Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков
Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков 1937 жылы 18 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын тәмамдаған, ғалым-агроном. Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1985), профессор. Қазақ ауылшаруашылық ғылымдар академиясының академигі (1994), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1996). 225 ғылыми еңбектің, монографияның, көмекші оқу құралдары мен мақалалардың авторы.
1960-1962 жылдары - Павлодар облысы «Баянауыл» кеңшарының бас агрономы. 1961 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылық институтының егін шаруашылығы және тәжірибе ісінің әдістемесі кафедрасының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры, 1962-1993 жылдары - кафедра меңгерушісі, 1974-1984 жылдары - Қазақ ауылшаруашылық институты агрономия факультетінің деканы. 1994-1995 жылдары - Қазақ мемлекеттік жерге орналастыру жобалау институтының (Қазгипрожер) директоры. 2004-2007 жылдары - Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының (МемжерҒӨО) бас директоры. 2005 жылдан бері - ҚР ҰҒА Орталық Қазақстан бөлімшесі филиалының төрағасы. «Қазақстанның жер ресурстары» журналының бас редакторы, ғылым және ҰГЗ-технологиялары жөніндегі кеңесші.
«Құрмет» орденімен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жып», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, «Жұмыстағы үздік табыстары үшін», «Құрметті жерге орналастырушы" белгілерімен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және т.б. сыйлықтармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.