Тоқтарбай Қадамбаев 1944 жылы 13 шілдеде Қостанай облысы Қостанай ауданының Ақсу кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Дәнекенов Қадамбай, марқұм, жұмысшы болған. Ана-сы - Дәнекенова Зейнеп, марқұм, сауыншы болып жұмыс істеген. Қостанай ауыл шару-ашылығы институтын (1980) зооинженер мамандығы бойынша; Апматы Жоғары партия мектебін (1985) саясаттанушы мамандығы бойынша; Қостанай мемлекеттік универси-тетінің заң факультетін (1996) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымда-рының кандидаты (1999). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Өнеркәсіптегі муліктерді басқару». Халықаралық ақпараттандыру академиясының мушесі-корреспонденті (1997). «Нарықтық экономиканы ұйымдастыру» оқулығының (1996), «Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы муліктерді басқару» (Қостанай облысының өнеркәсіптік қуатының үлгілері бойынша) (1999) монографиясының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. КОКП (1966-1991 жылдары), «Нұр Отан» ХДП (2002 жылдан) мүшесі. 1963 жыл-дың қыркүйегінен - Қостанай облысының Тарановский ауданындағы Алғабас кенті ба-стауыш мектебінің мұғалімі. 1963 жылдың қарашасынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1966 жылдан - Қостанай облысының «Викторовский» кеңшары комсомол ұйы-мының хатшысы. 1969 жылдан - Қостанай облысы «Қайраңкөл» кеңшарының жұмысшы-лар комитетінің төрағасы, партия ұйымының хатшысы. 1975 жылдан Қостанай облысы-ның «Колос» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1977 жылдан - Қазақстан Компарти-ясы Тарановский аудандық партия комитетініңхатшысы. 1983 жылдан-Қазақстан Компар-тиясы Тарановский аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1986 жылдан - Орджоникидзе аудандық атқару Халық депутаттары кеңесініңтөрағасы. 1991 жылдан - Қостанай облысы-ның мемлекеттік мүлік бойынша аумақтық комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - Қостанай облысы әкімшілік басшысының орынбасары, Қостанай облысының мемлекеттік мүлік бойынша аумақтық комитетінің төрағасы. 1995 жылдан - Қостанай облысының әкімі. 1999 жылдың сәуірінен тамызына дейін - Қостанай облысы бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы. 2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік сатып алулар женіндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 2005 жылдан - ҚР Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқармасының бастағы. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша 4-ші шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Қостанай облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1986 -1990).
«Құрмет белгісі» (1975, 1980), «Құрмет» (2001) ордендерімен; «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісіне жиырма жыл» (1965), «Тың жерлерді игергені үшін» (1968, 1984), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен ма-рапатталған.
Әскери атағы - запастағы полковник.
Діни көзқарасы - «Дінге құрметпен қараймын».
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан болашағы туралы болжамы - «ҚР-ның экономика жағынан гүлденіп, демокра-тиялық сипаты қайта жаңара беретініне сенемін».
Тоқтарбай Қадамбаев
Последние статьи автора