Төлеубеков Қонысбай Қойшыбайұлы
Қонысбай Қойшыбайұлы Төлеубеков 1956 жылы 2 ақпанда Семей облысы Үржар ауданы Науалы ауылында тұған.
1980 жылы Семей зооветеринар институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1980 жылы Үржар ауданы Науалы аулындағы Ленин атындағы колхозда мал дәрігері ретінде бастады.
1981 – 1995 жылдары ХХ съезд КПСС атындағы колхозда бас мал дәрігері, аудандық сақтандыру инспекциясының бастығы, ХХ съезд КПСС атындағы колхоз басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.
1996 – 2008 жылдар аралығында Мақаншы ауданының әкімі, Үржар ауданы әкімінің орынбасары, Абай және Күршім аудандарының әкімі, облыстың мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
2008 жылдың мамыр айынан бастап – Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.
2009 жылғы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бастығы болып тағайындалды.