Үсен Әбдіқадырұлы Сүлейменов
Үсен Әбдіқадырұлы Сүлейменов 1959 жылы 20 сәуірде дүниеге келген. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын, Колумбия университетінің Халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебін бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1995-1996 жылдары Экономикалық ынтымақтастық ұйымы хатшылығының аудармашысы. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының эксперті. 2002-2004 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Гонконгтағы бас консулы. Қазір ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.