Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылы облыстық «Коммунизм туы» («Дидар») газетiнде корректорлықтан бастаған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін, «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында қызмет істеген. 1983–1985 жылдары М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Бұдан кейін Қазақстан телеарнасының жастар редакциясында, «Жазушы» баспасының сын редакциясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлiмiнiң қызметкерi, 1988–1991 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1991–1993 жылдары «Жас қазақ» газетінің Бас редакторы, 1993–1997 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінiң ЮНЕСКО iстерi және мәдени байланыстар басқармасында, 1997–2001 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінде бөлімдерді басқарған. 2001 жылдың басынан бері ҚР Үкiметiнің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі. 2002–2008 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, 2008 жылдан берi «Жұлдыз» журналының Бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
«Көздеріңе ғашықпын» (1974), «Жұлдыз жарығы» (1977), «Алтайдың алтын тамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Перевалы Алтая» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001), «Ахиллесова пята» (2003), «Қара пима» (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбiлхаят» (естелiктер, эсселер, 2009) кiтаптары, Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы (2006), Шығармалар жинағының 6 томдығы (2006–2009) жарық көрген.
Бірқатар өлеңдеріне сазгерлер ән жазды. «Заман-ай» өлеңi халықаралық антиядролық қозғалыстың гимнiне айналған. Республикалық жабық конкурстың жүлдегерi «Қара пима» поэмасы бойынша көркем фильм түсiрiлген. Өлеңдері көптеген халықтың тілдеріне аударылған.
Ұ.Есдәулет аударма саласында да өнiмдi еңбек етіп жүр. Ол үндi, түрiк, фин, африка, араб, украин, әзiрбайжан, қырғыз, моңғол, абхаз ақындарының жырларын, М.Лермонтов, А.Блок, Н.Рубцов шығармаларын қазақ тiлiне тәржiмалаған.
Қазақстан Журналистер академиясының толық мүше академигi, Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметтi академигi (2004), М.Әуезов атындағы Семей университетiнiң құрметтi профессоры (2007), Еуразия әдеби журналдары Конгресiнiң тұрақты кеңесiнiң мүшесi (2008).
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденімен (2001), Ресейдiң Есенин алтын медалiмен (2007), Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен (2007) марапатталған.
«Ақ керуен» атты өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1986), «Киіз кітап» жинағы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002) атанды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста