Жанар Рүстемқызы Бекбанова
Жанар Рүстемқызы Бекбанова 1975 жылы 26 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы, заңтану бакалавры. 1996-2006 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Қарағанды облыстық филиалында режиссердің ассистенті, тілші, репортер, редактор-тілші, редактор қызметтерін атқарды. 2006-2009 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы, Баспасөз қызметінің басшысы. 2009-2010 жылдар аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Баспасөз қызметінің басшысы. 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.