­лық­тан арылса да, іс жүзінде дұрыс жұ­мыс істеп жатқанын тексеруші ме­ке­ме­лер­ге көрсетіп отырғаны дұрыс. 
Дегенмен, осы орайда  айта кетер жайт, заң жүзінде кәсіпкерлерге жеңілдік жаса­лып жатыр, қағазбастылықтан арыл­тып жатырмыз дегенімен, әлі де болса кәсіп­керлер кездесетін қиындықтар өте көп. Мәселен, «Лицензиялау туралы» заң­ға өзгерістер енгізіліп, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мүгедек жандарға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, туристік және ветеринарлық емдеу қыз­меттерін ұсынатын ұйымдарға жеңілдік енгізілгенімен, кәсіпкерлерді аттестациялау туралы өзгеріс енгізіліп жатыр. Бұған дейін балабақша ашу үшін бірнеше тексеруден өтіп, заңды тұлға мекенжайын ауыстырса, қайта лицензия алатын болса, енді мұның барлығы жойылады. Алайда аттес­тациялауға орай кәсіпкерлердің тиісті орындарға өткізетін қағазы бұрын­ғыдан асып түспесе, кеміген жоқ. Сондықтан тиісті орындар шын мәнінде кәсіпкерлерді қағаз­бастылықтан айырып, жеңілдік жасауды ойласа, тиімді өзгерістер жасаса, дұрыс болар еді. Ал лицензиялауды алып, аттес­та­циялауды кіргізу секілді өз­герістер кәсіпкерлердің жұ­мысын одан әрі күр­делендіре түсуде.
Ал дәл қазіргі таңда еліміздегі бала­бақ­ша­лардың жетімсіздігі бар­шаға аян. Балабақшаға іліне алмаған балаларын ата-аналардың үйге қамап кетуі нәтижесінде тіркеліп жатқан қайғылы жағдайлар да аз емес. Осы орайда жекеменшік балабақшаларды ашуға мемлекет тарапынан әлі де болса жағдай жасалып, жеке кәсіпкерлерді қол­дауға арналған шешімдер қабылданса, дұрыс болар еді. Ал жекеменшік бала­бақ­шалардың талапқа сай жұмыс істеуін қадағалаушы орындардың құзыретіне берген дұрыс.


Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
Жоқ
– Жоқ, «Лицензиялау туралы» заңға ен­гізілген бұл өзгеріс дұрыс емес. Өйт­кені кәсіпкерлердің жұмысын қолдау мақ­сатында жасалып отырған өзгеріс кәсіпкер үшін тиімді екені анық. Бірақ таяқтың екінші ұшы бар. Бала­бақшаларға ли­цензия беру кезінде сақталатын та­лап­тардың бәрі жойылса, талапқа сай келмейтін ба­ла­бақшалардың көбейіп кетуі әбден мүмкін. Лицензиясыз-ақ ба­ла­бақша ашу мүмкін болса, кім көрінген ба­ла­бақша ашып, тіпті балаларды өз мақ­сатына пайдаланғысы келетін діни топ­­тардың да балабақша ашпасына кім кепіл?!
Лицензиясыз балабақша ашу де­ге­ні­міз – талаптарға сай келмейтін мек­теп­ке дейінгі орталықтардың санын қаптату деген сөз.  
Осыған дейін Алматы, Астана сын­ды ірі қалаларда діни ұйымдардың ба­ла тәрбиесіне араласып, бала­бақ­ша­лар­ды қаптатып жібергені рас. Олар бала­бақ­шалардан лицензия талап етілген күннің өзінде сондай әрекетке бар­ды. Ал енді олардың арам пиғылын іске асыруға тіпті жол ашып берген жоқпыз ба? Өйткені жаңа заң бойынша осындайлардан сақ­та­нар механизмдер мүлдем жоқ болмақ. Сондықтан өз басым білім саласындағы мектепке дейінгі білім беру меке­ме­лерін лицензиялау керек деп санаймын. Білім саласы ті­ке­лей мемлекеттің ба­қы­лауын­да болуы керек. Болашағымыз саналатын балалар дұрыс тәрбие алып, жауапкершілігі жоғары мекемеде тәрбиеленуі тиіс. Заңға сәйкес биз­несті қолдаймыз деп, балабақшаны ойын­­шыққа айналдыруға мүлдем бол­май­­ды. Рас, елімізде балабақшалар жетіс­пейді. Алайда жекеменшік бала­бақ­шалар санын көбей­теміз деп, мұндай асы­ғыс шешім қабылдау дұрыс емес. Тіпті діни ұйым­дар болмаған күннің өзінде ли­цен­зия­­сыз балабақша ашуды кім көрінген мақ­­сат етіп, оңай жерден ақша тапқысы кел­гендер бір бөлмеге 30-40 баланы тығып, балабақша атандыруы да әбден мүмкін. Қатаң қа­да­ғалау бар деген күннің өзінде лицен­зиясыз балабақшаларға ата-аналар күдікпен қарайды. Онсыз да бала­лар арасында жұқ­палы дерт шықса да, пайдадан қағыламыз деп жасырып қалуға тырысатын тәр­бие­шілер, лицензиясыз болса, тіпті бетімен ке­тері анық. Сондықтан мен бұл мәселеге үзілді-кесілді қар­сы­мын.
Айта кетер жайт, біз кезінде талан-таражға түскен балабақша ғимараттарын қайтарып, жекеменшік балабақшадан гөрі, мемлекеттік мектепке дейінгі орта­лық­тар санын арттырғанымыз дұрыс. Сон­да ғана біз балабақшадағы балалардың тағ­дырына алаңдамайтын боламыз.

Бейтарап пікір
Құрманғали АШАНҰЛЫ, кәсіпкер:
– Жеке кәсіпкерлерді қолдаймыз деп, балалар тағдырымен ойнауға болмайды. Бұл жерде арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей, мәселені шешудің жолдары көп. Мәселен,  лицен­зия­ға тиіспей-ақ, кәсіпкерлерді қолдаудың әдіс-тәсілдері же­тіп жатыр. Сондықтан тиісті орындар осындай шешім қабылдар ал­дында жеті рет өлшеп, бір рет кессе, дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста