Жақсылық Айжан
Жақсылық Айжан 1950 жылы 23 қазанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. 1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1968-1979 жылдары Байғанин орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. 1979-2003 жылдары Ақтөбе облыстық телерадиокомитетінде редактор, аға редактор, бас редактор, төраға орынбасары, директор орынбасары, 2003-2005 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау басқармасының аудармашысы, 2005-2007 жылдары «Нұр Отан» АОФ ХДП инструкторы, консультанты қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған. Еңбектегі жетістіктері үшін 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған. Әр жылдары шығармашылық табыстары үшін ҚР Мәдиниет министрлігі және ҚР Ақпарат және мәдиниет министрлігі Құрмет грамотасымен, сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімдерінің бірнеше мәрте Алғыс хаттарымен және сыйақыларымен марапатталды.
Қазақстан тележурналистері арасындағы республикалық «Жүректен жүрекке» конкурсының Гран-при иегері. Аймақтық Жазушылар Одағының өкілдері арасында жарияланған байқаудың бас жүлде жеңімпазы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі, ақын.