Төреғали Тәшенов

Төреғали Тәшенов

Төреғали Тәшенов 1962 жылы 23 ақпанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанға қарасты Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Шолаққорғандағы қазіргі Тәкен Әлімқұлов атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Созақ ауданының Калинин атындағы совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980–1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын атқарған. 1983 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы сырттай бітірген. 1987–1988 жылдары Созақ ауданындағы Ж.Жабаев атындағы сегіз жылдық мектепте, 1988–1991 жылдары Жартытөбе ауылындағы қазіргі Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектепте мұғалім болған. 1991–2000 жылдары Жамбыл облысының Жаңатас қаласында мектеп мұғалімі, «Қаратау кеншісі» газетінде тілші болып қызмет атқарған.
2001 жылдан бастап Алматы қаласында тұрады. «Қазақ елі», «Қазақстан-Заман» газеттерінде бөлім редакторы болып еңбек еткен. 2004 жылдан қазірге дейін «Айқын» республикалық қоғамдық саяси газетінде журналист болып істейді.
2000 жылы «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Қазақстан әдебиеті – 2000» байқауының жеңімпазы. 2003 жылы «Жұлдыз» журналы мен Халықаралық Нәзір қоры Алаш ардагері Нәзір Төреқұловтың 110 жылдығына орай ұйымдастырған республикалық мүшәйраның жүлдегері.
Шығармалары: Аққудың қауырсыны. Өлеңдер. А., 1997; Жауратқан – жапырақтың көлеңкесі. Өлеңдер мен балладалар. А., «Өнер», 2008.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста