«Айы-күні жетпей туылған балаларды аман алып қалған перзентханаларға сыйақы беру керек» деген пікір негізді ме?

«Айы-күні жетпей туылған балаларды аман алып қалған перзентханаларға сыйақы беру керек»  деген пікір негізді ме?

Жуырда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі «айы-күні жетпей туылған балаларды аман алып қалған акушерлер мен перзентханаларға сыйақы беру керек» деген пікірін айтқан болатын. Бұл пікірді қолдап, оң көзқарас танытқандар аз болмады. Денсаулық саласында жүрген мамандарды, оның ішінде мол жауапкершілікті талап ететін ауыр жұмыс иесі акушерлерді, осылайша, ынталандыру тәжірибесі әлемнің бірнеше елінде бар көрінеді. Бірақ қоғамда қайшы пікірлер де жеткілікті. Министрдің ұсынып отырған бұл бастамасына қатысты «Айы-күні жетпей туылған балаларды аман алып қалған перзентханаларға сыйақы беру керек деген пікір негізді ме?» деген тақырыпты осы салада жүрген мамандардың қызу талқысына салып көрелік.


Рая РАХИМОВА, Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты:
иә
– Акушерлер мен медбике­лердің жұмысы зор жауап­кершілікті талап ететін, зор күш жұмсалатын, мейрамдар мен демалыс күндеріне қара­мастан, күні-түні қажырлы ең­бек етіп, тер төгетін, әрі қауіпті мамандықтар бола тұра жала­қысының өте төмен екенін білеміз. Жүкті келіншектерді босандырудың оңай еместігі былай тұрсын, шала туылған нәрестелерді туғызу тіпті қиын. Қазақстанда жүкті әйелдерді айы-күні жетпей туғызу 2008 жылдан бері қарай ғана біртіндеп тәжірибеге ене бастады.
Жалпы, қарапайым дәрігер мамандар Қазақстан Республикасының қазіргі ден­саулық сақтау министрі Салидат Зекенқы­зының атқарып жатқан барлық шаралары­на дән риза. Сондықтан өз басым айтылған пікірді ризашылықпен қолдаймын. «Ана мен бала» орталығын басқарып, ішінде жүргеннен кейін бұл жағдайдың барлығы да күнделікті көз алдымда. Мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елінде бар. Бір қуантарлығы, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласында соңғы кездері көптеген елеулі өзгерістер болып, көшілгері жыл­жып келеді. Дәрігерлердің жалақысы, демалысы, тағысын тағы. Бұл да осы сала­дағы жақсы жаңалықтың бірі боларына еш күмәнім жоқ. Акушерлер мен медбикелер­дің жұмыстарын көзімен көріп жүрмеген адамдарға мұны түсіну қиынға түседі. Бір­ақ еліміздегі акушерлердің тапшы­лы­ғы мәселесін ескере отырып қарай­тын болсақ, өте дұрыс және ұтымды шешім. Біріншіден, көріп жүрміз, пер­зентхана басшылары тәжірибе­сіз, жұмысына салғырт қарайтын акушерлерді жұ­мыс­тан босата алмайды. Шала туыл­ған сәби­лер­ді жатқызатын ар­найы ап­па­раттарды қалай қолдану кере­ктігін білмейтіндер бар, сон­да да жұмыстан шыға­рыл­­май­ды. Неге? Себебі жа­лақысы аз болғандық­тан, акушер жоқ. Сол се­беп­ті бұл пікірге ма­ман­дар­ды ынталандырудың бір түрі деп қарауға болады. Дәрігер аз ғана жалақы аламын деп жұмысына уа­қыт өткізу үшін ғана келмеуі тиіс. Екіншіден, айы-күні жетпей туылған балаларды аман алып қалған перзентханалар мен акушер, медбикелерге сыйақы беру ар­қылы бала өлімін азайтуға болады деп сенемін.   


Сәуле ДИҚАНБАЕВА, медицина ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Гиппократтың ант-суын ішкен кез келген дәрігер ал­дына келген науқасты емдеп, жүкті әйел болса босандыруға міндетті. Дүниеге келген нә­рестелерді уақытында туылған, болмаса айы-күні жетпей туылған деп бөле-жарып қарауға болмайды. Барлық дәрігердің міндеті – бір. Соны біле тұра неліктен пер­зентхана қызметкерлеріне «баланы аман алып қалғаны үшін» деп сыйақы тағайын­дауымыз ке­рек? Акушердің фун­к­цио­налды міндетіне бала туғызу кірсе, сол міндетін дұрыс атқарсын.
Біз керісінше, сол міндеттің дұрыс орындалуын талап етуіміз керек. Егер Денсаулық сақтау министрлігінің қаржысы қалтаға сыймай жатса, дәрігерлердің жалақысын көтерсін. Медицина саласында туындап жатқан мәселелердің басым бөлігі осы төмен жалақының әсерінен екендігі жасырын емес. Ал ол проблемалар тек перзентханада ғана деп айту орынсыз. Сон­дықтан ақ халаттыларды ат­қаратын қызметтеріне қарай бөле қарау дұрыс емес деп есептеймін. Медицинада жеңіл мамандық деген ұғым жоқ. Сол себепті жаппай дәрігер қауымның жалақысы жоғарыласа, сол­ғұр­лым проблема да азаяды. Ал айы-күні жетпей туылған балаларды аман алып қалғандарға сыйақы береміз деп уақытынан бұрын босанып қалатын әйел­дердің санын арттырып алсақ не бол­мақ? Онсыз да өздігінен босана алмайтын әйелдердің балаларын операция жасау арқылы босандыру бизнеске айналып ба­ра жатыр емес пе? Егер дәрігерлер сый­ақы­ға бола жүкті әйелдерді уақытынан бұрын босандырып, толғақты қолдан жасайтын болса, кім жауап бермек? Әри­не, мұндай сұмдық болмай-ақ қойсын, бір­ақ «жаман айтпай, жақсы жоқ» демек­ші, егер осы сынды әрекеттер әшкереленіп жат­са, олардың үстінен қылмыстық іс қоз­ғап, жазалау қажет. Перзентхана перзент­хана болып ашылды ма, өз жұмысын істе­сін. Одан да айы-күні жетпей туылған ба­лаларды аман алып қала алмағандардан жауап алайық.

Бейтарап пікір
Гүлнара ӨТЕҒАЛИЕВА, І санатты акушер-гинеколог дәрігер:
– Сыйақы беру бала өлімін азайтады деген пікірмен келісе алмаймын. Дәрігерлер ақшаға бола балаларды өлтірмейді ғой. Ол ана мен баланың денсаулығына байланысты. Шала туылған нәрестелердің бұрынғы ең төменгі көрсеткіші, яғни туылғандағы салмағы екі келі болатын. Ал қазір жарты келі. Жарты келі сәбиді туғызып алып, оны аман алып қалу оңай емес. Сондықтан сыйақы беріліп жатса, құба-құп болары анық. Тағы бір айта кететін мәселе, ант-суын ішкен ақ халатты абзал жан қолдан толғақ жасап, болмаса, мерзімінен бұрын, ақша үшін жүкті әйелді босандырып, қылмыс жасауға дейін бармайды. Дәрігерлердің жалақысы тым аз екені рас. Алайда ақша үшін ғана жүрген дәрігер болса, басқа жолмен-ақ ақша табады. Мысалы, өте жоғары мөлшерде жалақы төлейтін жекеменшік емханалар бар дегендей... 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста