Темірғали Оразғалиұлы Есембеков 1953 жылы 20 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Филология ғылымының докторы, профессор.
Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология факультетінің деканы болған. 1991-1999 жылдары - Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі. 1999-2000 жылдары - Солтүстік Қазақстан университетінің кафедра меңгерушісі. 2000 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры болып істейді. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері әдебиет теориясына, әдеби ізденістердің методологиясы мәселелеріне арналған. 10-нан аса халықаралық конференцияға қатысқан. 3 ғылыми монографияның, 12 оқу құралының, 200-ден аса ғылыми мақаланың авторы, ғылыми зерттеулерінің нәтижелері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Греция, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанның басты ғылыми журналдарында жарық көрген.
Темірғали Оразғалиұлы Есембеков
Последние статьи автора