Ауған соғысына қатысқандарды «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» мәртебесіне теңестіру қажет пе?

Ауған соғысына қатысқандарды «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» мәртебесіне теңестіру қажет пе?

Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық аттандырылған көрінеді. Олардың 1000-ға жуығы оққа ұшса, 21-інің қайда екендігі күні бүгінге дейін беймәлім.
Шыны керек, 10 жылға созылған қантөгістің себебін қазіргі жастар жете біле бермейді. Кейбіреулердің «Ауған соғысына қатысқандардың ерліктері ұмыт қалмай, есімдері ел есінде қалсын десек, оларға лайықты мәртебе беруіміз керек» дейтіндері осыдан. Ауған соғысы ардагерлерін «Ұлы Отан соғысы ардагері» мәртебесіне теңестіруді артық санайтындар да аз емес. Өз кезегімізде осындай қайшы пікірлерді ұстанған екі азаматты әңгімеге тартып, ойларымен бөлісуді жөн санадық.

Бақытбек Смағұл, ҚР Ауған соғысы ардагерлер қауымдастығының төрағасы:
Иә

– Кеңестер Одағы тұсында Ауған соғы­сына қатысқан біздің елдің жауын­герлеріне «Ба­тыр» атағы былай тұрсын, төс белгілері бұйырды ма екен? Жоқ. Себебі Кремль жақ­тан бізді ескерген ешкім болмады. Со­ның салдарынан Ауған соғысына қатыс­қан­дар жайында біреу білсе, біреу білмеді. Бұл соғысты көпке дейін жасырып, біздерді тұмшалап келді. Тек Тәуелсіздік алған жыл­дары Президент Н.Назарбаевтың қол­дауымен көптеген жауынгерлер марапатқа ие болып, қазір талайдың есімі аңызға ай­налғандай болды. Бар шындықты Тәуел­сіздік алғаннан кейін ғана біліп жатыр халық.
Соғыс сол бір кезеңнің ғана қасіреті емес, болашаққа да зардабын тигізбей қой­­майды. Ауған соғысы талай шаңы­рақ­ты шайқалтып, мыңдаған боздақтың өмі­рін қиып кетті.
 Он екі мүшесі бүтін кетіп, жарымжан бо­лып қайтқан жігіттер де аз емес. Тағдыр тәл­ке­гімен «интернационализм» деген сая­си науқанның  құрбанына айналған Ау­ған соғысы ардагерлерінің ешқандай жа­зы­ғы жоқ. Отан жібергеннен кейін ан­ты­на адал болды.
Әрине, Ұлы Отан соғысы ар­да­гер­лерінің жанқиярлық ерліктеріне бас иеміз. Олар­дың орны қашан да ерек. Алайда өз­ге мемлекеттің аумағына болса да бізді де Отан аттандырды ғой. Сол себепті тар­тын­ба­дық, жүктелген міндетті мінсіз орын­дау­ға ты­рыстық.
Ауған соғысына қатысқандар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен кейінгі са­ты­да тұрған жауынгерлер деп білемін. Қай дәуірде болсын, мейлі, соғыстың аты – со­ғыс. Ауған соғысына қатысқандарды «Ұлы Отан соғысы ардагері» деген мәр­те­бе­ге теңестіру бізге емес, келешек ұр­пақ­қа керек дер едім. Ауған жерінде болған қан­құйлы соғыс шындығын олар білуге құ­қы­лы.  Бұл да – тарихтың бір беті. Егер ла­йықты баға берілмесе, ертеңгі күні уа­қыт өткен сайын ұмыт болып кетпесіне кім кепіл? «Ұрпақ сабақтастығы» деген ұла­ғат­ты ұғым осындайда маңызды емес пе.
Рас, қазіргі кезде ауған соғысы қа­һар­мандарына бірқатар әлеуметтік же­ңіл­діктер жасалып, азды-көпті құрмет көр­сетілуде. Алайда соғыс қалдырған сы­зат­ты мұнымен өлшеуге бола ма? Жа­рия­ланбай басталып, жарияланбай аяқталған со­ғыс құрбаны болғандарға да «Ұлы Отан соғысы ардагері» атағын берудің не­сі артық? Қимай отыруымыздың себе­бі неде? Біз де соғысқа аттанарда тым жас едік. Қаншама боздақтарымыз қыр­шыны­нан қиылды. Ондаған жігіттер із-түз­сіз жоғалып кетті. Тұтқында отырып, жан азабын тартқандар да жетерлік. Ал мүге­дек атанып қайтқандардың ерліктерін не­ге бағаламасқа? Тарихта қалатын бұл соғыстың ардагерлеріне лайықты ба­ға бе­рілмеуі – үлкен қателік. Тіпті Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ата­ла­рымыздың өздерінің арасында «Ауған же­­рін­­дегі соғысқа қатысқандарға да «Ұлы Отан соғысы ардагері» атағы берілу керек» дей­­тін­дер жоқ емес.
Егер осы соғысқа қатысқандарға ла­йық­­ты мәр­­те­­бе бермесек, бұл елдігімізге үл­­кен сын емес пе? Өз азаматтарының атақ-абы­­ро­йын елі ас­қақ­тат­па­са, бас­қа кім­­ге ке­­рек?

Ким СЕРІКБАЕВ, әскер ғылымының профессоры, запастағы полковник:
Жоқ

– Екінші дүниежүзілік соғысы тек КСРО емес, жер бетіндегі бірнеше ел­дің тарихында өшпес із қалдырды. Ал Ұлы Отан соғысы осы соғыстың ая­сына кі­реді. Жаумен шайқастың түпкі мақсаты – Отанды қорғау болды. Елінің, жерінің бейбітшілігі үшін қан төкті.
Ал сөз болып отырған соғыстың бар шындығын, былайша айтқанда, Ке­ңес өкі­меті әскерлерін Ауған аума­ғына ен­гізу мәселесінің қалай шешіл­гені ту­ра­сындағы құпияны Саяси бю­ро мүшелері өздерімен бірге алып кет­ті десек те болады. Бұл жерде сая­си астары бар шетін шешімді қа­был­даған КСРО көш­басшыларының кей­бірі Ауған со­ғысы аяқталмай жа­­­­­­тып-ақ қайтыс болып кетті дегенді айтқалы отыр­мын.
 Менің ойымша, Ауған жеріндегі жөн-жосықсыз қантөгістің ортасында бо­лып қайтқандарға «Ұлы Отан соғысы ар­да­гері» деген атақ бергеніміз ретсіз. Ал­ды­мен осы екі соғыстың тарихтан алар ор­нын ажыратып алайықшы. Екеуінің айыр­машылығы жер мен көктей екені кімге бол­са да белгілі. Ондай болса, бір-бірінен ал­шақ жатқан екі соғыстың жауынгерлеріне бір­дей атақ бергеніміз қалай болар екен? Ау­ған соғысына қатысқандар майданға өз ерік­терімен аттанған жоқ. Оны да ұмытпайық. Бұл сол кездегі Үкіметтің айрықша тапсыр­ма­сы­ның бірі еді.
Қазір Ауған жеріндегі соғысқа қатысты түр­лі әңгімелер айтылып жатыр. Алайда бір шын­дығы – әскерлеріміз интернационалдық бо­рыш­тарын өтеп, ауған халқына көмектесті. Ау­ған халқының айтуларына қарағанда, Ке­ңес Одағынан барған интернационалист-жа­уын­герлер қарапайым халыққа соңғы на­ны­на да дейін бөліп берген.
Әрине, оларға да сый-сияпат, ла­йық­ты құрмет көрсетуіміз керек. Ауған со­ғы­сына қатысқандар бүгінгі таңда мем­лекет тарапынан көрсетіліп жатқан бір­қатар жеңілдіктерге ие болып, олар өз дә­ре­же­сіндегі марапаттарға ұсынылып келеді. Атап айтсам, мәселен, тұрғын үй мен кө­лік салығы жеңілдетілген. Ардагерлерге ар­нал­ған госпитальдарда емделіп, т.б. жағдайлар жа­са­луда. Бұлардың өзі аз да болса көмек.
Соғыста қаза болған кейбір боз­дақта­ры­мызға құрмет ретінде өздері оқып-білім ал­ған мектептердің аты берілсе, есімдері өз­дері тұратын көшелерге бұйырған аза­мат­тар да баршылық. Осы тұста айта ке­те­йін, білуімше, еліміз бойынша бүгінгі кү­ні Ауған соғысында шейіт болған жас­та­ры­мы­здың атында 30-дан астам мек­теп, 170-ке жуық көше бар көрінеді. Со­ны­мен қатар Ауған соғысында қаза бол­ған боздақтарымызға бағыштап түрлі ме­ре­келік шаралар ұйымдастырылып, ар­уақ­тар­дың қошеметіне ескерткіштер қо­йып жатады. Кеңес Одағы ыдырап, еліміз Тәуелсіздік алған кездерден бастап Ауған соғысына қатысқан біздің ел­дің жауынгерлері жайлы деректер мен олардың ерліктері топтастырылған ең­бек­тер жарық көре бастады. Тарих үшін мұн­дай дүниелердің де рөлі айрықша.
Бұлардың барлығын тізіп айтып отыр­ған себебім, осындай сый-сияпат көрсетуді ұмыт қалдырмайық. Тәуекелге бел буған жа­лынды жастарымыз қандай құрметке де лайық. Тек олардың мәртебесін 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс ар­да­герлерінікімен теңестіргеніміз еш ақылға сый­майды.

Түйін
1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы мен Ауған жеріндегі 1979-1989 жылдар кезіндегі қарулы шайқастың бірі – ашық жарияланған  болса, екіншісі – жұмбағы бертінде ғана шешілген соғыс екендігіне келісеміз. Алайда екеуінде де адам шығыны болды. Саяси жағынан екі сипат берілсе де, қарапайым халық үшін зардабы бірдей. Екі соғыста да қайсыбір ана жалғыз ұлынан айырылса, кейбір әйел жесір қалып, қаншама бала жетім атанды. Алайда дәл қазір Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің мәртебесін Ауған соғысына қатысқандарға да беру мәселесі төңірегіндегі пікір әрқилы. Мұндай екіұдай пікір қашаннан айтылуда. Ойымызды аяқтай келе, сөз болып отырған мәселені біржақты шешудің кезі жеткен сыңайлы дер едік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста