Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесова

 Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесова 1956 жылы 21 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор.
Еңбек жолын 1978 жылы ҚазССР мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗЭИ экономисі қызметінен бастаған. 1986-1991 жылдары – ҚазССР мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі. 1991-1993 жылдары – ҚР экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы экономика және нарық қатынастары ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары. 1993-1995 жылдары – Қаржы-несие саясаты басқармасының бастығы, ҚР Экономика министрлігі министрінің орынбасары. 1995-1997 жылдары – ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі, бірінші вице-министр. 1999-2000 жылдары – «Қазақтелеком» ААҚ экономика мәселелері жөніндегі бас директоры, вице-президенті. 2000-2001 жылдары – ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары. 2001 жылдың маусым-қараша айларында – ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары. 2001-2003 жылдары – «Сана-консалтинг» ЖШС-ның бас директоры. 2003-2004 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары. 2004-2007 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры. 2007 жылы – ҚР Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 2007 маусым-қыркүйек айларында – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. «Қазақстан экономистері қауымдастығы» АҚ президенті, «Республикалық қоғамдық монополияға қарсы комитеті» ҚБ Төрайымы, Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының басқару кеңесінің төрайымы, ҚР Үкіметі жанындағы «Ұлттық талдамалық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста