Төлеген Жұматұлы Бозжанов 1974 жылы 11 ақпанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1993) физика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік құрылыс академиясын (1994) экономист мамандығы бойынша; Ұлыбританиядағы Warwick университетін (1997) экономика ғылымдарының бакалавры дәрежесінде бітірген. 1997 жылдан «Қазақстан халықтық жинақ банкі» АБ құрылымдық қаржыландыру департаментінің жетекші банкирі. 1998 жылдан - Казкоммерцсекьюритиз» ААҚ басқарушы директоры. 2002 жылдан - «Кар-Тел» ЖШС-нің сату жөніндегі директоры, бас директорының орынбасары. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ активтерді басқару департаментінің директоры, атқарушы директоры. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі АҚ бас директоры. 2008 жылдан - «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ вице-президенті, 2009 жылдан - корпоративтік орталықтың басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2010 жылдан бері – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
Төлеген Жұматұлы Бозжанов
Последние статьи автора