Тұрлыханова Марзия Айтбайқызы
Тұрлыханова Марзия Айтбайқызы 1940 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Аякөз қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Семей облысы, Аякөз ауданы Таскескен аулындағы «Ворошилов» атындағы орта мектепті бітірді. 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институттың математика мамандығы бойынша бітірді. Орта мектептің математика пәнінің мұғалімі. Үздіксіз ұстаздық еңбек стажы- 48 жыл.
1961-1987 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Үржар, Аякөз аудандарында орта мектептің математика пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болды.
1988 жылдан бастап Алматы қаласында № 41 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі, 1990 жылы осы мектептің оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, 1992 жылы № 41 аралас орта мектебі № 147 қазақ орта мектебіне ауыстырылып, сол мектептің директоры болды. 1994 жылы осы № 147 қазақ орта мектебінің жанынан бірінші рет өзі іргесін қалап ашқан жасөспірімдерге арналған №164 көп салалы қазақ гимназиясының директоры қызметін атқарды. 1998 жылдан бастап өз алдына жеке Білім мекемесі «Болашақ» арнайы мамандандырылған қазақ орта мектебін ашып, соның Бас директоры болды.
Мектептің дамуындағы басты бағыттардың бірі-жаңа ақпараттық технологияны оқу үрдісіне енгізу. Сондықтан, алдыңғы қатарлы ақпараттық орталық Ресейдің «Білім» қоғамымен байланыс жасап, ағылшын, қазақ тілі, математика пәндерін тереңдетіп оқытуды бастады.
Мектепке сертификаттандырылған арнайы курстар «Хатшы-референт», «Шағын кәсіпорын бухгалтері» мамандықтарына үйрететін лицензия табыс етілді.
Оқушылар тарих, физика, ағылшын, информатика, химия пәндеріне арналған мультимедиялық бағдарламалар бойынша жан-жақты білім алуда Оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіші- олимпиада қорытындысы.
200-2007 жылдар арасында аудандық олимпиадада -42, қалалық олимпиадада – 14, республикалық олимпиадада – 6 оқушы жүлделі орын алды. Республикалық, халықаралық ірі спорт жарыстарында Еуропа кубогының иегері (2001), Кореяда өткен (2003) таэквандо жарысының иегерлері де осы мектеп түлектері.
Жүйелі жұмыстарының нәтижесінде жекеменшік мектептердің арасындағы «Таңдаулы мектеп - 2000» байқауында орын алды. «Болашақтың» шығар шыңы әлі алда!
Марзия Айтбайкызы сіңірген еңбегі үшін мынадай марапаттарға ие:
ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы бойынша өмірге 10 бала әкеліп тәрбиелегені үшін «Батыр ана» атағы берілген. Орден № 242781, 30 наурыз, 1977 жыл.
Қазақ ССР Оқу Министрінің бұйрығы бойынша «Аға мұғалім» деген атақ берілді. 23 маусым, 1983 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 30 қыркүйек, 1992 жыл.
Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Грамотасымен марапатталды. 30 қыркүйек, 1994 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Білім және педагогика ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталды. 15 ақпан, 1995 жыл.
Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт Министрлігінің «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталды. 23 қыркүйек, 1998 жыл.
Қазақстан Халықтар «Экология» Академиясы осы Академияның академигі етіп сайлады.27 қыркүйек, 1999 жыл.
Алматы Абай атындағы Мемлекеттік Университетінің Диссертациялық Кеңесінің шешімі бойынша, «Педагогика ғылымының кандидаты» ғылыми атағы, дипломы берілді. 28 желтоқсан, 2000 жыл.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 3 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. «10» қыркүйек, 2002 жыл.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың «7» желтоқсанындағы Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен марапатталды. Орден № 1042.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың «6» шілдесіндегі жарлығы бойынша «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.
Абай атындағы Мемлекеттік Универсиететінің 2005 жылдың 22 сәуіріндегі Ғылыми Кеңесінде Педагогика мамандығы бойынша осы Университеттің «Профессор» ғылыми атағы берілді. 22 сәуір, 2005 жыл.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 25 тамызындағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін « Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды.
Марзия Айтбайқызы ғылыми еңбектер мен басылымдардың авторы ретінде белгілі:
«Туынды» және «Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы» тақырыптарын даралап оқыту.Әдістемелік құралда жоғарғы сынып оқушыларына даралап оқыту әдістемесінің жолдары берілген. 1998 жыл.
«Анализ бастамалары». Оқу құралы. Алматы, «Білім», 2000 жыл. Оқу құралында орта мектептің «Алебра және анализ бастамалары» бағдарламасының нақты сандар функциясы, диференциалдық есептеу, интегралдық есептеулер, диференциалдық теңдеулер бөлімдері қарастырылған. Кітап орта мектеп, лицей, гимназия, колледждер, педагогикалық институттардың фихзика-математика факультеттерінің студенттеріне, математиканы күнделікті бағдарламамен оқытатын орта білім беретін оқу орындарының оқушыларына аналған.
«Функцияның туындысы мен диференциалы». Құрал орта мектептердің, гимназиялардың және басқа да орта білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен оқушыларына арналған. 2003 жыл.