Тимур Нұрбақытұлы Бекмамбетoв 1961 жылғы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика Иститутында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды.
Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы-суретші болудан бастаған. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы "театр және кино суреткері" болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты актерi болды. Ашхабадта әскер қатарында қызмет етті. "Ильхом" театрында және "Өзбекфильм" киностудиясында суретші болып қызмет істеді.
1989 жылы "Кредит Москва" банкіне жарнамалық сюжетін даярлады. 1989-1990 жылдары “Даттана” франциялық компаниясымен “Арал теңізі” көркем фильмінің жобасында қызмет атқарды. 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен киносыншылардың Кинотаврдегі арнайы сыйлығын иеленген “Пешаварский вальс” толық метражды фильмі сценарийінің авторы және режисері болды. 1994 жылы Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс пен актерлік құрамның жүлдесіне ие болды. Менатеп банкінің жарнамалық бейнебаяндарының авторы. 1994 жылы Михаил Лесиный, "Видео Интернешнл" компаниясының жетекшісі арқылы Сергей Родинов, "Империал" банкінің президентімен танысады. 1992-1997 жылдар аралығында Cергей Родиновтың тапсырысы бойынша 20 жарнамалық ролик түсірді және түсірген жарнама роликтері кейін оны аудиторияға кеңінен танымал етті. 2002 жылы "Сэлдом”, “Пепси”, “Славянский” банкілері туралы жарнамалар түсірген. “Риал рекордс” компаниясы тапсырысы бойынша Юлия Чичеринамен бірлесіп 3 музыкалық “Ту-лу-ла”, “Жара”, “Дорога” клиптерін түсірді. “Жара” клипі Ресей кино академиясының арнайы жүлдесіне ие болып, “MTV Music Awards-2000” номинациясына ұсынылды. РТР телеканалының тапсырысы бойынша сегіз сериялық теледидарлық "Наши 90-e" атты көркем фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін "Гладиатрикс" фильмін түсіруге шақырылды. Түсірілу Ресейде басқарылды, фильм 2001 жылы экрандарда жарық көрді. 2002 жылы "ГАЗ-русские машины" атты фильмін түсірді.
2004-2005 жылдары оның атағын шығарған Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голливудқа шақырылған болатын.
Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.
2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері.
2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Тимур Бекмамбетов Астанада өткен 5- халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.
"Империал фильм" ЖАҚ-ның, "ТАББАК" киностудиясының және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.
Тимур Нұрбақытұлы Бекмамбетoв
Последние статьи автора