Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов
Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов 1965 жылы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Черновая ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры. Өскемен педагогикалық институтын бітіріп (1990), сонда машықтанушы, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 2010 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтытын тәмамдады. Үш жоғары білімі бар, «тарих, қоғамтану және кеңестік құқық мұғалімі», «құқық» және «экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша білім алған, заң ғылым кандидаты.
2000 – 2007 жылдары ҚР мемлекеттік қызмет ісі агенттігі басқармасында (Шығыс Қазақстан облысы бойынша) Тәртіп кеңесінің төрағасы. 2007 жылы сол агенттікте Ақмола облысы бойынша Тәртіп кеңесінің төрағасы. 2011 жылы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңесінің төрағасы. Қазір ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің меңгеруші.
Құқық реформасы және мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған жиырмадан ғылыми еңбектің авторы.