Төлеубек Нығметұлы Әлпиев
Төлеубек Нығметұлы Әлпиев 1948 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. Мәскеу консерваториясы жанындағы Музыкалық училищені және Алматы консерваториясын бітірген. 1977-1985 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің әртісі. 1985-1988 жылдары - «Қазақконцерт» бірлесігі директорының орынбасары, директоры. 1988-1989 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры және көркемдік жетекшісі. 1989-1992 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары. 1995-2000 жылдары Мәдениет комитетінің халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры. 2000-2013 жылдары К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының (Астана қаласы) директоры. 2013-2014 жылдары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары. 2014 жылдың қараша айында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» және орденімен марапатталған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу