Тұрлыбек Мәмесейіт

Тұрлыбек Мәмесейіт 1949 жылы 17 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданында Хантәңірі қойнауындағы Текес ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жетісу» газетінде, 1977-1995 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып істеді. 1996-1998 жылдары «Өнер» баспасында бас редактор, 1998–1999 жылдары «Рауан» баспасында жетекші редактор болып қызмет атқарды. 1999-2001 жылдары «Атамұра» корпорациясында редактор, 2001-2008 жылдары Астанадағы «Елорда» баспасында Бас редактор болып қызмет істеген. 2008 жылдан Астана-Полиграфия АҚ Баспа басқармасының Бас редакторы.

«Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар» атты әдеби сын, «Беторамал», «Түсіме тау кіреді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулиешоқы», «Тектінің кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым» атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, «Таңжарық» романының авторы. Кейбір шығармалары қырғыз, түрікмен, орыс, қытай тілдеріне аударылды. «Тауда өскен ұл» повесі баспа комитеті мен «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде сыйлыққа ие болған. «Егіз елдің әуені», «Шерхан Мұртаза» атты зерттеу еңбектерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты. 
Соңғы жылдары М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында «Бәкей қыз» атты драмасы сахналанды.
1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болса, 2000 жылы «Әулиешоқы» атты повестер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста