Жақып Нәсіпқалиұлы Марабаев 1962 жылы 9 тамызда Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1984 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша және 2002 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты (2002).
1984 жылдан - «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері, аға операторы. 1986 жылдан - «Комсомольскнефть» МГӨБ мұнай өндіру технологиясы және техникасы ҒЗЗ бастығы, ОИТҚ ауысым бастығы, ҰКЖ және ҰЖЖ жөніндегі цех бастығының орынбасары, техникалық бөлім бастығы. 1990 жылдан - Алматыдағы «Отан» бірлестігінің «Сфинкс» республикалық концернінің коммерциялық қызметінің директоры. 1991 жылдан ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігінің бас технологы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1993 жылдан - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің теңіз жұмыстары басқармасының бастығы; «ҚазақстанКаспийШельф» ААҚ вице-президенті. 1995 жылдан - Каспий теңізін зерттеу жөніндегі «КазахстанКаспийШельф» халықаралық консорциумы операторының бас директоры, «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингтік компаниясының коммерциялық директоры. 1997 жылдан - «Қазақойл» ҰМК вице-президенті, инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 1999 жылдан - «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, «Қазақойл» ҰМК газ жобалары жөніндегі вице-президенті. 2001 жылдан - «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының орынбасары 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ инвестициялық жобалар және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ техникалық даму жөніндегі басқарушы директоры. 2007 жылдан - «КаzЕпегgu» Қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы. 2008 жылдың желтоқсан айынан бері - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының басқарушы директорының орынбасары.
«Құрмет», Еуропалық Бизнес-қауымдастығының Королева Виктория ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Жақып Нәсіпқалиұлы Марабаев
Последние статьи автора