«Ақпараттық қауіпсіздігімізді қорғау үшін шетелдік IT компаниялардың қызметінен бас тартуымыз керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Ақпараттық қауіпсіздігімізді қорғау үшін шетелдік IT компаниялардың қызметінен бас тартуымыз керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Заман ағымына сай ақпараттық қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатарға шығып келеді. Қазақстан – әлем елдерінің арасында электронды үкімет жасақтау жағынан озық бастама көтеріп жүрген елдердің бірі. Соған қарамастан, мамандар алдымен ақпараттық технология саласындағы есік- тереземізді қымтап, қауіпсіздігімізге сенімді болу керек дегенді айтады. Сарапшылардың бір бөлігі – мұны еліміздің жоғары технологиялар нарығына еніп жатқан шетелдік компаниялардың жұмысын шектеу арқылы жүзеге асыру керек десе, келесі бірі мұның нарықтық қатынастар заңдылығына сай емес екендігін алға тартады.


Азаматхан ӘМІРТАЕВ, Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығы­ның президенті:
иә
– Қазақстандағы шетелдік IT ком­пания­лар­дың жұмысын бір­тін­деп шектеу керек. Оған бірнеше се­беп бар. Соның ішінде ең ма­ңыз­­ды­сы – мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі.
Салдары әлі күнге дейін созы­лып жатқан Wikileaks дауын біле­міз. Оның негізгі себебі осы мә­се­леден туындап отыр. Ертеңгі күні біз­дің де мемлекеттік құпиялары­мызды, құнды ақпараттарымызды осылай әлемнің назарына ұсынып, интернетке іліп қойса қалай бо­ла­ды? Ақпараты қорғалмаған, ақ­пар­аттық қауіпсіз­дігі бекімеген ел өзіне сенім­ді бола алмайды. Шет­ел­дік компаниялардың бір ерек­ше­лігі – олар  Қазақстанның заңы­на бағына бермейді. Олардың өз елінің заңы бар, өз түсініктері, жеке мүдделері бар. Біз олар­ды толық бақы­лай алмаймыз. Қанша жерден талап қою ар­қы­лы енгізсек те, біз үшін ол қауіпті. Бұл – бірінші себеп. 
Екіншіден, егер біз отандық IT сала­мызды, IT ғылымымызды дамытамыз  де­сек, отандық компанияларды күшей­туі­міз керек. Ол үшін жоғары техноло­гия­ға қатысты мемлекеттік тапсырыстардың барлығын қазақстандық компанияларға үлестіріп беру керек. Сонда ғана қазақ­стандық компаниялар әлемдік бәсекеге шыға алатын құрылымға айнала алады. «Қазақстандық IT компаниялардың қолы­нан түк келмейді» деген пікір жаңсақ. Қаржысын төлеп, талабыңды қойсаң, бәрін істейді. Қазақстанда IT бағытын­дағы жұмыстарды орындайтын арнайы стан­дарттар бар. Осы стандарттар бойын­ша жасалса, бізден сапасыз өнім шық­пайды. Жемқорлық араласып кет­песе, қазақстандық мамандардың қолы­нан көп нәрсе келетініне кепілдік бере­мін. Өкінішке қарай, біздің шенеуніктер IT саласындағы мемлекеттік тапсырыс­тарды ресейлік және белоруссиялық ком­панияларға үлестіріп жатыр. Мұнда да жемқорлық фактісінің орын алуы әбден мүмкін. Қалай десек те, бізге соның бәрін қазақстандық мамандардың қолына беруді бақылау керек. Бәлкім, отандық IT компанияларға артықшылық беретін заңнамалық ерекшеліктер қажет шығар. Өзге елдердің көбі солай істейді. Көрші Ресей де, Белоруссия да осындай үрдіске бейім. Ал Германияда мемлекет­тік IT тапсырыстардың барлығы отандық компанияларға ғана беріледі. Қытайда шетелдік компанияларға мемлекеттік тапсырыс беруге мүлде тыйым салынған.
Егер отандық IT компаниялардың қолында жұмыс болса, экономикамызға үлкен әсер болады. Ол салық арқылы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бүгінде біздің көп­теген мықты физик, математика ға­лымдарымыз, фундаменталды ғы­лымнан хабары бар мамандарымыз жұ­мыссыз жүр. Оларды осы бағытқа бейімдеу үшін отандық компаниялар күшеюі керек.


Тимур БЕКТҰР, ІТ қауіпсіздік маманы:
жоқ
– Өйткені біз ашық мемлекетпіз. Бұл жерде мәселе мемлекеттің дамуы, ғаламдық көшке ілесуі жө­нін­де болып тұр. XXI ғасырдың не­гіз­гі ғылымы – ІТ саласы қарыштап да­мып, гео­г­ра­фиялық та, виртуал да шекараларды жо­йып, әлемдегі бар­ша адамдарды, олардың өмі­­рін, тұрмысы мен кәсіби тірлігін өзі­не ба­ғын­дыруда. ІТ – ақпараттық тех­­нология деген сөз. Ақпараттық тех­нология дегеніміз – ақ­паратты та­сымалдауды, өңдеуді, жасауды, құ­­рас­тыруды, анализдеуді жүзеге асыру­ға мүм­кіндік беретін техноло­гия­ларға тағылған атау. Бұл тех­но­ло­гияларды бір ауыз сөзбен hard­­wa­re және software дейді. Қазақы жал­пақ сөз­бен түсіндірер болсам, «хар­дуар» деген – ол сіз­дің ноутбук һәм компьютеріңіз. Ал «соф­туар» деген – ол уиндоус секілді операциялық жүйе­лер мен оның ішіндегі уорд, ексел, пауер пойнт, антивирус, архиватор секілді бағдар­ла­малар.
Қазір мұның қасына тағы бір ақ­па­раттық технология – web, яғни Интернет қосыл­ды. Мамандар оны cloud techno­logy (бұлт технологиясы) дейді. Яғни тұтынушы ол технологияны пайдалануы үшін компьютеріне ешқандай да бағ­дар­лама қондырмай, ешқандай қосымша құрыл­ғы сатып алмай-ақ, бар болғаны Интернеттің көмегімен жұмыстарын жа­сай береді. Мысалы, ғаламтордағы файл сақ­тау жүйелері, түрлі салалық қызмет­тер, сіз бен біз жиі қолданатын Майкро­софт Уордтың «Office365» деп аталатын интернеттегі нұсқасы. Бұларды SaaS деп атайды. Қазіргі ІТ саласының даму үр­дісіне қарайтын болсақ, көптеген шет­ел­дік алпауыт ІТ компаниялар өз қыз­мет­терін осы бұлт технологиясына бейімдеу­де.
Енді осы жерден түсіндіруді аяқтап, сіздің қойған сұрағыңызға неліктен «Жоқ» деп жауап бергенімді айтайын. Қазақстан әлем көшіне ілескісі келсе, елге ұқсап дамығысы келсе, еш әңгімесіз әлемдік үрдіске мойынсұнуы керек. Яғни бизнес процестерді жеңілдету һәм модернизация жасау үшін, толассыз ақпаратты дер кезінде өңдеп, тұтыну­шы­ға ұсыну үшін, логистика мен коммер­ция­да үнем жасау үшін, уақыттан ұту үшін, ІТ технология­ларды сатып алуға жә­не оларды күтіп-баптайтын мамандар­ды жалдауға кететін қаржылық шығын­дар­ды азайту үшін осы бұлт технология­сын пайдалану – заман һәм нарық та­лабы.
Ал енді бізге мұндай софт, хард және бұлт технологиялар арқылы ІТ шешім­дер­ді (IT solutions) ұсынатын, сондай-ақ үздік болып тұрған кімдер? Әрине, шет­елдік ІТ компаниялар. Енді келіп, олар­дың қызметінен бас тартсақ, кімнің өні­мін пайдаланамыз? Отандық па? Отан­­­дық компаниялар ІТ саласындағы мәселелер­дің барлығын шешіп бере алатын дең­гейге жетті ме? Отандық ІТ компаниялар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап бере ала ма? Мен төрт жыл бойы дәл осы салада қызмет еттім. Бұл мәселелерді IT security, IT risk management, information security дейді. Елдегі компаниялар ақпараттық қауіпсіз­дік бойынша даму деңгейінің (maturity level) қай сатысында тұр? Олар ISO 27001 халықаралық стандартына сай ма?
Яғни «Ақпараттық қауіпсіздігімізді қорғау үшін шетелдік IT компаниялардың қызметінен бас тартуымыз керек» деген сөз «Азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін шетелдік көліктерден бас тартуымыз керек» деген сөзбен бірдей. Ойлап қараңызшы, бұл өзі мүмкін жағдай ма?
«Ал енді ақпараттық қауіпсіздікті қай­те­­міз?» деген сұраққа жауабым, халық­тың, мамандардың осы саладағы сауат­ты­лығын арттыру керек. Халықаралық та­лаптар бар, стандарттар бар. Солармен жұ­мыс жасап үйрену керек. Ақпараттық қа­уіп­сіздіктің процедуралары мен про­цес­тері бар. Соларды қатаң сақтау керек. Мем­лекеттік деңгейде ақпараттық қауіп­сіз­дікке аса мән берілуі, дәріптелуі керек.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
«Ғаламдық деңгейде ойланып, жергілікті деңгейде әрекет ет» деген сөз бар. Сол үшін біз әлемдік үрдіске ілесе отырып, солардың тәжірибесі мен мысалдарын қолдана отырып, жергілікті ІТ компанияларымызды дамыта беруіміз қажет. Ал ақпараттық қауіпсіздік мәселесі еш уақытта назардан тыс қалмайтын маңызды қажеттілік. Ал оны қорғаудың жолдары мен шетелдік компаниялардың тағдыры әлі талай алаңдарда, үкімет үйінде, депутаттар арасында талқыға түсе жатар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста