Төлеген Жанғалиев 1950 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Семей пединститутын, 1982 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1982-1999 жылдары Абай аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, аудан әкімінің орынбасары болып қызымет атқарған.
Жыр топтамасы алғаш рет республика жас ақындарының «Қарлығаш» (1978), сонан соң «Сыр сапар» (1980), «Тоғыз перне» (1981) атты ұжымдық жинақтарында жарияланды.
«Жүрегім сөйлеп тұрғанда» (Өлеңдер. А., «Жалын», 1982), «Шыңғыстау шындығы» (Өлеңдер А., «Жалын», 1993), «Оңалған ойдың сәулесі» (Өлеңдер. А., «Дәуір», 1996), «Біз жұмаққа бармаймыз» (Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Атамұра», 1988), «Атом мен ақын» (Өлеңдер. А., «Қанағат», 1999), «Баба жайлы балладалар» (Балладалар. Новосібір, «Современник», 2001) кiтаптарының авторы.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық Жамбыл қорының лауреаты. Жас ақындардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1978), Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1996) лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.
Басылым беттерінде:
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер Саят; Жұмашева Қайырниса. - Алматы : Анарыс, 2009. – Б. 159.
Жанғалиев Т. Меценат Медғат // Семей таңы. - 2009. - 28 мамыр. - Б. 9.
Жанғалиев Т. Менің мұғалімім [Мәтін] : [Кәмен Оразалин туралы] // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 наурыз. - Б. 12.
Жанғалиев Т. Қайран менің қайраулы қызыл тілім... [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 22 сәуір. - Б. 11.
Жанғалиев Т. Меллат [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2009. - 13 мамыр. - Б. 10.
Жанғалиев Т. Апыр-ай, алпыс деген мына жас па? [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 ақпан. - Б. 18.
Жанғалиев Т. Нұрлы ту [Мәтін] // Семей таңы. - 2011. - 5 сәуір. - Б. 1.
Махметов С. Ақын [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2010. - 27 қаңтар. - Б. 12.