Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай

Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай

 Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай 1947 жылы 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Энгельс атындағы кеңшарында дүниеге келген. 1971 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, заңгер. Заң ғылымының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңінде». «Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңіндегі дамуы» (1997), «Қылмыстық әділет саласындағы ҚР мемлекеттік саясатының құқықтық негіздері» (2004) атты кітаптардың және 30 ғылыми жарияланымның авторы. КОКП мүшесі (1975-1991).
1963-1966 жылдары - Шымкент облысы Ленин ауданының Энгельс атындағы кеңшарында жұмыс істеген. 1971 жылдан - Шымкент облысының Арыс қалалық прокурорының көмекшісі. 1972 жылдан - Шымкент облысының соттарда қылмыстық істердің қаралуын бақылау жөніндегі прокурорының көмекшісі. 1975 жылдан - Шымкент облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы. 1978 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің нұсқаушысы. 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі. 1982 жылдан - ҚазКСР прокурорының орынбасары. 1987-1990 жылдар аралығында - Маңғышлақ, Гурьев облыстарының прокуроры.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Гурьев облысының №70 Индор сайлау округінен сайланған халық депутаты (1990-1994). Заңнама, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 1990 жылдан - ҚазКСР бас прокуроры (1991 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Республикасының). 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы. 1997 жылдан - Бас прокурордың орынбасары - ҚР Бас әскери прокуроры. 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-шақырылымының депутаты (Оңтүстік Қазақстан облысының №57 Сарыағаш сайлау округінен). ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы. 2004 жылдан - саяси оппозицияда. 2005 жылдың наурызынан «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2005 жылы желтоқсанда өткізілген сайлауларда осы қозғалыстың атынан ҚР Президенттігіне кандидат болған. 2006 жылдан бері - Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2000-2004). II дәрежелі «Барыс» орденімен, КСРО және ҚР көптеген медальдарымен марапатталған. КСРО прокуратурасының Құрметті қызметкері. Әділет генерал-полковник. 1-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста