Валерий Айтмұқашұлы Жандәулетов 1947 жылы 14 наурызда Германияда дүниеге келген. И. Федоров атындағы Украинада полиграфия институтының технологиялық факультетін (1970) баспагер-полиграфист мамандығы бойынша; Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы факультетін (1993) саясаткер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1988). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Жергілікті баспаның өндірістік базасын интенсификациялаудың экономикалық аспектілері». Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының және Қазақстан Журналистер академиясының академигі (2002 жылдан). «Жергілікті баспаның базасын қайта құру» (1988) атты монографияның авторы, Қазақстан Республикасы туралы 40-тан астам кітаптың, альбомдардың және басқа ірі басылымдардың идеясының авторы және оларды басып шығаруды ұйымдастырушы.
КОКП мүшесі (1967-1991).
1970 жылдан - Павлодар облыстық типографиясының бас инженері. 1971 жылдан - Павлодар облыстық баспа басқармасы бастығының орынбасары. 1974 жылдан - ҚазКСР Мембаспакомитетінің мерзімдік басылымдар бөлімінің бастығы. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК Аппаратының партиялық баспа секторының меңгерушісі . 1991 жылдан - ҚР Президентінің Әкімшілігі аппаратында. 1996 жылдан бері - ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Алматы бюросында бас сарапшы, меңгеруші. Қазақстан ЛКЖО ОК, қалалық партия комитетінің мүшесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «ХШЖК» (Мәскеу қаласы, 1988) медальдарымен марапатталған.
Валерий Айтмұқашұлы Жандәулетов
Последние статьи автора