Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов
Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов 1949 жылы 9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданының Балуан ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Петропавл педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
1966 жылдан - СҚО Сергеевка ауданының «Семипольский» кеңшарының шопаны, механизаторы. 1969 жылдан - Кеңестер Армиясы қатарындағы қызметте. 1971 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1987 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық радиосы бас редакторының орынбасары. 1990 жылдан - СҚО бойынша Қазақ радиосының меншікті тілшісі. 1998 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясының комментаторы, директорының орынбасары. 2003 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің директоры, бас редакторы. 2006 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
«Достық» орденімен (2005); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1986). СҚО Құрметті азаматы (2006).