Тілектес Исабайұлы Есполов

Тілектес Исабайұлы Есполов 1952 жылы 15 маусымда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында (Михайловка) дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетіне оқуға түсті. 1978 жылы осы институтты инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Өзінің еңбек жолын 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра ассистентінен бастады, комсомол және партия комитеттерінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1981 жылдары Мәскеу қаласындағы А.Н.Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін сәтті қорғап шыққаннан кейін 1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты сумен қамтамасыз ету және суландыру жөніндегі салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, оқытушысы және доценті, Алматы индустриалдық колледжінің директоры (1993 жылы), одан кейін Алматы индустриалды-педагогикалық академиясының ректоры болып қызмет атқарды. 1997 жылы экономика ғылымдары жөнінде докторлық диссертациясын қорғады. Бір жылдан кейін профессорлық ғылыми атағын алды. 2001 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры қызметін атқарады. 2003 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы Академиясының Вице-президенті болып сайланды. 2004 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Аграрлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы және Құрметті академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей ауылшаруашылық академиясының академигі, Халықаралық Жоғары мектеп академиясының академигі, 2008 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды.
2001 жылдан Қазақстан жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, Әлемдік аграрлық жоғары оқу орындарының Жаһандық Консорциум атқарушы комитетінің мүшесі, ТМД елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласында ынтымақтастық бойынша Кеңестің мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдар саласында мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы конкурстық комиссия мүшесі, докторлық диссертация қорғау бойынша Диссертациялық Кеңестің төрағасы қызметтерін атқарады.
Қазіргі уақытта IV шақырылған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, ғылым, білім, мәдениет және спорт сауалдары жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, «Нұр Отан» ХДП-сының Алматы қалалық мәслихатының депутаттық фракциясының жетекшісі.
Өзінің қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметінде сіңірген еңбегіне төмендегі марапттарға ие болды: КСРО ХШЖК-нің медалі (1988 ж.), «КСРО өнертапқышы» медалі (1989 ж.), «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1995 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», (1998 ж.) А.Г.Небольсин атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты (2004 ж.), «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» (2005 ж.), «Қазақстанның құрметті мәдениет қайраткері» (2005 ж.), «Парасат» ордені, (2005 ж.), Құқық қорғау және қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері Ресей Академиясының Ломоносов ордені, (2005 ж.), «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2006ж.), Ы.Алтынсарин атындағы медалі (2006 ж.), «Жылдың үздік ректоры» («Жасыл ел» және студенттік құрылысы отрядтарын қалыптастыру жөніндегі белсенді жұмысы үшін (2007ж.), ҚР Сенат Парламентінің Құрмет грамотасы (2007 ж.), «ҚР-ның ғылымын дамыту үшін» төсбелгісі (2007ж.), «Астана қаласына 10 жыл» медалі (2008ж.), «Нұр Отан» партиясына 10 жыл» медалі, «Белсенді еңбегі үшін» (2008 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2010 ж.), сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің, Белоруссия мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының, К.И. Скрябин атындағы Қырғызстанның аграрлық университетінің, Әзірбайжан ауылшаруашылық академиясының, Молдова Мемлекеттік аграрлық университетінің, Украинаның Ұлттық биоресустар мен табиғи пайдалану университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста