Хатиев Нұрман Оспанбекұлы
Хатиев Нұрман Оспанбекұлы 1956 жылы 31 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген. Қазақ экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында маман болып қызмет атқарған. 1983-1986 жылдары - Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінде аға агроном, аға маман. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының көмекшісі. 1994-1996 жылдары - «Жер ана» мамандандырылған кәсіпорнының директоры. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің сектор меңгерушісі. 1999-2005 жылдары - «Астана қалалық жер ресурстары ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорынның директоры. 2005-2006 жылдары - Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының бастығы. «Астанатопография» кәсіпорнының директоры болды. Қазір «МемжерҒЗО» РМК Астана қаласының еншілес мемлекеттік кәсіпорынының директоры.