Тілеухан Самарханұлы Қабдырахманов 1945 жылы 29 сәуірде Семей облысы Жаңасемей ауданы Тереңқұдық ауылында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін, КСРО Министрлер кеңесінің халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған. Дипломатия ардагері, Төтенше және өкілетті елші, Мемлекет қайраткері.
Еңбек жолын 1963 жылы слесарь-құрастырушы болып бастаған.
1973-1991 жылдар аралығында Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау саласында экономист, аға инженер, бас маман, бөлім бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы болып қызмет етті.
1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарды. 1996-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Жапониядаға Төтенше және Өкілетті елшісі. 2003-2006 жылдары Өзбекстан Республикасында Төтенше және Өкілетті. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Литва Республикасы мен Эстония Республикасында және Финляндия Республикасында Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.
Тілеухан Самарханұлы Қабдырахманов
Последние статьи автора