Археологиялық қазба жұмыстарын бақылауды жергілікті әкімшіліктерге міндеттеу керек пе?

Археологиялық қазба жұмыстарын бақылауды жергілікті әкімшіліктерге міндеттеу керек пе?

«Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін». Бұл сөзді бір кездері Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқан. Сол айтқандай, бәріміз бүгіннің қамымен жүргенде, ертеңнің қамымен ел кезіп, жер қазып жүрген архео­лог деген қауым бар. Алайда кейінгі кезде ар­хеол­о­гия­лық қазбалар жүйесіз жүргізіліп, «сүйек іздеу­шілер», «әлдебір көне қаланың» елесін іздеу­шілер көбейіп кеткендей ме... Бір айтатыны, әй­теуір, ұлан-ғайыр даламызды шикізат іздеп қо­парға­нымыз аздай, енді оған әлдене іздеп қа­бір қазған қазақтар да қосылып, шұрық-тесік болғанын айтып шағымданушы ха­лық та аз емес. Себебі қазба жұмысы аяқ­талған соң, ол жерлер сол жырым-жы­рым күй­де қала береді. Бәлкім, бұл әй дей­тін әже, қой дейтін қожаның жоқ­­тығынан шығар? Ендеше, жер­­гі­лікті билік мұны бақылауға алуы керек пе? Сарапқа салып көрсек.


Дулат Исабеков, жазушы:
иә
– Өзінің басқаруындағы территория болған соң, әрине, жергілікті әкімшілік археологиялық қазба жұмыстарын толықтай бақылап, назарында ұстауы керек. Қазба жұмыстары басталмай тұрып ол жерді не мақсатта және кімдер қазғалы жатқанын, ал біткен соң әлгі жерді (молалар ғой көбіне) сол күйі ашық-шашық тастап кетті ме, әлде соңынан тазалап, тегістеп кетті ме, яғни экологиялық-санитарлық жағынан қадағалауды өз міндеті деп қарағаны дұрыс. Әйтпесе қазір кім көрінген кетпен алып, мола қазатын болып алған, бейіттерді таптап, құлпытастарын қиратып... Сондықтан, ең біріншіден, біз мола жағалап жүргендер археологтер ме, әлде кездейсоқ біреулер ме – соған назар аударуымыз керек.
Себебі қазір көп, шектен тыс көп, жерлер қазылып кетті. Біздің ауылда ескі молалар қалмады, осыдан біраз жыл бұрын көз жұмғандардікі ғана қалды. Көне бейіттерді «археологиялық қазба» деген мақсатпен үсті-үстіне келіп қазып жатыр ғой, әйтеуір. Оларды бақылап, «әй қой­саңшы» деп жатқан адам жоқ па деп қал­дым. Мола астында ежелде қала болған десек те, мұншалық жөнсіз, ретсіз сол «ежелгі қа­лаларды» іздей беруге бола ма? Қабірден қадір кетті ғой қазір... Ол деген біздің ұлттық байлық, ұлттық құндылық­тарымыздың бірі емес пе? Кеше арамызда жүрген адамдардың асыл сүйегі жатқан жерлер емес пе? Бір кездері Отырарды аршып аламыз деді де, одан не Отырар шықпады, не басқа қылмады, қазір әлгі жердің шаңы шығып қалды. Жыра-жыра, сай-сай болған қайран жерді (туған жерім десем де болады, сол топырақтың тумасымыз ғой) көрген сайын жүрегім дәл сондай жырым-жырым болып, көзіме жас толады. Әрине, тарихи сананы жаңғырту керек, кейде әлденені дәлелдеу үшін қазба жұмысы қажет, бірақ қаздық екен, ол жерден бір нәтиже шығару керек емес пе? Сондықтан әкімшіліктер бұл жағын қатты қадағалап, өз бақылауына алуы шарт. Әйтпесе осы саладағы бей-берекетсіздік көптеген зардап шектіріп отырған жайы бар. Біріншіден, керегін алып, керек емесін тастап, сол аймаққа экологиялық зардап шектіргені өтірік емес. Бұл – нағыз бей­бастақтық. Бұл тәртіпсіздік, жана­шымау­шылық, тіпті мәдениетісіздік. Сондықтан бізге археологиялық қазба жұмыстарын қатты қадағалау керек.
Қазба жұмыстарын жүргізетін топтың кәсіптік деңгейін білу керек. Тарихшы ма, не зерттеп жатыр, оған арнайы қаулы бар ма дегендей... Расында, тарих үшін екеніне көз жеткен күнде де оларға өз жұмыстарын бітірген соң ол жерді барынша реттеп, адамдардың өмір сүруіне еш қолайсыздық тудырмайтындай қалыпқа келтіруді қатаң шарт ретінде қою керек.
Жалпы, мен мұны мәселе қылып көтергелі қашан? «Мола қазу модаға айналды» дегенім бар, бұдан артық қалай айтуға болады, санасында саңылауы бар жан болса, жетесіне жететіндей сөз ғой. Бірақ «тыңдалмаған сөз жетім» дегендей, соған құлақ асқан ешкім жоқ қой, тіпті бүгінде ерінбеген адам иығына кетпенін асып алып, мола қаза беретін болған сияқты ғой. Ең жаманы сол, олар ертеңгі күнді ойламайды, ешкімге есеп бермейтін болып алған. Олардың не тауып, не қойып жатқанын біліп жатқан адам бар ма өзі? Осының өзі кейде маған күдік тудырады. Солар маған қабірді халық үшін, тарих үшін емес, жер астынан өздеріне керек бір нәрсе іздеп қазып жатқандай көрінеді. Өйткені сол жер қазып жатқандар тапқан қымбат заттардың есебі бар ма, тіркеп жатқан жанды көрмеймін.


Бейбіт Қойшыбай, тарихшы:
жоқ
– Меніңше, тарихшылар мен архео­лог­тер жұмысын жергілікті билікке бақы­латып қою аса дұрыс шешім емес секіл­ді. Себебі онсыз да бізде қазір ар­хео­логиялық жұмыстарды жүзеге асыру­ға көмектен гөрі кедергілер өте көп. Қазақ тарихы – зерттеліп бітпеген, тіпті таза ұлттық тарих ретінде енді жазыла бастаған дүние. Сондықтан біз бүгінгі күнге дейін табылғанға қанағат етіп оты­ра берсек, онда өткенді өлтіріп алып, та­мыры шіріген өсімдік секілді болып қалуы­мыз әбден мүмкін. Ал тамыры шірі­ген өсімдіктің өспей, қурап қалатыны бесе­неден белгілі. Сол секілді біз өз тари­хымызды дұрыс, шын дерек­термен жаза­мыз десек, онда архео­логиялық қазба жұмыстары бізге ауа­дай қажет.
Біз оған барынша жағдай туғызуымыз керек. Егер ондай жұмыстар болмағанда, бүгінде «Алтын адаммен» мақтана алар ма едік? Есік обасынан табылған сол бір ескерткіш әлемдік тарихты қопаруға себеп бол­ды емес пе?  Қазақ жерінің тарихы ке­шегі Кеңес Одағынан басталмағанын, әл­де­қайда көне екенін дүбірлі дүние мойын­дау­ға мәжбүр болды емес пе? Жалғыз ол емес, Берел қорымы қандай жаңалық алып келді ғылымға?! Сондай-ақ Ботай же­рінен табылған жылқы сүйегі ең алғаш жыл­қыны қолға үйреткен көшпенділер, осы біздің ата-бабаларымыз екенін дәлел­де­ді емес пе?!
Сол сияқты қазір де тарихи зерттеулер, археологиялық қазбалар жұ­мы­сы жүргізіле беруі шарт. Таяуда бір қуа­нышты жағдай естідім, Тараз қаласында ба­зар­ды көшіріп, сол жерде қазба жұмыс­тары жүр­гізі­ле бастапты. Сол жерден көне Тараздың орнын байқаса керек. Ал негізі ондай жер­лер бізде өте көп қой. Көбі – Шыңғысханның шапқын­шылығынан кейін жермен-жексен болған мекендер. Қайта оңтүстігімізде қалалар бой түзеп, тіршілік жанданды ғой. Ал Арқада қаншама қазақ жері әлі де бос жатыр емес пе, арадан сан ғасыр­лар өтсе-дағы, сол жер астына кет­кен қалалардың орнын толтыра алмай келе жатқанымыз өтірік емес. Қайта аз уа­қыт ішінде Астана сынды керемет шаһар сал­дық, бұл – үлкен жетістік. Жә, бұл – өз алды­на бөлек әңгіме.  
Бір сөзбен айтқанда, археологтердің ең­бектері – еріккеннің ісі емес. Олар ерік­кен­нен үйлерінен айлап безіп, күйсіз жүріп жерді қазып жатқан жоқ. Олар – тарих үшін, Қазақ елінің тарихи санасын жаң­ғыр­ту үшін өз бастарын құрбан етіп жүрген адам­дар. Сондықтан біз олардың жұмы­сына құрметпен қарауымыз шарт.
Сөз соңында айтарым, біз, негізі, бір нәрсені ұғынуымыз шарт, тарих  мәңгі, яғни ол – бүгінгі үшін ғана емес, ұрпақтан-ұр­паққа сабақтасатын құндылық, ал билік бүгін бар да, ертең жоқ, уақытша «қа­рауыл». Ендеше, «мәңгіні» «уақытшаға» күзет­тіріп қойғаннан не ұтамыз?

Бейтарап пікір
Айнұр Төлеу, журналист:
– Тарих – тамыры терең сала, дау жоқ. Біз – әлі күнге өз тарихымызды өз көзімізбен жазып шыға алмай отырған халықпыз. Бізге зерттеу, дерек табу қажет, оған да дауым жоқ. Алайда сол зерттеліп, табылған жәдігерлер мен соған қатысты ашылған тарихымызды санаға сіңіру жағы деген де бар емес пе? Біз осы жағына мән бермей жатқан секілдіміз. Яғни біз қазудайын қазып, жазудайын жазғанмен, сол жазған мен қазғанды санаға егуде кешеуілдеп жатқан жайымыз бар. Яғни Тәуелсіздіктен кейін ашылған жаңалықтар әлі оқулыққа еніп, қазақ баласы әлі жаңаша көзқараста жазылған тарихты оқып жетілген жоқ. Ал бұл – маңызды мәселе!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста