Жұмағали Жөкейұлы Наурызбай 1949 жылы 21 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология және химия факультетін, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тамамдаған.
1972 жылы Жезқазған құрылыс техникумында химия пәнінің мұғалімі, 1977-1990 жылдары облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Орталық партия комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болып қызмет еткен. 1990 жылы ҚазКСР Президенті Кеңесінің кеңесшісі, 1991-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратында аға референт, сектор меңгерушісі, аға сарапшы, кеңесшілер тобының жетекшісі қызметтерін атқарған. 1994-1995 жылдары Жезқазған облысы әкімінің орынбасары болып, 1995–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ректоры, Президент жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің жауапты хатшысы, Кеден одағына мүше елдер Парламентаралық қауымдастығы тұрақты комитетінің мүшесі, Үкімет жанындағы мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының мүшесі. Қазіргі кезде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі, «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», т.б. журналдардың редколлегия мүшесі.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының, Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясының академигі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, қалалық мәслихат депутаты. Қазақстан Республикасының 4 медалімен, А.Байтұрсынов және Ы.Алтынсарин атындағы медалдармен, «Өнеркәсіпке қолдау көрсету» Француз қауымдастығының алтын медалімен, Халықаралық «Алтын құрыш» (Женева) сыйлығымен марапатталған.
Ақынның «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» (1995), «Ұлттың ұлы бола алсақ» (1997), «Өмір қақпасы» (2000), «Махаббат киесі» (2002), «Ғашықтық – бақыт» (2003), «Лағындай ерке киіктің» (2004), «Күз – көңіл» (2006), «Тұлғалар туралы толғаныс» (2006) сияқты жыр жинақтары мен кітаптары жарық көрген.
Жұмағали Жөкейұлы Наурызбай
Последние статьи автора