Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков

Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков 1953 жылы 13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Медицина  ғылымдарының докторы, профессор. 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина интитутын емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетін заңгер - құқықтанушы мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетін экономист - менеджер мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудағы жаңа экономикалық қатынастардың теориялық негіздері мен практикасы» деген тақырыпта диссертациясын қорғады. 160-тан астам ғылыми жұмыс, 17 әдістемелік нұсқау, 5 монография, 5 оқу құралының аваторы. 
1972-1990 жылдары цехтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, Шығыс  Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында «Лениногорсксвинецстрой» тресі медсанбөлімінің бас дәрігері болды. 1994-1997 жылдары - Алматы қаласында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі төтенше және медикобиологиялық мәселелер бас басқармасы бастығы, Жезқазған облысы денсаулық сақтау департаменті бастығы, Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің төрағасы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының әлеуметтік жұмыс бойынша басқармасы бастығы.  2007 жылы - Семей мемлекеттік медицина академиясы ректоры. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Комитеті Төрағасы орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әлеуметтік саясат және адами құқықтар бойынша комиссия төрағасының орынбасары, жұмыспен қамтуға көмек көрсету Республикалық Қорының тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды. АҚШ-та тағылымдамадан өтті «Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру» (1995 ж.), «Аурухана мекемелерін басқару» жөніндегі АҚШ (1997 ж.), Ресейде, Түркияда, АҚШ, Испанияда, Германияда және басқа мемлекеттерде семинарларға қатысты. Көп жылғы табысты еңбегі үшін «Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «ҚР Парламентінің 10 жылдығына», «Саяхат пен спортты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» саяхат және спорт министрлігінің белгісімен марапатталды, «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының құрметті азаматы», «ҚР еңбек сіңірген қайраткер».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста