Валерий Николаевич Котович
Валерий Николаевич Котович 1948 жылы 30 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Келтемшат ауылында дүниеге келген. Целиноград құрылыс-инженерлік институтын бітірген (1976), механик-инженер. КОКП мүшесі (1970 жылдан). «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2000 жылдан). 1966 жылдың қыркүйек айынан - №2 Шымкент автобазасында автослесарь. 1967 жылдың маусым айынан 1969 жылдың мамыр айына дейін - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1969 жылдың шілде айынан - Целинный кен-химиялық комбинатының автослесарі. 1970 жылдың мамыр айынан - слесарь, 1974 жылдың наурыз айынан - Целиноград облысы Степногорск құрылыс басқармасының механигі. 1974 жылдың сәуір айынан - ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1977 жылдың ақпан айынан - жалпы бөлім меңерушісі, 1981 жылдың мамыр айынан - Целиноград облысы Қазақстан Компартиясы Степногорск қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінде меңгеруші. 1985 жылдың қараша айынан - №125 кәсіподақ топкомының төрағасы. Сол уақытта, 1995 жылдан - ҚР Өнеркәсіп және атом энергетикасы жұмысшылар кәсіподағы ОК терағасының орынбасары. 1999 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым депутаты (№2 Ақмола облысы Ақкөл сайлау округі бойынша), Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты (№8 Ақмола облысы Ақкөл сайлау округі бойынша), Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы. Степногорск қалалық кеңесінің (1976-1986), Степногорск қалалық мәслихатының (1994-1996) депутаты болған. Қазір ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының кеңесшісі.
«Құрмет» (2004), ТМД ПА «Достастық» (2010) ордендерімен, «Үздік еңбегі үшін» (1974), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - аға лейтенант.