Жуырда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инжерлік институтына қызметтік іссапармен Қазақстан Қарулы Күшетерінің Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлымен Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің отбасылармен жұмыс істеу қызметінің төрайымы Жасұзақова Гульнара Ұлтыбайқызы келді. Іссапар барысында әскери институттың оқу үрдісімен, оқу-орнынының әскери ғылым саласына қосылып жатқан жетістіктері, курсанттардың «Бес қару» патриоттық клубы, «Легион» пікірсайыс клубы және «Байланыс жігіттері» жайдарман клубтарының озаттарымен танысты. Қызмет барысының негізгі бөлігі институтымыздың әскери қызметшілерінің отбасылармен жұмыс істеу қызметінің жұмыстармен танысу және талдау болатын.
Осы бағытта институтымыздың жауапты тұлғаларының қатысуымен дөңгелек отырыс ұйымдастырылды. Жиын басында генерал-майор М.Таласов, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты қазақстан халқына жолдауындағы «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы бойынша институтымыздың алар орны жоғары екендігін атай келе, бүгінгі осы бағытта көрсеткен жетістіктеріңізді ары қарай дамыта отыра Елбасымыздың жолдауына үн қосқан болар едіңіздер деді. Отырыста институттың отбасымен жұмыс істеу қызметінің төрайымы Мұстабекова Ақбота Сайлаубайқызы 2016-2017 оқу-жылына атқарылған жұмыстарының есебін баяндады және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің отбасылармен жұмыс істеу қызметінің төрайымы Гульнара Ұлтыбайқызы әскери қызметшілердің отбасылармен жүргізілетін жұмыстардың нақты қалай орындалу керектігіне тоқтала келе, осы бағытта ұйымдастырылған методикалық кітапшаны негізге алуын тапсырды.
Әр бағыттың сектор басшыларын айқындап, кімнің қай жұмыстарда белсенділік танытатынын атады. Институттың психолог мамандары осы ұйымға тәлімгерлік көмек көрсетуін жәнеде жақсы жаңалығымыз Қорғаныс Министрі тарапынан мұқтаж әскери қызметшілердің отбасыларына, ардагерлерімізге көмек ретінде қордың құрылғанын айтты. Алдағы уақытта осы қордан мұқтаж адамдарға қаражаттай көмек көрсетіледі, деді. Жалпы отырыс көптеген көкейдегі түйіткіл сұрақтарға, нақты жауаптар алынған келелі отырыс болды. Институттың әйелдер қауымы Гульнара Ұлтыбайқызының өзі келіп, тәлімгерлік әдістеме бергеніне жәнеде осы ұйым жұмысының жандануына қолдау білдірігеніне алғысын білдірді.
РЭЖБӘИИ баспасөз қызметі
майор Ербол Алибаев
Суретті түсірген автор