ҮЙДЕГІНІ АРТҚА ҚАРАТЫП ҚОЙЫП....
ҮЙДЕГІНІ АРТҚА ҚАРАТЫП ҚОЙЫП....
Алдыңғы күні ғой деймін мойыннан шаншу қадалып, не солтүстікке, не оңтстікке қарай алмай әбден қор болдым. Үйдегі кісі бір неврапотологтың атын атап "сол кісіге бар" -деп алдын ала қаралуға жаздырып қойды . Бұдан алдын Алматылық білікті неврапотологқа қаралғанмын. Нерв точкаларыңды ұстап, ауырған жерлеріңді ап-анық айта береді екен. Кәдімгі живой узи дерсің өзін.
-Міне сол кісі тексерді ғой. Қазір телефонмен-ақ сұрай саламын.
Жоқ! -деді үйдегі.
-Мен айтқан дәрігерге барасың!
Құдайдай көріп отырған дәрігеріне белгіленген уақытта кірдім . Басымды сыйпады, екі аяқты балғасымен ұрды, содан кейін, өзімнің айтуым бойынша "бас ауру" деп атап, астына бірнеше дәріні тізбектеп жазып берді.
Бұрылмай қалған мойынға массаж болмайдымыс. "Бас аурудан да басқа проблема көп, берген дәріңіздің кері әсері тиіп жүрмесін" дегенді жүре тыңдады.
Берген дәрілерін алып, үйге келген соң, ол жазып берген қағазды ватцап арқылы Алматылық дәрігерге жібердІм. Телефонның арғы жағында тұрған дәрігер шырылдады да қалды.
-Ойбай-ау ішпе бірде-бірін. Ол сенің асқазаныңды құртады. Одан да массаж ал. Дұрысы сол!
Қайсысының айтқанын тыңдайын?
Екеуі де білікті.
Осы кезде ауылдан қайынсіңлім қоңыраулатып қалды. Ауырып қалғанымды айтып, шағымданып үлгердім.
-Мойның қайырылып қалса оған ешқандай массаж да, неврапотолог та , дәрі де көмектеспейді. Оның ырымы кербез адамның арқасынан үш рет сәлем салу . Уот сол кезде жазыласың!
Ауылдағы ағайынның айтқанын тыңдағаным мұнша дұрыс болар ма? Кербез жігітті алыстан іздемей-ақ, үйдегіні теріс қаратып қойып, арт жағынан әбден сәлем бердім-ай келіп.
Шүкір бүгін жақсымын.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz