Әлемдік өркениеттер сұхбатының қазақ мәдениетіне тигізер пайдасы бар ма?

«Бүгінде әлемде әлі де өркениеттер диалогы дұрыс қалыптаса қоймаған» деген пікірлер жиі алдымыздан шығады. Дегенмен өркениеттер диалогын қалыптастыруға түрлі әрекеттер жасалып, ұлтаралық қатынастарды демократияландыруға тырысып бағудамыз. Бірақ қашан да білегі күштінің заманы жүріп тұратыны белгілі ғой. Дүниежүзінде мықтылардың мәдениеті мәдениет те, басқалардікі түкке тұрмайды деген түсінік те жоқ емес. Ал сонда халқымыз аз, әлеуетіміз төмен екен деп, мәдениетіміз бен өркениетімізді де әлсіздердің қатарына жатқызуға ерік беріп қоймақпыз ба? Бізде де ғасырлар бойы қалыптасқан дала мен қала өркениеті бар екенін қалай дәлелдейміз? Өркениеттер сұхбаттастығы қазақ мәдениетін дәріптеуге мүмкіндік бере ме? Міне, осы мәселені ой талқысына салып көрейік.

Мұрат СӘБИТ, философия ғылымының докторы, профессор:
Иә
– Меніңше, өркениеттер сұхбаты бізге міндетті түрде қажет және оның бізге пайдасы зор. Қазіргі таңда бізді түрлі мә­дениеттер айнала қоршаған. Жер жүзінде жалғыз қазақ халқы ғана өмір сүрмейді ғой. Тіпті біздің қоғамның өзінде неше түрлі ұлттар, түрлі ойлар, көзқарастар бар. Біз осы өзімізді қоршаған өрке­ниеттерден шеттеп, айдалада қала алмаймыз. Олар­мен сұхбаттаса жүріп, етене араласып, керек болса, айтысып-тартысып, өзіміздің құндылықтарымызды қорғап, қолдай аламыз. Осылайша, біз өзіміздің шебімізді бекітеміз, мәдение­тімізді байытамыз, сөй­тіп, алға басуға ты­ры­самыз. Халқымыз әл­сіздігінен, жалқау­лығынан көшке ілесе ал­май, жұртта қалып қойғандарды «көштен қалған» деп мұқа­тып жатады. Ал қазір бұ­рынғыдай жай­барақат жататын сайын дала жоқ.
Қандай да жолмен талпынып, тырмы­сып, заманның көшінен қалмауға тыры­суымыз керек. Ал алпауыт елдердің өр­кениетімен иық тірестіруіміз үшін біз олармен тең дәрежедегі сұхбатқа дайын болуымыз керек. Бізде әлемдік өр­кениеттер диалогына сүбелі үлес қоса ала­тындай терең білімді, өткір ойлы аза­маттарымыз бар. Айталық, Олжас Сүлей­менов, Мұрат Әуезов секілді айтары бар айбынды адамдар, басқа да жас жігіт­теріміз қазақтың мәдениетін әлемдік дең­гейге жеткізуге еңбек етіп жүр. Әрине, ал­пауыт мемлекеттердің тегеурінінен үрей­ленетіндей де бар. Бірақ бұға беруге бол­майды. Біздің болашағымыз жарқын, бәрі тамаша десек, бұл – бос ұран болады. Сон­дықтан алдымыздағы тұманды сейіл­туге әрекет жасап, күресуіміз керек. Кү­рес­тің бір түрі – осы сұхбат. Әлем өркениеті­мен өзімізді салыстырып, олармен жа­ры­сып, шамамызды байқап, жақсы­мызды асырып, жаманымызды жасырсақ қана алға ұмтыла аламыз. Әйтпесе бізге еш­кім жол бермейді, басқалардың шаңын қауып қаламыз. Егер біз заманның ағымына ілесе алмай, техника, техно­логиядан хабарсыз болсақ, көзіміз та­ңу­лы, құлағымыз жабулы, өмірге бейім­делмеген, кезінде Абай сынаған­дай қа­зақ болып қала берсек, ешкім елеп-ес­кермейді де. Сондықтан біз өзі­мізді-өзі­міз тәрбиелеп, жетіле түсуіміз керек. Біз­де қазір тәрбие, діни сауат­тылық мәселесі ақсап жатыр. Көпшілікті алаңдатарлық осы келеңсіздікті біз барша қоғам болып қолға алайық. Біз өркениеттер сұхбат­тастығы арқылы басқа елдердің тәжіри­бесімен алмасып, олардың жақсы жақ­тарын сіңіргеніміз жөн. «Үйрен де жи­рен» демекші, тек «біз өзіміз бәрін біле­міз, данышпанбыз» деп кеудемсоқтана бермей, жақсыға ұқсап бағып, кейде еліктей де білген дұрыс. Ал пайдасы бар дүниені үйрен­геннен кейін ары қарай өз жолыңмен сайратып әкетуге болады. Қанымызда бар дарынымызды, ақылы­мызды то­лықтырып, бай мәдени мұ­рамыз бен рухани құндылықтарымызды жинақтап, бір жүйеге келтіріп, саналы түрде бас­қалармен аралассақ, одан ұтпасақ, ұтыл­май­мыз.

Жүсіп ПИЛТАН, Иран-Ирак соғысының ардагері:
Жоқ
– Дәл қазіргі уақытта әлемдік өр­кениеттер сұхбаттастығының қазақ мә­дениетіне пайдасынан гөрі зияны көп­теу секілді. Ал мұның себебін түсіну үшін, ең алдымен, «Өркениеттер диа­логы» дегеннің өзі не, қандай мақсатта пайда болғанын терең түсінген жөн. Өркениеттер диалогы, негізінен, өткен ғасырдың соңында Батыстың ислам әлеміне қарсы әрекеті күшейген кезде олардың арасындағы тепе-теңдікті ретке келтіру үшін және Иранды оқшауланудан құтқару мақсатында ойлап табылды. Бұдан бұрын Самуэль Хантингтон деген Американың стра­тег-теоретигі «Өркениеттер қақтығы­сы» деген теорияны енгізген. Бұл қақ­тығыс қазіргі Қазақстан мен Ресейдің түйіскен тұсы Орал тауы болады, осы жерде бүкіл діндер түйіседі деген бол­жам айтылған болатын.
«Діндер түйіскенде өркениеттер қақты­ғы­сады» деген қойыртпақ әңгімелер ай­тыл­­ды. Ал дәстүрлі діндер қақтығыс де­генге қарсы. Сондықтан ислам әлемінің атынан Иранның Президенті Хаттами «өр­кениеттер қақты­ғысы» емес, «өркениеттер диалогы» дегенді ойлап тапты. Мұндағы мақсат – қақтығыстың екпінін азайтып, әлемді өр­кениеттер диало­гына шақыру. Бұл деге­німіз – бүкіл әлем бір-бірімен етене араласып, бауырласып кетеді деген сөз емес. Қашан болсын әр ұлт өзінің мәдениетін басқалардан жоғары са­найды. Мысалы, Батыс пен Шығыстың ара­сын­дағы диалог туралы қанша жиындар, кон­ференциялар өтіп жатыр. Бірақ әркім сан-саққа тартады. Сондықтан қазіргі кезде ымыраға келуге әлі ерте секілді. Мүмкін, өр­кениеттер сұхбаты 1000-2000 жылдан кейін нәтиже берер. Бірақ қазіргі жағдайда адам­дардың санасы бейбіт түрде сұх­баттасуға дайын емес. Неге? Себебі Батыстың мақсаты – әлемді жаулап алу. Ал олардың қазіргі қарқынымен бұл әб­ден мүмкін. Мысалы, Батыстың мәдение­тін, оның ішінде музы­ка­сын, жастардың киім киісін алайық. Жас­та­рымыз түгелдей дерлік Батыс үлгісімен киі­неді, солардың музыкасын тыңдайды. Мә­селен, қазақ музыкасында ешқашан «поп» деген жанр болған емес. Ал қазір сол поп-музыка дәстүрлі музыкамызды басып-жан­шып тастамады ма? Мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін бір теле­арна бар ма бізде? Барлық ақпараттың 70 пайызы орыс тілінде тарайды. Осы секілді мыңдаған мысалдар келтіруге болады. Егер осы процесс жалғаса берсе, қазақ жер бетінен ұлт ретінде жоғалуы мүмкін. Сонымен қатар қазақ – жан-жақ­тан көп нәрсе алуға тырысатын өте елік­тегіш халық. Әсіресе, жастар не нәрсенің ақ-қарасын ажыратпай жатып, бірден бейім­деле кетеді. Осындай осал тұсы­мыз­ды пай­даланатын эконо­ми­касы қар­қынды да­мы­ған алпауыт елдер қаржысына се­ніп, үстемдіктерін жүргізеді. Олардың ақша­лары болған­дықтан, өз дүниелерінің бәрін жақсы жарнамалауға мүмкіндіктері мол. Ал жарнама құдіретінің қаншалықты еке­ніне бүгінде көзіміз әбден жетіп отыр. Сон­дықтан мәдени шекара­мыздың да шегі болу керек.

Түйін
Болашағы жарқын елдің әр азаматы ұлтына жаны ашитын, ұлт болашағы үшін алаңдайтын патриот болғанда ғана мемлекетіміз алға жылжиды. Ал біз әзірге қай салада болсын жоғарыдан түсетін бұйрықты орындау үшін жүрген робот секілдіміз. Айталық, егер «Мәдени мұра» туралы бағдар­лама қабылданбаса, сонда құндылықтарымыз әр жерде шашылып қала берер ме еді? Бұл бағдарламаның өзі ары кетсе 5-10 жылға созылатын науқандық шара деңгейінде қалып қоймауын тілейік. Сол секілді өркениеттер диалогына үн қосамыз деп жүріп, басқа біреудің әніне басып кетпесек болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста