Жарылқап Бейсенбайұлы
Жарылқап Бейсенбайұлы 1947 жылы 10 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969). 1969-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1990-1997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы болған. 1997 жылдан Қазақ ақпарат агенттігі директорының орынбасары, 2002 жылдан осы агенттік негізінен құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы АҚ-ы Қазақ редакциясының бас редакторы.
«Шоқан ізімен» (1997), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түріктер ақиқатының ізімен» (2006) атты кітаптары шыққан.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1982).